ҒАЛАМТОР ДІНИ ҰСТАЗ ЕМЕС
background

ҒАЛАМТОР ДІНИ ҰСТАЗ ЕМЕС

2025-11-17

Mediathek / News / ҒАЛАМТОР ДІНИ ҰСТАЗ ЕМЕС

2025 оқу жылының 17 қараша күні Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Ғаламтор діни ұстаз емес» тақырыбында жастарға арналған мазмұнды кездесу өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – интернеттегі шынайы және жалған діни ақпаратты ажырата білуге үйрету, жастардың діни сауаттылығын арттыру, дүниетанымында сындарлы көзқарас қалыптастыру және деструктивті діни ағымдардың ықпалынан қорғау болды.
Кездесу барысында мамандар онлайн кеңістікте таралатын радикалды және манипуляциялық контенттің тәсілдерін түсіндіріп, діни ақпаратты тек ресми, беделді көздерден алу қажеттігін атап өтті. Студенттер өздерін толғандырған сұрақтарды қойып, нақты әрі дәлелді жауаптар алды.
Университет Жастар орталығының жетекшісі Нұрай Жақабай жастарға арналған профилактиканың маңызын ерекше атап өтті:
«Қазіргі ақпараттық дәуірде кез келген адам онлайн ұстазға айналып шыға келеді. Бірақ жастар түсінуі тиіс: ғаламтор – білім көзі болғанымен, ол діни ұстаз бола алмайды. Біз жастарды тексерілмеген ақпаратқа сенбеуге, діни мәселеде тек ресми және сенімді дереккөздерге сүйенуге үйретуіміз керек. Саналы, зерделі жас – елдің ең үлкен күші», – деді ол.
Кездесу жастар арасында ақпараттық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және елдік бірлік пен қоғамдық тұрақтылықты нығайтуға өз үлесін қосты.