Ғылыми семинар
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Ташенов университеті арасындағы жасалған келісім шарттың негізінде құрылған «Балалардың зорлық-зомбылығын алдын алу» модульдік орталығының жұмысын жандандыру мақсатында 7 ақпан күні Ювеналды полиция, психолог мамандар, ғалымдардың қатысумен ғылыми семинар өткізілді. Ғылыми семинарда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры з.ғ.д. Г.Атаханова, Б. Момышұлы атындағы ҚР ІІМ оқу орталығының цикл басшысы з.ғ.к. Т.Қаратаев, Ж.А. Ташенов университетінің «Құқық және бизнес» кафедрасының меңгерушісі Н.Р.
«Әлішер Науаи және XXI ғасыр» халықаралық ғылыми-теориялық конференция
Tashenev университетінде «Әлішер Науаи және XXI ғасыр» халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өтіп жатыр
Жұмабек Тәшенев атындағы университет «Әлішер Науаи және XXI ғасыр» атты жыл сайынғы дәстүрлі ғылыми конференцияның басты тең ұйымдастырушысы болды. Бұл беделді ғылыми шараны Әлішер Науаи атындағы Ташкент мемлекеттік өзбек тілі және әдебиеті университетінің ұсынысымен ұйымдастырылды және биылғы жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мен қоғам қайраткері Жұмабек Тәшеневтің 110 жылдығына арналады.
«Әлішер Науаи және ХХІ ғасыр» атты 10-халықаралық конференция
2025 жылдың 6 ақпан күні «Ж.А. Тәшенев атындағы университеті» АҚ ұйымдастырған «Әлішер Науаи және ХХІ ғасыр» атты 10-халықаралық конференциясына «Дизайн» кафедрасының профессор оқытушылар құрамы мен студенттері қатысты. Кафедрамыздың студенттері конференцияға қатысушы қонақтарды ұлттық нақыштағы киім үлгілерімен күтіп алу рәсімінде өз үлестерін қосты. Конференция барысында ғалымдар мен зерттеушілер өзара тәжірибе алмасты.
Халықаралық конференция
06.02.2025 күні «Ж.А.Тәшенев атындағы университеті» АҚ ұйымдастырған «Әлішер Науаи және ХХІ ғасыр» атты 10-халықаралық конференциясына «Саз және ән» кафедрасының профессор оқытушылар құрамы мен студенттері қатысып қайтты. Конференция барысында ғалымдар мен зерттеушілер өзара тәжірибе алмасты. Конференцияға Қазақстан мен Өзбекстанның ғалымдары, түркітанушыларымен қатар, Үндістан, Түркия, Иран, Әзербайжан, Пәкістан, Ауғанстан, Қырғызстан, Венгрия және басқа да елдердің зерттеушілері қатысты.
«Ғасырлар үні» web-семинар
05.02.2025 күні Ж.А.Тәшенев атындағы университеті «Кәсіптік білім және өнер» факультеті «Саз және ән» кафедрасының аға оқытушысы Қ.Р.мәдениет қайраткері, магистр Айгүл Қалмаханқызының ұйымдастыруымен «Ғасырлар үні» тақырыбында web- семинар откізілді.Семинарға факультет деканы,кафедра меңгерушілер мен оқытушылар және " Эстрада вокал","Музыкалық білім" мамандықтарының студенттері қатысты.Кеш қонағы Қ.Р.мәдениет қайраткері, Шымкент қаласының құрметті азаматы,ОАИУ-нің профессоры Сайлаубек Жақсыбеков әрбір қазақтың көне аспаптарының дыбысталуын өзі ойнап көрсетті жән
Педагогикалық практика нәтижесі
«Педагогика және бастауышты оқытудың әдістемесі» кафедрасының 3-курс білім алушылары педагогикалық практикадан өтіп жатыр. 5.02.2025 жылы 6В01301-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі білім беру бағдарламасының 3-курс білім алушысы Мұсырманқұл Назерке Даниярқызы, Д.Қонаев атындағы мектепте педагогикалық практика өтіп, өзінің ашық сабағын, Қазақ тілі пәнінен, «Жұрнақ және жалғаулар» тақырыбында өтті. Ашық сабағына кафедра оқытушыларын шақырды. Ашық сабаққа сынып жетекшісі Назерке Нурпейсова мен кафедраның аға оқытушысы Сарсекенова Ақзира Жұпханқызы қатысты.
Shymkent IT Hub: IT-менеджмент студенттерінің танымдық сапары
Ж.А.Тәшенев университетінің 6В04104 - IT менеджмент білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері Шымкент IT Hub-тың құрылымымен танысуға арналған сапарын өткізді. Бұл іс-шара студенттерге IT саласындағы заманауи технологиялармен, инновациялық шешімдермен және стартаптардың даму процестерімен танысуға мүмкіндік берді.
"Қазақтың ұлттық өнері – тәрбие көзі" ашық-тәрбие сағат
«ЖҰМАБЕК АХМЕТҰЛЫ ТӘШЕНЕВ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТ» АҚ
«Педагогикалық және жаратылыстару ғылымдары» факультеті
Саясат Нұрбек университеттің инфрақұрылымымен танысты
ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІ ЖҰМАБЕК ТӘШЕНЕВ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТТІҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫМЕН ТАНЫСТЫ