
Открытый ректорат
Мы постараемся ответить на все вопросы
Хусановна Умида, 2025-09-08
Вопрос:
Саламатсыз ба.Мен оқуға ақша аударып жіберіппін 550000 сол қашан қайтарылады
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Сізге университетке, қаржы департаментіне келуіңіз қажет. Ол Желтоқсан көшесі 3/10 мекенжайында орналасқан.
Кенжебаева Кенжай, 2025-09-06
Вопрос:
Саламатсыз ба Қанат мырза! Мен сіңлімнің ұлттық қорындағы қаражатын сіздердің оқу орнына аударған едім. БИН номерлеріңізді сіңлімнің договорынан алдым. Ешқандай қиындық туындамайтын шығар
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Барлық ақпаратты нақтылау үшін өз деканатыңызға және қаражатты алу фактісін растау мақсатында университеттің қаржы департаментіне жүгініңіз.
ШАЙДУЛЛИН Альбина, 2025-09-03
Вопрос:
Моя дочь поступила в ваш вуз на 1 курс по специальности Экономика после колледжа. Говорили, что есть русская группа, в итоге русской группы нет. Никто никакой информации не даёт. В казахской группе она не сможет учиться. Что теперь нам делать? Мы оплатили первоначальный взнос.
Ответ:
Здравствуйте! Для уточнения информации можно обратиться в свой деканат, проректору по академической части Париде Байнеевой или записаться ко мне на прием (обратиться в приемную ректора).
kaldarbekov ryskul, 2025-09-02
Вопрос:
можно ли перевестись в другой университет после первого семестра, и как обстоят дела с переводами в другие вуз?
Ответ:
Здравствуйте!
Для перевода в другой вуз Казахстана вам нужно подать заявление в своем текущем вузе, получить согласие на перевод и транскрипт, а затем подать эти документы вместе с другими требуемыми сертификатами (ЕНТ/КТ, аттестат) в новый вуз. Важно учитывать, что перевод возможен только во время каникул, и существует риск потери гранта.
За более подробной информацией можете обратиться в свой деканат.
Махаметов Максат, 2025-08-22
Вопрос:
Окып жатыр деген справканы каидан аламыз?
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Оқуды растайтын анықтаманы өз деканатыңыздан алуға болады.
Казахбай Нұржаз, 2025-07-05
Вопрос:
Оқуға тапсырайын деп едім
Ответ:
Қазақстанда жоғары оқу орындары комиссиясының қабылдау жұмыстары басталды. 2025-2026 оқу жылына арналған жоғары оқу орындарына құжаттарды қабылдау 20 маусым мен 25 тамыз аралығында жүзеге асырылады.
Отандық жоғары оқу орындарына оқуға түсу үшін талапкерлерге мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- жеке куәлік,
- ҰБТ сертификаты,
- өлшемі 3×4 фотосурет,
- орта білім туралы аттестат (ТжКБ ұйымдарының түлектеріне арналған диплом),
- №075/у нысаны бойынша Медициналық анықтама,
- жас жігіттерге арналған әскери комиссариаттан тіркелген куәлік.
Сондай-ақ жеңілдікті санаттар бойынша гранттар конкурсына қатысу үшін басқа да растайтын құжаттар.
Үміткерлер 2025 жылдың 18 мамырында басталып, 5 шілдесінде аяқталатын ҰБТ-ның екі нәтижесінің бірімен гранттар байқауына қатыса алады. Білім беру гранты иегерлерінің есімдерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады.
Айта кету керек, "педагогикалық ғылымдар" және "денсаулық сақтау" білім беру салалары бойынша қабылдау арнайы емтихан нәтижелерін ескере отырып жүргізіледі. Бұл емтихан ЖОО базасында 20 маусым мен 20 тамыз аралығында өткізіледі.
