🩺 СТУДЕНТ ЖАСТАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІ – УНИВЕРСИТЕТТІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТЫ
background

🩺 СТУДЕНТ ЖАСТАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІ – УНИВЕРСИТЕТТІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТЫ

2026-02-10

Mediathek / News / 🩺 СТУДЕНТ ЖАСТАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІ – УНИВЕРСИТЕТТІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТЫ

СТУДЕНТ ЖАСТАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІ – УНИВЕРСИТЕТТІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТЫ
Ташенев университетінде университеттің медициналық қызметкерлері ұйымдастырған студент жастармен кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Шараға әртүрлі курс студенттері қатысып, жастардың физикалық, репродуктивтік және психологиялық денсаулығын сақтау, сондай-ақ қауіптің алдын алу мәселелері жан-жақты талқыланды.
Кездесу университеттің денсаулықты сақтау саясаты аясында ұйымдастырылып, студенттермен ашық диалог форматында өтті. Мамандар теориялық ақпаратпен қатар, өмірлік маңызды практикалық кеңестер беріп, күрделі жағдайларда қайда және қалай көмек алуға болатынын түсіндірді.
Кездесу барысында келесі тақырыптар қамтылды:
🔹 «Қыз тәрбиесі – ұлт болашағы және ерте жүктіліктің алдын алу»
🔹 «Жеке бастың гигиенасы»
🔹 «Нашақорлық, еліктеушілік пен құмар ойындарынан сақтау және оларға психологиялық қолдау көрсету»
🔹 «Суицидтің алдын алу»
🔹 «Дұрыс әрі тиімді тамақтану»
Шараның негізгі ұйымдастырушысы – университеттің аға мейірбикесі Доскараева Меруерт Қанатбаевна студенттер денсаулығын қорғау бағытындағы жүйелі жұмыстың маңыздылығын атап өтті.
💬 АҒА МЕЙІРБИКЕНІҢ ПІКІРІ:
«Біздің басты мақсатымыз – студенттерге тек медициналық ақпарат беру емес, олардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру. Осындай кездесулер жастардың қауіптің алдын алуына, өз мәселелерімен жалғыз қалмауына мүмкіндік береді», – деді Университеттің аға мейірбикесі Меруерт Қанатбаевна Доскараева.
Сонымен қатар, кездесуде дәрігерлер жастардың сұрақтарына жауап беріп, медициналық және психологиялық көмектің қолжетімді екенін ерекше атап өтті.
💬 ДӘРІГЕРДІҢ ПІКІРІ:
«Аурудың алдын алу – ең тиімді ем. Студенттік кезеңде қалыптасқан дұрыс әдеттер адамның бүкіл өміріне әсер етеді», – деді жалпы тәжірибелі дәрігер Мухлиса Бахтияровна Примкулова.
Ташенев университеті студенттерге қауіпсіз, қолдаушы және денсаулыққа бағытталған білім беру ортасын қалыптастыруды басты басымдықтарының бірі ретінде жалғастыра береді. Мұндай ақпараттық кездесулер алдағы уақытта да жүйелі түрде өткізілетін болады.