ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІНДЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
background

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІНДЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ

2026-05-12

Медиатека / Новости / ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІНДЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІНДЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
2026 жылғы 5 мамыр күні Ж.А. Тәшенев атындағы университеттің Педагогикалық және жаратылыстану ғылымдар факультетінде талапкерлерге арналған Ашық есік күні ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өтті. Іс-шараға Шымкент қаласындағы бірқатар жалпы орта білім беру ұйымдарының оқушылары мен колледж студенттері қатысып, факультеттің білім беру мүмкіндіктерімен, заманауи оқу базасымен және сұранысқа ие мамандықтарымен кеңінен танысты.
Ашық есік күні аясында қатысушыларға факультеттегі білім беру бағдарламалары жан-жақты таныстырылып, педагогика, биология, химия, география және жаратылыстану бағыттары бойынша даярланатын мамандардың қазіргі қоғамдағы рөлі түсіндірілді. Сонымен қатар, талапкерлер оқу кабинеттері, зертханалар мен тәжірибелік алаңдардың жұмысымен танысып, оқу үдерісінде қолданылатын заманауи әдістер мен технологияларды көрді.
Іс-шара барысында факультет оқытушылары мен студенттері талапкерлерге университет өмірі, академиялық мүмкіндіктер, ғылыми жобалар мен студенттік бастамалар туралы ақпарат беріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Ашық форматта өткен кездесу талапкерлердің болашақ мамандығын дұрыс таңдауға бағыт-бағдар беруге мүмкіндік жасады.
Педагогикалық және жаратылыстану ғылымдары институтының директоры Арзымбетова Шолпан Жақсылыққызы мұндай іс-шаралардың маңыздылығына тоқталып өтті:
— Бүгінгі күні жастарға тек мамандық таныстыру жеткіліксіз. Ең маңыздысы — олардың болашаққа деген сенімін қалыптастырып, дұрыс таңдау жасауына бағыт беру. Ашық есік күні талапкерлерге университеттің тыныс-тіршілігін жақыннан көруге, өз қызығушылығына сай бағыттарды анықтауға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға үлкен мүмкіндік береді. Педагогика мен жаратылыстану ғылымдары — қоғам дамуының негізгі тіректерінің бірі, — деді институт директоры.
Ашық есік күні барысында қатысушылар факультеттің ғылыми әлеуетімен, студенттердің жетістіктерімен және оқу орнындағы қолайлы білім беру ортасымен танысты. Іс-шара талапкерлердің университетке деген қызығушылығын арттырып, болашақ мамандығын таңдауда маңызды қадам жасауына ықпал етті.