Іс-тәжірибе, 2020-10-15
Вопрос:
Аса құрметті, ректор мырза! Мен қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының студентімін. Сізден іс-тәжірибе бойынша сұрақ қойайын деп едім. Біздер іс-тәжірибеге телеарналарға бара аламыз ба? Бара алсақ қандай арналарға?
Ответ:
Құрметті білім алушы, Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы педагогикалық мамандық болып табылатындықтан Сіздер мектепте, білім беру мекемелерінде педагогикалық іс-тәжірибеден өтесіздер.
Грант, ата-аналар, 2020-06-10
Вопрос:
Менің қызымның арманы- Сіз басқарып отырған оқу орнының грантын иемдену. Биыл мектепті бітірді. таңдау пәні - қазақ тілі мен әдебиеті. ҰБТ-дан жинағаны 95 бал. Грантқа ие бола алар ма екен? Қалай ойлайсыз? Жалпы статистика дегенді көре алмай отырмын
Ответ:
Құрметті ата-ана! Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі өте жақсы. Грант иегерлері мемлекеттік білім гранттары конкурсының нәтижесіне байланысты анықталатындықтан, біз нақты айта алмаймыз. Конкурсқа құжаттарын тапсыру қажет. Сіздерге сәттілік тілейміз!
Оқуға түсу, 2020-05-25
Вопрос:
Құрметті ректор мырза! Мен биыл 11-ші сынып бітірдім, сіздерде орыс тілі мұғалім мамандық барма? Бар болса жылына қанша куямыз? Тағыда кандай мамандыктар бар?
Ответ:
Құрметті абитуриент. "Сырдария" университетінде 27 білім беру бағдарламалар бар, оның ішінде «6В01703-Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламала кіреді. Толемақы: 180 мың тенге. Біздің сайтта «ТАЛАПКЕР» бөлімде толық мәлімет көрсетілген
Академиялық ұтқырлық, 2020-05-25
Вопрос:
Мен математика(5В010900) мамандығының 2-курс студентімін. 2021 жылғы көктемгі семестрде академиялық ұтқырлық бағдарламасымен Гумилев атындағы ЕНУ ға жарты семестрге оқи аламын ба, ол үшін не істеу керектігін толық айтып жібересіз.
Ответ:
Құрметті студент! Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Академиялық ұтқырлық секторы қызметкерлерімен хабарлассаңыз болады. Байланыс деректері: 8(72534) 6-14-63, е-mail: sirdariya.mobility@mail.ru. Рахмет!
Ұжымға алғыс, 2020-04-25
Вопрос:
Сәлеметсіз бе! Мен өз атымнан физика және математика мұғалімдеріне осы қиын уақытта бізге берген еңбектері, шыдамдылықтары мен білімдері үшін зор алғыс білдіргім келеді.
Ответ:
Құрметті студент! Жағымды пікіріңіз үшін рақмет. Оқуда және болашақ өмірде сәттілік тілейміз! Рахмет!
Толемақы, 2020-02-20
Вопрос:
Сәлеметсізбе ректор мырза!
Мен педагогика және психология білім беру бағдарламасының студентімін. Мен 2019жылы университетті бітіруім қажет болған. Бірақ 3 курста яғни 2018 жылы 2 сабақтан қарызым отбасылық жағдайыма байланысты жабылмай қалды. Енді сол қарыз сабақтарымды жауып дипломымды алғым келеді. Не істесем болады? Карантин кезінде өтінішті онлайн форматта жіберуге болады ма? Қолымда 1жасқа толмаған сәбиім бар. Өзім ақылы бөлімде оқыдым. 4жылдық оқуымның ақысы төленіп тұр. Оқу ақысы сақталады ма? Бұл сұрақпен кімге жолықсам болады? Менің бұл сұрағымды ескерусіз қалдырмасаңыз деймін!
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Оқу орнымызға қайта қабылдануыңыз үшін өтініш жазып, студенттерге қызмет көрсету орталығына тапсырсаңыз болады. Байланыс телефоны: 6-14-03.