TASHENEV UNIVERSITY 5 ЖЫЛҒА БАҒДАРЛАМАЛЫҚ АККРЕДИТАЦИЯДАН ӨТТІ
2025-12-19
Tashenev University (Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университет) 5 жыл мерзімге бағдарламалық аккредитациядан 15 білім беру бағдарламалары сәтті өтті.
Тиісті шешім 2025 жылғы 13 желтоқсанда Білім сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Тәуелсіз агенттіктің (IQAA) Аккредитациялық кеңесінің отырысында қабылданды.
Аккредитация нәтижесінде университеттің келесі білім беру бағдарламалары 5 жыл мерзімге аккредиттелді:
«6B01504 – Химия мұғалімдерін даярлау»,
«6B01505 – Биология мұғалімдерін даярлау»,
«6B01501 – Математика мұғалімдерін даярлау»,
«6B01501 – Биология»,
«7M01101 – Педагогика және психология»,
«7M01301 – Педагогика, бастауыш оқытудың әдістемесі»,
«7M01601 – Тарих педагогтерін даярлау»,
«6B01703 – Шетел тілі мұғалімдерін даярлау: екі шетел тілі»,
«7M01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті педагогтерін даярлау»,
«6B06101 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»,
«6B06112 – Информатика»,
«6B01403 – Көркем еңбек және сызу пәні мұғалімдерін даярлау»,
«6B02101 – Дизайн»,
«7M04101 – Экономика»,
«6B04201 – Құқықтану».
Бағдарламалық аккредитация — білім беру бағдарламаларының сапасын тәуелсіз бағалауға бағытталған кешенді рәсім. Аккредитациялау барысында оқу жоспарларының мазмұны, профессор-оқытушылар құрамының әлеуеті, материалдық-техникалық база, білім алушылардың оқу нәтижелері және еңбек нарығы талаптарына сәйкестік жан-жақты сарапталады. Бағалау үдерісіне тәуелсіз отандық және халықаралық сарапшылар, академиялық қауымдастық пен жұмыс берушілер өкілдері қатысады.
Білім сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Тәуелсіз агенттік (IQAA) — жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беру бағдарламаларын бағалаумен айналысатын, ұлттық және халықаралық деңгейде танылған аккредитациялық ұйым.
5 жылдық бағдарламалық аккредитациядан өту Tashenev University-дің білім беру сапасының тұрақтылығын, бағдарламалардың заманауи талаптарға сәйкестігін және университеттің академиялық даму мен сапа қағидаттарына берік екенін айғақтайды.





