Open lesson
2025-12-28
АШЫҚ САБАҚ
«Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университет» АҚ
«Педагогикалық және гуманитрлық білім беру» факультеті
«Гуманитарлық ғылымдар» кафедрасы
т.ғ.к. аға оқытушы Мейрбеков М.Б. "Қазақ халқының қалыптасуы мен Қазақ хандығының құрылуы" тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Білім алушылардың назарын сабаққа аударып, Қазақ халқының қалыптасуы. «Қазақ» атауының шығуы және қазақ жүздері. Қазақстанның этникалық тарихы да Орталық Азияның барлық аймақтарындағыдай өте күрделі. Ғасырлар бойы бұл аймақта да көптеген халықтар мен тайпалар тағдыры тоғысып, небір тарихи оқиғалар өтті. Олар туралы шығыс және европа халықтарының тілдерінде жазылған деректер де баршылық. Шығыстанушылардың бірнеше ұрпақтары да этникалық тарихты зерттеумен айналысып, көп еңбек сіңірді деп таныстырды. Дәрістің өтілу жоспарымен студенттерге құнды ақпараттар ұсынылып, сұрақтарға белсенді жауап берілді. Студенттер дәріс барысында оқытушымен бірігіп тақырыпты егжей-тегжей талқылады.
Ашық сабаққа кафедраның ғылым магистрі, аға оқытушылар Абилова Алия Конысбаевна, Таубаев Сейтхан Сазаханұлы, Жузжасарова Ахмарал Аймаханбектқызы қатысты. «Қазақ халқының қалыптасуы мен Қазақ хандығының құрылуы» тақырыбында жаңа ақпараттар мен фактілер айтылды. Дәріс барысында оқу әдістемелік құрал жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер, плакат, презентация, ноутбук, интерактивті тақтамен жұмыс жасалды. Дәріске студенттер белсене қатысып қызығушылығын оятып, түрлі әдіс – тәсілдерді қолдана білген Мейрбеков М.Б. дәрісті жоғары деңгейде өткізді. Шығармашыл оқытушы екенін тағы да бір дәлелдеді. Алдағы уақытта тек ізденістер, биік белестер тілейміз!

