«ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІ АРАСЫНДАҒЫ ДОСТЫҚ ПЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ РӨЛІ» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті
background

«ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІ АРАСЫНДАҒЫ ДОСТЫҚ ПЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ РӨЛІ» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

2024-09-24

Медиатека / Новости / «ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІ АРАСЫНДАҒЫ ДОСТЫҚ ПЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ РӨЛІ» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

Ағымдағы жыл ҚХА-ның 30 жылдығы, Қазақстан өзбектері “Дустлик” қауымдастығының 30 жылдығы шеңберінде жоспарланған мәдені ісшаралар қатарында 2025 жылғы 19 қыркүйек күні Ж. Тәшенев университетіне қарасты М.Байғут атындағы студенттер орталығында «ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІ АРАСЫНДАҒЫ ДОСТЫҚ ПЕН

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ

АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ РӨЛІ»

тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференцияның мақсаты: Қазақстан халқы Ассамблеясы мен оның ұйымдық құрылымдарының бейбітшілік пен қоғамдық келісімді нығайту, Орталық Азияның көршілес елдерімен достық және әріптестік қарым-қатынастарды нығайту жөніндегі қызметін зерделеу және талдау; Орталық Азия елдерінің ұлтаралық достық пен келісімді нығайтудағы үлгілерімен және озық тәжірибелерімен танысу; ұлтаралық достық пен келісімді нығайту арқылы елдер арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары туралы пікір алмасу.

Күтілетін нәтижелер:

-конференция қатысушылары ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХXІI сессиясында алға қойған міндеттер аясында Қазақстан халқы Ассамблеясы мен оның ұйымдық құрылымдарының бейбітшілік пен қоғамдық келісімді нығайту, Орталық Азияның көршілес елдерімен достық және әріптестік қарым-қатынастарды нығайту жөніндегі қызметі туралы пікір алмасады; 

-Орталық Азияның көршілес елдерімен достық және әріптестік қарым-қатынастарды нығайту жөніндегі қызметін зерделеу және талдау туралы ақпарат алмасады;

-Орталық Азия елдерінің ұлтаралық достық пен келісімді нығайтудағы үлгілерімен және озық тәжірибелерімен танысады; ұлтаралық достық пен келісімді нығайту арқылы елдер арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын анықтайды және осы бағыттағы ғылыми өзара ынтымақтастықтағы іс-қимылдарды белсендіру мүмкіндігіне ие болады.

Конференцияға Қазақстан халқы Ассамблеясы мен оның ұйымдық құрылымдарының, мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлері, қоғам қайраткерлері, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікістан мемлекеттерінен халықаралық сарапшылар, ұлттық мәдени орталықтардың белсенділері, сарапшылар, жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылар құрамы, ғылыми қызметкерлер, БАҚ өкілдері қатысты.

Баяндамашылар Қазақстан өзбектері “Дустлик” қауымдастығын төрағасы және кеңес мұшелерін 30 жыл аралығында Орталық Азия елдерінде откен халықаралық конференцияларда татулықпен достықты дамуына арналған баяндамалары және откізген мәдени гуманитар іс- шараларыға тоқталып өтті. 

Конференция жұмысы барысында қауымдастық тарапынан жарық корген “Достық керуенінде30 жыл” деп аталған тарихи кітаптың тұсаукесерін өткізіп, алғашқы төрағалар мен белсенділерге “Дустлик қауымдастығына 30 жыл” деп аталған төсбелгілерін тапсырылды.