Бітіруші түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша кафедраларға бекітілген жауапты мамандарға арналған нұсқама және түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатындағы кездесу.
2026-10-13
Бітіруші түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша кафедраларға бекітілген жауапты мамандарға арналған нұсқама және түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатындағы кездесу.
Университетімізде 2026 жылдың 13 қазанында бітіруші түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша кафедраларға бекітілген жауапты мамандарға арналған нұсқама және түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында арнайы кездесу өтті.
Іс-шараның басты мақсаты — түлектердің еңбек нарығында өз орнын табуына ықпал ету және бұл бағыттағы құжаттандыру жұмыстарын жүйелеу.
Кездесуді жұмыспен қамту және мансап орталығының басшысы Халикова Роза Орынбасаровна жүргізді. Кездесу барысында жауапты мамандарға бітіруші түлектердің жұмыспен қамтылу көрсеткіштерін арттыру, мемлекеттік грантпен оқыған студенттердің міндетті үш жылдық еңбекпен өтеу ережелері және бос жұмыс орындарының мониторингін жүргізу талаптары түсіндірілді. Сонымен қатар, жұмыс беруші мекемелермен байланыс орнату және жас мамандарға бағыт-бағдар беру шаралары талқыланды.
Жиын соңында қатысушыларға түлектердің дерекқорын нақтылау және оларды жұмысқа орналастыру бойынша арнайы әдістемелік нұсқаулықтар берілді.

