«ӨРКЕНИЕТ» ҒЫЛЫМИ ҮЙІРМЕСІНІҢ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ ЕСЕП
2026-06-15
«ӨРКЕНИЕТ» ҒЫЛЫМИ ҮЙІРМЕСІНІҢ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ ЕСЕП
«Гуманитарлық ғылымдар» кафедрасының жанындағы «Өркениет» ғылыми үйірмесінің 2025–2026 оқу жылындағы жоспарына сәйкес Сүткент өңіріндегі Шыңғыс төбе археологиялық нысанында ғылыми-зерттеу жұмыстары ұйымдастырылды. Іс-шараға География–Тарих және География (IP) білім беру бағдарламаларының ЕП-24-3к және ЕП-24-4к топтарының білім алушылары қатысты. Ғылыми жетекшісі – Апашева Сабира Нұрбайқызы.
Үйірме жұмысының негізгі мақсаты білім алушылардың ғылыми-зерттеу дағдыларын қалыптастыру, археология саласы бойынша теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру, тарихи-мәдени мұраларды зерттеуге қызығушылықтарын арттыру және болашақ кәсіби қызметке бейімдеу болды.
Ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында білім алушылар археологиялық ескерткіштерді зерттеу әдістерімен танысып, қазба жұмыстарын жүргізуге қатысты. Сонымен қатар мәдени қабаттарды анықтау, археологиялық жәдігерлерді тіркеу, сипаттау және ғылыми тұрғыдан талдау жұмыстарын орындады. Жұмыс барысында археология саласының мамандары ғылыми зерттеу әдістерін түсіндіріп, тәжірибелік кеңестер берді.
Үйірме жұмысының ұйымдастырылуына кафедра оқытушысы, топ кураторы Жүзжасарова Ақмарал Аймаханбетқызы белсенді атсалысып, білім алушылардың қауіпсіздігін, тәртібін және ғылыми жұмыстарға тұрақты қатысуын қамтамасыз етті.
Зерттеу нәтижесінде ортағасырлық кезеңге жататын қыш ыдыстардың сынықтары, тұрмыстық бұйымдар және тарихи маңызы бар өзге де жәдігерлер анықталды. Табылған материалдар Сүткент өңірінің ортағасырлық тарихы мен мәдениетін зерттеуде маңызды ғылыми деректер болып табылады.
Ғылыми үйірме жұмысы білім алушылардың зерттеушілік қабілеттерін дамытуға, тарихи мұраларға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыруға және ғылыми ізденіске деген қызығушылықтарын арттыруға ықпал етті. Сонымен қатар қатысушылардың жауапкершілігі артып, ұжыммен жұмыс жасау, талдау және қорытынды шығару дағдылары жетілдірілді.
Қорытындылай келе, «Өркениет» ғылыми үйірмесінің Шыңғыс төбе археологиялық нысанында жүргізген ғылыми-зерттеу жұмыстары жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қойылған мақсат-міндеттер толық орындалды. Үйірме мүшелері құнды тәжірибе жинақтап, тарих және археология ғылымдары бойынша білімдерін тереңдетті. Алынған тәжірибе олардың болашақ кәсіби және ғылыми қызметіне оң әсерін тигізеді.
Үйірме жетекшісі: Жүзжасарова А.А.
Куратор: Жүзжасарова А.А.
