2025 жылдың қараша айында «Бал текстиль» кәсіпорынның жұмыс берушілермен кездесу
background

2025 жылдың қараша айында «Бал текстиль» кәсіпорынның жұмыс берушілермен кездесу

2025-10-20

Mediathek / News / 2025 жылдың қараша айында «Бал текстиль» кәсіпорынның жұмыс берушілермен кездесу

2025 жылдың қараша айында  «Бал текстиль» кәсіпорынның жұмыс берушілермен кездесу және 6В04101 – «Есеп және аудит», 6В04102 - «Қаржы 6В04103 - «Экономика», 6В04105 -«Мемлекеттік және жергілікті басқару» және магистратура 7М04101 -  «Экономика», 7М04105 -  ««Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламалары бойынша студенттерді дуальды оқыту  ұйымдастырылды.

Жұмыс берушілермен кездесу студенттерімізге өндірістік және диплом алды практикадан өтуге және 2026-2027 оқу жылына арналған білім беру бағдарламаларын жаңартуға, сондай-ақ дуальды оқытуға мүмкіндік береді.

Кездесудің мақсаты - жұмыс берушілермен білім беру бағдарламаларын бірлесіп әзірлеу, мамандарды даярлау стратегиясы үшін еңбек нарығын талдау және болжау, білім беру бағдарламаларын жетілдіру үшін жұмыс берушілермен бірлесіп жұмыс істеу, студенттерге дуальды оқыту өндірісінде мүмкіндік беру, мамандықтар бойынша жұмыс берушілердің бос жұмыс орындарының базасына қол жеткізу.

Біздің университетте дуальды оқыту жүзеге асырылады, практикалық білім мен дағдыларды алу үшін кәсіпорында студенттерге оқыту үшін жеке аудиториялары бөлінген, сондай-ақ жұмыс берушілер оқу үдерісіне өздерінің тәжірибелік тәжірибесін енгізуде.