23.02.2026ж., сағат 10-30, 414 дәріс аудиториясында «Экономика және менеджмент» кафедрасының э.ғ.к., аға оқытушысы А.А.Демесинованың «Қазақстан экономикасы» пәнінен
2026-06-10
23.02.2026ж., сағат 10-30, 414 дәріс аудиториясында «Экономика және менеджмент» кафедрасының э.ғ.к., аға оқытушысы А.А.Демесинованың «Қазақстан экономикасы» пәнінен «Қазақстанның металлургия кешені» тақырыбы бойынша ашық дәріс сабағын өтті. Сабаққа «Экономика және менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы, э.ғ.к. Иманова Г.А., аға оқытушысы, э.ғ.к. Темирова Ж.Ж., аға оқытушысы, э.ғ.к. Туралина С.М., аға оқытушысы Абдурахманова З.А., аға оқытушысы Сапарбаева Э.А., аға оқытушысы Саметова Г.А. және басқа да кафедраның профессор-оқытушылар құрамы қатысты.
Сабақ барысында слайдтар арқылы дәрістің тақырыбын ашатын келесі сұрақтар талқыланды:
1. Қазақстанның қара металлургия жағдайы.
2. Қазақстанның түсті металлургия кешенінің даму мүмкіншіліктері.
3. Қазақстан экономикасындағы машина жасау кешенінің қалыптасы және дамуы.
Лектор мен білім алушылар арасындағы кері байланыс лекция барысындағы сұрақ-жауап, пікірталас барысынан көрінді. Сабақ соңында студенттерге металлургиялық кешенді дамытудың өз жолдарын ұсынуға мүмкіндік берілді.


