ОҚУ АҚЫСЫНА 100%-ҒА ДЕЙІН ЖЕҢІЛДІК!
background

ОҚУ АҚЫСЫНА 100%-ҒА ДЕЙІН ЖЕҢІЛДІК!

2026-07-15

Mediathek / News / ОҚУ АҚЫСЫНА 100%-ҒА ДЕЙІН ЖЕҢІЛДІК!

ОҚУ АҚЫСЫНА 100%-ҒА ДЕЙІН ЖЕҢІЛДІК! 🔥 🔥
🎓 2026–2027 оқу жылына талапкерлерге арналған арнайы әлеуметтік қолдау!
Tashenev University талапкерлерге арналған әлеуметтік қолдау бағдарламасы аясында оқу ақысына 100%-ға дейін жеңілдіктер ұсынады.
🔻 Жеңілдіктер келесі санаттарға қарастырылған:
♿ I, II және III топтағы мүгедектігі бар талапкерлер;
👨‍👩‍👧 Жартылай жетім талапкерлер;
❤️ Жетім талапкерлер;
🏅 Қазақстан Республикасының спорт шеберлері және жоғары спорттық жетістіктері бар талапкерлер.
💬 Tashenev University Басқарма Төрағасы, ҚР ҰҒА академигі, п.ғ.д., профессор, Түркістан облысының құрметті азаматы Оңалбай Аяшев:
«Біздің басты міндетіміз – сапалы жоғары білімді әрбір талапкер үшін қолжетімді ету. Әлеуметтік қолдау бағдарламасы жастардың білім алуға деген ұмтылысын қолдап, олардың кәсіби болашағына сенімді қадам жасауына мүмкіндік береді. Білімге салынған инвестиция – елдің ертеңіне салынған инвестиция.»
💰 Бакалавриат бағдарламалары бойынша оқу ақысы 450 000 теңгеден басталады.
🎓 Магистратура бағдарламаларының оқу ақысы – 700 000 теңге.
📌 Нақты білім беру бағдарламасының оқу ақысы туралы толық ақпаратты қабылдау комиссиясынан немесе төмендегі байланыс телефоны арқылы біле аласыз.
📞 +7 776 104 7070
📍 Шымкент қ., Қонаев көшесі, 21
✨ Білімге бір қадам жақын болыңыз!