Сырдария жастары сайлауда белсенді болуға үндеді

Президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізу қазақстандық қоғам үшін қажетті қадам. Осы орайда "Сырдария" университетінде Жастар бөлімі мен студенттер бірігіп, "Жастар және сайлау" атты конференция өткізді. Жиынға Оқу-әдістемелік басқарма бөлімінің басшысы, доцент, саясаттану ғылымдарының кандидаты Рая Тәжітаева мен алғаш рет сайлауға дауыс беретін университетіміздің студент-жастары қатысты.

Аталған шараның мақсаты — жастардың сайлау туралы түсінігін қалыптастыру, білім беру мен ақпараттық технологиялар арқылы болашақ жас сайлаушылардың демократиялық үдерістерге қатысуына ықпал ету. Сондай-ақ, сайлаудың қоғам мен жеке адам үшін маңыздылығын саралау.

Жиында Рая Сейілқызы жастар елдің болашағы екенін айтып, олар Отан және ата-ана алдындағы жауапкершілігін сезіне отырып өткізілетін сайлауларға белсене қатысуы керектігін жеткізді. Сайлау тарихы мен маңыздылығына да тоқталып өтті. 

Жастар бөлімінің басшысы Бектеміс Мейірхан: "Алда өте жауапты кезең – сайлау келе жатыр. Бұл кезекті сайлау ел болашағын ойлау болып табылады. Сайлаудың маңыздылығы еліміздің ертеңгі болашағында деп білемін. Сырдария жастары сайлауға қатысады және белсенділік танытамыз деп сеніммен айта аламын" - деді.

Оқиға категориялары