Халықаралық ғылыми-білім беру ынтымақтастығы аясында онлайн дәріс
background

Халықаралық ғылыми-білім беру ынтымақтастығы аясында онлайн дәріс

2025-12-23

Медиатека / Новости / Халықаралық ғылыми-білім беру ынтымақтастығы аясында онлайн дәріс

Бүгін Халықаралық академиялық ынтымақтастық аясында онлайн дәріс өткізілді.

Халықаралық серіктестік аясында Ж.А. Тәшенев университетінің «Химия және биология» кафедрасының меңгерушісі, PhD Муминова Шолпан Самандаровна Низоми атындағы ұлттық педагогикалық университетінің биология мамандықтары студенттеріне арналған «Топырақ биологиясы мен генетикасы» тақырыбында онлайн дәріс өткізді.

Дәріс барысында топырақ биологиясы мен генетикасының заманауи ғылыми бағыттары, топырақтың тірі ағзалармен өзара әрекеттесуі, микроағзалардың топырақ құнарлылығын қалыптастырудағы рөлі және топырақтың генетикалық ерекшеліктері кеңінен талқыланды.

Аталған іс-шара екі елдің жоғары оқу орындары арасындағы академиялық байланыстарды нығайтуға, академиялық ұтқырлық бағдарламаларын дамытуға, сондай-ақ білім алушылар мен оқытушылардың ғылыми тәжірибе алмасуына және бірлескен білім беру бастамаларын іске асыруға бағытталды.