2026 жылғы 15 қазанда «Өнер және көркем еңбек» кафедрасының магистрі, аға оқытушы Қалабаева Қызбала Райымбекқызы 1406-25-1к1,2,3 топтарында «Кілем тоқу және тоқыма материалдарын көркем өңдеу»
background

2026 жылғы 15 қазанда «Өнер және көркем еңбек» кафедрасының магистрі, аға оқытушы Қалабаева Қызбала Райымбекқызы 1406-25-1к1,2,3 топтарында «Кілем тоқу және тоқыма материалдарын көркем өңдеу»

2026-10-15

Mediathek / News / 2026 жылғы 15 қазанда «Өнер және көркем еңбек» кафедрасының магистрі, аға оқытушы Қалабаева Қызбала Райымбекқызы 1406-25-1к1,2,3 топтарында «Кілем тоқу және тоқыма материалдарын көркем өңдеу»

2026 жылғы 15 қазанда «Өнер және көркем еңбек» кафедрасының магистрі, аға оқытушы Қалабаева Қызбала Райымбекқызы 1406-25-1к1,2,3 топтарында «Кілем тоқу және тоқыма материалдарын көркем өңдеу» пәні бойынша «Кілемнің тоқылуын жалғастыру. Ою-өрнектерді қайталап аяқтау.Тақта жүргізу жолдары мен қырқу жұмыстары.Тазалық-гигиеналық талаптар» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Ашық сабаққа қонақ ретінде ОАИУ-нің «Дизайн және ақпараттық технологиялар» кафедрасындағы п.ғ.к. Райымкуловна Айнаш Дастановна және кафедра меңгерушісі, PhD докторы, қауымдастырылған профессор Қонақбаева Ұлжамал Жандаралиевна, п.ғ.к., доцент Қарсыбаев Бастарбек Тоқтарович, магистр, аға оқытушылар Алшымбаева Сәуле Нағашбекқызы және Көбеева Нұргүл Мұхтарқызы қатысты.

Сабақтың мақсаты – Кілем тоқу жұмысын жалғастыру, ою-өрнектерді үйлесімді қайталап аяқтау, тақта жүргізу және қырқу әдістерін меңгерту, жұмыс барысында тазалық-гигиеналық талаптарды сақтауға дағдыландыру.

Практикалық сабақ барысында білім алушылар кілем тоқу жұмыстарын жалғастырып, ұлттық ою-өрнектердің құрылымдық ерекшеліктерін сақтай отырып, өрнектерді аяқтау жұмыстарын орындады. Тақта жүргізу және кілем бетін қырқу тәсілдері тәжірибе жүзінде көрсетіліп, орындалу сапасына назар аударылды. Жұмыс барысында құрал-жабдықтарды дұрыс пайдалану, жұмыс орнын таза ұстау және қауіпсіздік ережелерін сақтау талаптары түсіндірілді. Сабақ нәтижесінде білім алушылардың кәсіби шеберлігі, шығармашылық қабілеті мен технологиялық дағдылары жетілдіріліп, ұлттық кілем тоқу өнеріне деген қызығушылықтары артты. Теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыра білді.

Ашық сабақ жоғары деңгейде ұйымдастырылып, білім алушылардың тәжірибелік жұмыстары бағаланды, жіберілген кемшіліктер талданып, сабақ өз мақсатына жетті.