Бүгін Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының Генетика және өсімдіктердің эксперименттік биологиясы институтымен жасалған ынтымақтастық туралы келісімшарт аясында аталған институттың кіші ғылыми қызметкері Абдушукирова Сохиба Камоловна
background

Бүгін Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының Генетика және өсімдіктердің эксперименттік биологиясы институтымен жасалған ынтымақтастық туралы келісімшарт аясында аталған институттың кіші ғылыми қызметкері Абдушукирова Сохиба Камоловна

2026-10-20

Mediathek / News / Бүгін Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының Генетика және өсімдіктердің эксперименттік биологиясы институтымен жасалған ынтымақтастық туралы келісімшарт аясында аталған институттың кіші ғылыми қызметкері Абдушукирова Сохиба Камоловна

Бүгін Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының Генетика және өсімдіктердің эксперименттік биологиясы институтымен жасалған ынтымақтастық туралы келісімшарт аясында аталған институттың кіші ғылыми қызметкері Абдушукирова Сохиба Камоловна 2026 жылғы 19–23 қазан аралығында ғылыми тағылымдамадан өту және кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында Ж.А. Тәшенев атындағы университеттің Жаратылыстану ғылымдары факультетіне келді.

Ғылыми тағылымдаманың негізгі мақсаты – университеттің жетекші әрі білікті ғалымдарымен ғылыми-әдістемелік кеңестер өткізу, заманауи зерттеу әдістері мен озық тәжірибелерді зерделеу, кәсіби тәжірибе алмасу, сондай-ақ генетика және өсімдіктердің эксперименттік биологиясы саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын одан әрі дамыту.

Тағылымдама аясында бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру, ғылыми байланыстарды нығайту және екі ұйым арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту мәселелері де қарастырылды.