ХАБАРЛАНДЫРУ!
background

ХАБАРЛАНДЫРУ!

2026-07-07

Медиатека / Новости / ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Шығармашылық емтихан тапсыратын талапкерлердің назарына!

Шығармашылық  емтихан 09.06.2026 күні сағат 09.00 де Шымкент қаласы, Гагарин көшесі 22А, Ж. Сәуірбаева атындағы ғылым және жоғары білім орталығында 04, 06 аудиторияларда 6В01406-Көркем білім (IP), 6В01407-Еңбекке баулу және кәсіпкерлік негіздері, 6В01409-Технология және көркем еібек мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламалары үшін  өтетінін хабарлаймыз. Ақ көйлек, қара шалбар немесе қара юбкада келулеріңіз міндетті.

1. 6В01406-Көркем білім (IP), 6В01407-Еңбекке баулу және кәсіпкерлік негіздері, 6В01409-Технология және көркем еібек мұғалімдерін даярлау білім бағдарламасы бойынша шығармашылық емтихан тапсырушыларға:

Емтихан талаптары

Шығармашылық емтихандар екі кезеңде өткізіледі:

-               1. Сурет- (адам бетінің гипстен жасалған маскасының суреті.(ақ-қара).

-               2. Кескіндеме (натюрморт)

 

Талапкер шығармашылық емтихан тапсыру кезеңінде нысанға қарап, сурет өнері арқылы адам бетінің гипстен жасалған маскасының суретін салады, оның көлеңке жарығын дәл таба білуі, қағаз бетіне дұрыс орналастыра отырып, білім деңгейін көрсетеді.

 

№1 шығармашылық емтихан: Сурет - (адам бетінің гипстен жасалған маскасының суреті. (ақ-қара).

Тапсырма: Гипстен жасалынған масканың суретін графиттік қаламмен салу.

Талапкердің алдына қойылған міндеттеме - гипстен жасалынған бастың  сипатын және сызықтық-конструктивтік  көлемін көрсету, форматтың бетіне дұрыс орналасуын сақтай отырып, көлеңке жарығын және көмекші сызықтарды пайдалана отырып салу.

Материалдар: А3 форматтағы  қағаз, үшкірленген графиттік қарандаштар, жұмсық өшіретін өшіргіш (ластик).

 

№2 шығармашылық емтихан: Кескіндеме (натюрморт)

Талапкер нұсқаға қарап  акварель бояумен  кескінедемелік натюрморттық жұмыс орындайды. (мысалы: мата бетіне қойылған күрделі емес натюрморт, геометриялық  денелерден құралған натюрморт және т.б.)

-     Композиция заңдылықтарын сақтай отырып қағаз бетіне орналастыра білу;

-      Бояумен көлеңке - жарықты беру деңгейі;

-     Заттың материалын берудегі шеберлік және сурет салу техникасы жоғары;

-      Жұмысты толық аяқтауы мен кескіндемелік сауаттылығы.

Материалдар: А3 форматтағы  қағаз, үшкірленген графиттік қарандаштар, жұмсық өшіретін өшіргіш (ластик), акварель, гуашь, түрлі-түсті қарандаштар.