Кафедра "Отечественная и зарубежная история" приглашает учиться!
- 47 просмотров
Кафедра "Отечественная и зарубежная история" келесі білім беру бағдарламалары бойынша мамандарды дайындайды:
Бакалавриат бағдарламасы: 6В01601-Тарих мұғалімдерін даярлау
Магистратура бағдарламаласы: 7М01601 – Тарих педагогтарын даярлау
Кафедрада университеттің өсіп-өркендеуіне және студент жастарға сапалы білім мен саналы тәрбие беру жолында ерен еңбек етіп келе жатқан азаматтар жұмыс істейді.
Университеттің әсемдігімен көз тартатын орталық оқу залы, мерзімдік басылымдар және электронды оқулықтар залдары студенттердің шығармашылық шабытын, оқуға деген қызығушылығын оятып, олардың терең білім алуларына қолайлы мүмкіндіктер туғызады.
Кафедра оқу үдерісін ұйымдастыру мен өзіндік жұмыстардың орындалуына арналған қажетті құралдармен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, кафедрада студенттердің тарих ғылымының өзекті мәселелерімен, өлкетану жұмыстарымен айналысу үшін «Өркениет» үйірмесі құрылған.
Студенттеріне шетелден докторлар, профессорлар келіп дәріс өтіп тұрады. Мысалы, Германиядан келетін профессор Вальтер Фризеннің дәстүрлі дәрістерін біздің студенттер қызыға тыңдайды.
Кафедра профессор-оқытушылары белсенді түрде ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып келеді. Олардың ғылыми зерттеу мақалалары мен еңбектері мерзімдік ғылыми басылымдарда және конференциялардың жинақтарында жүйелі түрде жарық көруде.
ҚР Ұлттық музейінің қызметкерлері, философия докторлары (PhD) А.Касеналин, C.Есеновтар тарих мамандығының студенттеріне "Мұрағаттану және мұражайтану" пәні бойынша дәріс оқыды. Студенттерге тағылымды тәрбие, сапалы білім алуына университеттегі өзге студенттер сияқты барлық жағдайлар жасалған. Университеттің заманауи талапқа сай үш кітапханасында тарих пәндеріне арналған оқулықтар жеткілікті.
«Отан және шетел тарихы» кафедрасының ерекше атап өтуге тұрарлық жұмыстарының бірі – бұрын арнайы зерттелмеген ортағасырлық Ұтырлы (Үтіртөбе) қаласын зерттеп, оны ғылыми айналымға енгізуі болып табылады. Мақтаарал ауданындағы Үтіртөбе ауылынан 12,1 км солтүстік-шығыста, Сырдария өзенінің сол жағалауынан оңтүстікте 2 км жердегі Сорөзектің жағасында орналасқан бұл ортағасырлық қаланы бұрын Қазақстан археологтары зерттемеген.
Біздің мақсатымыз – студент-жастарды «Сырдария» университетінде осынау еш уақытта маңызын жоғалтпайтын мамандықты оқып меңгерту, оларды білімді де білікті тарихшы-маман етіп қалыптастырып, еліміздің дамуына, қоғам тұрақтылығының сақталуына өз үлесін қосатын азамат етіп тәрбиелеу.
Ссылки на страницы социальных сетей:
https://www.facebook.com/SirdariyaUniversity/photos/a.181468579915792/351500992912549/
https://www.instagram.com/p/CDgZXUihOJm/?igshid=1rnrhzokyfqci
Оқиға категориялары
?База данных "Zan" ? Tilqural.kz ? Tilalemi.kz ? Balatili.kz ? Emle.kz ? Termincom.kz ? Sozdikqor.kz ? Qazcorpora.kz ? Qujat.kz ? Tilmedia.kz ? Atau.kz ? Abai.institute.
✅ Анкета "Удовлетворенность студентов организацией научно-исследовательской работы в вузе"
✅ Анкета "Вовлечение преподавателей вуза в научно-исследовательскую работу"
✅ «Удовлетворенность ППС высшим учебным заведением»
✅ «Удовлетворенность студентов результатами обучения»
✅ «Удовлетворенность студентов вузов предоставляемыми им вспомогательными услугами»
✅ Анкета по удовлетворенности работодателя качеством подготовки выпускников