ҚЫРҒЫЗСТАННЫҢ ЖЕТЕКШІ СПОРТ АКАДЕМИЯСЫМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
background

ҚЫРҒЫЗСТАННЫҢ ЖЕТЕКШІ СПОРТ АКАДЕМИЯСЫМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

2026-09-28

Mediathek / News / ҚЫРҒЫЗСТАННЫҢ ЖЕТЕКШІ СПОРТ АКАДЕМИЯСЫМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

ҚЫРҒЫЗСТАННЫҢ ЖЕТЕКШІ СПОРТ АКАДЕМИЯСЫМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Ж.А. Тәшенев атындағы университетке Б.Т. Турусбеков атындағы Қырғыз мемлекеттік дене шынықтыру және спорт академиясының ректоры Ермек Мырзабекұлы Түкеев бастаған делегация арнайы сапармен келді.
Сапар аясында екі жоғары оқу орнының басшылығы арасында кездесу өтіп, білім беру, ғылым және спорт салаларындағы өзара ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Меморандум аясында студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын дамыту, бірлескен білім беру және ғылыми жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ тәжірибе және озық практикалармен алмасу бағыттарына басымдық берілмек.
«Бүгінде жоғары оқу орындары арасындағы халықаралық ынтымақтастықтың маңызы артып келеді. Қырғызстандық әріптестерімізбен өзара тәжірибе алмасып, білім, ғылым және спорт бағыттарындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүдделіміз. Бұл меморандум екі университет арасындағы байланысты жаңа деңгейге көтеріп, студенттер мен оқытушылар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады»,– деді Ж.А. Тәшенев атындағы университет ректоры Жанар Рысбекова.
Өз кезегінде Б.Т. Турусбеков атындағы Қырғыз мемлекеттік дене шынықтыру және спорт академиясының ректоры Ермек Мырзабекұлы Түкеев Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тарихи достық пен тату көршілік қарым-қатынастардың маңызын атап өтті.
«Қазақстан мен Қырғызстанды ғасырлар бойы қалыптасқан достық, бауырластық және өзара құрмет байланыстырады. Бұл берік негіз білім беру, ғылым және спорт салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүмкіндік береді. Бүгінгі меморандум екі оқу орны арасындағы әріптестікті нығайтып, жаңа бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға жол ашады»,– деді Ермек Мырзабекұлы Түкеев.
Сапар барысында қырғызстандық делегация университеттің білім беру және ғылыми инфрақұрылымымен танысты. Қонақтар оқу ғимараттарын, спорт залдарын, кітапхана мен коворкинг орталығын, Жасанды интеллект зертханасын және Tomorrow School білім беру кеңістігін аралады.
Кездесу нәтижесінде екі университет арасындағы әріптестікті одан әрі дамытуға бағытталған нақты бағыттар айқындалып, студенттер мен оқытушылар үшін жаңа академиялық және кәсіби мүмкіндіктер ашылды.