5 ҚЫРКҮЙЕК – ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ ТІЛДЕРІ КҮНІ!
background

5 ҚЫРКҮЙЕК – ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ ТІЛДЕРІ КҮНІ!

2026-09-05

Mediathek / News / 5 ҚЫРКҮЙЕК – ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ ТІЛДЕРІ КҮНІ!

5 ҚЫРКҮЙЕК – ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ ТІЛДЕРІ КҮНІ!
Тіл – ұлттың рухани қазынасы, халықтың тарихы мен мәдениетін ұрпақтан ұрпаққа жалғайтын асыл мұра. Ал көптілділік – түрлі мәдениеттерді жақындастырып, өзара түсіністік пен достықты нығайтатын маңызды құндылық.
Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университетте тілдерді оқыту мен дамытуға ерекше мән беріледі. Бүгінде университетімізде шет тілдерін меңгерту, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау және халықаралық білім кеңістігіне ықпалдасу бағытында Әлем тілдері институты жұмыс істейді.
Сонымен қатар, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, ұлттық тіл білімі мен әдебиетін дамыту мақсатында Қазақ филологиясы орталығы іске қосылуда. Бұл бастамалар университетіміздің тіл саясатына, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және көптілді білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмысының бір бөлігі.
Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университет ұжымы баршаңызды Қазақстан халқы тілдері күнімен құттықтайды!
Қазақ тілінің тұғыры биік, еліміздегі барлық этностардың тілі мен мәдениетіне деген құрмет берік болсын! Бірлігіміз бекем, ынтымағымыз мәңгі болғай!
Тіл – бірліктің, достықтың және өркениеттің негізі!