2026-06-08
7 Мамыр «Отан қорғаушылар күніне» байланысты «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа – ұлы өнеге » тақырыбында «Химия және биология » кафедрасының ұйымдастыруымен мерекелік іс-шара өткізілді. 7 мамыр Қазақстанда Отан қорғаушылар күні ретінде аталып өтеді. Бұл мереке елдің тәуелсіздігі мен қауіпсіздігін қорғап жүрген әскери қызметкерлерге, ардагерлерге және барлық азаматтарға құрмет көрсету мақсатында белгіленген. 1992 жылы 7 мамырда Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның ұлттық Қарулы Күштерін құру туралы жарлыққа қол қойды. Осы күннен бастап еліміздің дербес әскері құрылып, Қазақстан өз қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптаса бастады. Осы тарихи оқиғаға байланысты 7 мамыр кейіннен мемлекеттік мереке болып бекітілді. 2012 жылдан бастап бұл күн ресми түрде демалыс күні ретінде тойланып келеді.


