ХАБАРЛАНДЫРУ 10.08.2026
background

ХАБАРЛАНДЫРУ 10.08.2026

2026-08-10

Mediathek / Announcements / ХАБАРЛАНДЫРУ 10.08.2026

ХАБАРЛАНДЫРУ 10.08.2026

«Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университет» АҚ

«Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының меңгерушісі 

«Педагогика және психология» кафедрасының  меңгерушісі

«Халықаралық бизнес және менеджмент»  кафедрасының меңгерушісі

лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды.

Қызметтің негізгі мәні жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім берегу саласында білім беру қызметтерін ұсыну болып табылады.

 

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

Үміткерлер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, университеттің ішкі нормативтік құжаттарына және конкурс талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер төмендегі құжаттарды ұсынуы қажет:

1.    Конкурстық комиссия төрағасының атына жазылған өтініш;

2.    Түйіндеме;

3.    Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ;

4.    Өмірбаян;

5.    Жеке куәліктің көшірмесі;

6.    Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы дипломдардың, академиялық және ғылыми дәрежесі туралы құжаттардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері (бар болған жағдайда);

7.    Соңғы үш жыл ішінде алған қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері және түпнұсқалары;

8.    Ғылыми еңбектерінің, жарияланымдарының, өнертабыстарының және кәсіби жетістіктерінің тізімі (бар болған жағдайда);

9.    № 075/е нысанындағы медициналық анықтама (конкурсқа алғаш рет қатысатын тұлғалар үшін);

10.Ғылыми дәрежесі және (немесе) ғылыми атағы бар үміткерлер үшін:

  • ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі бар тұлғалар – кандидаттық диссертацияның авторефераты;
  • философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесі бар тұлғалар – диссертациясының аннотациясы немесе түйіндемесі;
  • ғылым докторы ғылыми дәрежесі бар тұлғалар – докторлық диссертациясының авторефераты;
  • қауымдастырылған профессор (доцент), профессор ғылыми атағы бар тұлғалар – ғылыми атағын растайтын құжаттардың көшірмелері;

11.Қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама;

12.Наркологиялық ұйымнан және туберкулез бойынша анықтама;

13.Психоневрологиялық ұйымнан анықтама.

Үміткерлер өздерінің басқарушылық тәжірибесін, кәсіби біліктілігін, ғылыми жетістіктерін, халықаралық тәжірибесін және басқа да кәсіби қасиеттерін растайтын қосымша құжаттарды ұсынуға құқылы.

Өтінімдерді берудің соңғы мерзімі: хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн.

 

Құжаттарды қабылдаудың соңғы күні мен уақыты: 2026 жылғы 19 тамыз, 18-00 ге дейін.

 

Конкурстың өтетін күні мен уақыты: 2026 жылғы 21 тамыз сағат 15-00.

Шымкент қаласы,

 

Конкурстың өтетін орны және құжаттарды қабылдау мекен-жайы: Шымкент қаласы, Қонаев даңғылы 21ғим., 103 каб.

 
Ескерту:
1. Конкурстық құжаттар тізімі университеттің https://tashenev.edu.kz/ сайтында орналастырылады.
2. Конкурстық құжаттарды сканерленген нұсқада info@tashenev.edu.kz электрондық поштасына жіберуге болады. Байланыс тел.: (+7 747 944 8483 конкурстық комиссияның хатшысы Уалиханова Асель Асылхановна ).