 
        AMERICAN CORNER & MAKERSPACE SHYMKENT ӨКІЛДЕРІМЕН СЕМИНАР TASHENEV UNIVERSITY-ДЕ ӨТТІ
2025-10-02
 Mediathek / News / AMERICAN CORNER & MAKERSPACE SHYMKENT ӨКІЛДЕРІМЕН СЕМИНАР TASHENEV UNIVERSITY-ДЕ ӨТТІ 
Tashenev University-де Халықаралық байланыстар департаменті мен Әлем тілдері кафедрасының бастамасымен ерекше мазмұнды кездесу өтті. Іс-шараға American Corner & Makerspace Shymkent өкілдері келіп, студенттермен және оқытушылармен тәжірибе алмасты.
Семинардың арнайы қонағы – АҚШ-тан келген ағылшын тілі маманы Ehab Khalaf болды. Ол студенттерге тіл үйренудегі заманауи тәсілдер мен жаңа мүмкіндіктерді таныстырып:
«Ағылшын тілін меңгеру – тек кәсіби табысқа жол ашпайды, ол жаңа мәдениеттерді тануға, ой-өрісті кеңейтуге мүмкіндік береді. Ең бастысы – үздіксіз ізденіс пен батыл қадам», – деп атап өтті.
Кездесу барысында Элина Қадырова мен Айжан жастарға Makerspace Shymkent жобасын таныстырды.
«Makerspace – бұл жай ғана шығармашылық орта емес, ол студенттердің жаңа идеяларын жүзеге асыратын алаң. Мұнда әрбір жас өз қиялын шындыққа айналдыра алады», – деді Элина Қадырова.
Студенттерді ерекше баураған сәттердің бірі – зияткерлік ойын Brain Battle болды. Қатысушылар өздерінің білімін, жылдам ойлау қабілетін және командалық рухын көрсетті.
«Бұл ойын бізге тек білімімізді сынап қана қойған жоқ, сонымен бірге бір-бірімізді жақынырақ тануға мүмкіндік берді», – деді шараға қатысқан студенттердің бірі.
 Семинар университет өміріндегі маңызды оқиғаға айналып, студенттер мен оқытушыларға жаңа мүмкіндіктер ашты. Ол тек тіл үйрену мен шығармашылық бағытта ғана емес, сонымен қатар халықаралық ынтымақтастықты дамытуда да жаңа серпін берді.
 Семинар университет өміріндегі маңызды оқиғаға айналып, студенттер мен оқытушыларға жаңа мүмкіндіктер ашты. Ол тек тіл үйрену мен шығармашылық бағытта ғана емес, сонымен қатар халықаралық ынтымақтастықты дамытуда да жаңа серпін берді.


