⚡️ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ TASHENEV UNIVERSITY БАЗАСЫНДА TOMORROW SCHOOL ЖҰМЫСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ
background

⚡️ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ TASHENEV UNIVERSITY БАЗАСЫНДА TOMORROW SCHOOL ЖҰМЫСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

2026-04-24

Mediathek / News / ⚡️ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ TASHENEV UNIVERSITY БАЗАСЫНДА TOMORROW SCHOOL ЖҰМЫСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

Бүгін Tashenev University университетінің Басқарма төрағасы, ҚР ҰҒА академигі, педагогика ғылымдарының докторы Оңалбай Аяшев Қасым-Жомарт Тоқаев қатысуымен өткен жалпыұлттық телекөпір аясында еліміз бойынша Tomorrow School жасанды интеллект мектептері желісінің іске қосылуына қатысты, сондай-ақ телекөпірге университет басшысымен қатар Шымкент қаласы Цифрландыру басқармасының басшысы Мұхит Кемелов та қатысты. Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2024 жылы Astana Hub базасында алғаш құрылған бұл жоба бүгінде Қазақстанның 14 өңірінде кеңейтіліп, оның ішінде Оңтүстік өңірде негізгі алаң ретінде дәл осы Tashenev University таңдалды.
Tashenev University базасында Tomorrow School ашылуы — бұл жай ғана білім беру орталығының іске қосылуы емес, университеттің ірі өңірлік IT-хабқа трансформациялануының нақты көрінісі. Аталған жобаларды жүзеге асыру үшін университет тарапынан 300 млн теңгеден астам қаражат толықтай өз есебінен инвестицияланып, мемлекеттік қаржы тартылған жоқ, оның ішінде 150 млн теңгеден астамы Tomorrow School мектебін іске қосуға, ал 100 млн теңгеден астамы заманауи жасанды интеллект зертханасын құруға бағытталды, нәтижесінде жалпы ауданы 300 шаршы метрден асатын, халықаралық стандарттарға сай келетін заманауи цифрлық инфрақұрылым қалыптастырылды.
Tomorrow School жобасының басты ерекшелігі – оның қолжетімділігі мен практикалық бағыты болып табылады, яғни мұнда оқу тегін, 18 жастан асқан барлық азаматтарға, соның ішінде IT саласында алғашқы қадам жасап жатқан азаматтарға арналған және оқу нәтижесінде халықаралық деңгейдегі сертификаттар беріледі, ал бағдарламалар нақты нарық сұранысына негізделген тәжірибелік кейстер арқылы жүзеге асырылады, қазіргі таңда жобаның өзінде жоғары қызығушылық байқалып отыр, соңғы 7 күн ішінде ғана университет студенттері мен Оңтүстік Қазақстан жоғары оқу орындарының білім алушыларынан 150-ден астам өтінім келіп түсті.
Университетте құрылған жасанды интеллект зертханасы робот-гуманоид, дрон-футбол, дрон-логистика, дрон симуляторлары, Big Data және VR-химия бағыттарын қамтитын бірегей технологиялық орта болып табылады және бұл инфрақұрылым студенттердің Python, ROS, C++, Machine Learning, Computer Vision, Big Data, робототехника және Data-Driven басқару салалары бойынша нақты практикалық дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.
Tashenev University цифрландыру, жасанды интеллект және IT бағыттарын стратегиялық басымдық ретінде айқындап, оқу үдерісін, басқару жүйесін және студенттерге көрсетілетін қызметтерді толық цифрлық трансформациялау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде, сонымен қатар білім беру, аналитика және әкімшілік процестерге жасанды интеллект агенттері енгізілуде.
Осы бағыттағы жұмыстың жалғасы ретінде университет 2026–2027 оқу жылынан бастап еңбек нарығының сұранысына сәйкес Artificial Intelligence and Data Science, Computer Science, Software Engineering, Artificial Intelligence in Business, Platform Engineering and DevOps, Artificial Intelligence and IT Product Management сияқты жаңа білім беру бағдарламаларын іске қосуды жоспарлап отыр және бұл бағдарламалар жобалық оқытуға, индустриялық серіктестікке, ағылшын тіліндегі модульдерге, бұлттық және GPU инфрақұрылымға қолжетімділікке және нақты бизнес-кейстерге негізделетін болады.
Осылайша, Tomorrow School мектебі мен жасанды интеллект зертханасының іске қосылуы Tashenev University-дің Оңтүстік Қазақстандағы цифрлық экожүйені дамытудағы негізгі орталыққа айналып, жаңа буын IT-мамандарын даярлауға және елдің технологиялық дамуына серпін беретін маңызды қадам болып табылады.