"Химия және биология" кафедрасы

КАФЕДРА ТАРИХЫ

"Сырдария" университетінің "Дене шынықтыру және спорт" факультеті құрамына 1999-2000 оқу жылының екінші жарты жылдығында алғаш рет "Химия және биология" кафедрасы ашылған.
Кафедрада 5В011200-"Химия", 5В011600-"География" бакалаврларын және 6М011200-"Химия" мамандықтарынан ғылым магистрларын дайындады.
"Жаратылыстану" факультетінің тарихы
"Жаратылыстану және математика" факультеті 2014-ші жылдың наурыз айынан бастап "Химия және биология" мен "Экономика және математика" факультеттері біріктірілуінің арқасында құрылды. Жаратылыстану және математика факультеті 4 кафедралардан құралды.
 «Жаратылыстану» факультеті төмендегі мамандықтар бойынша бакалавр мамандар даярлады:

1. 6В01504 - Химия мұғалімдерін даярлау
2. 6В01505 - Биология мұғалімдерін даярлау
3. 6В01500 - Биология-География мұғалімдерін даярлау
4. 6В01506 - География мұғалімдерін даярлау
5. 6В01507 - Химия-Биология мұғалімдерін даярлау
6. 6В01509 - География-Тарих мұғалімдерін даярлау
7. 6В05101 - "Биология" 

Факультетте ғылыми-педагогикалық қызметпен 60 профессор – оқытушылар жұмыс жүргізген: оның ішінде ғылым докторы, профессор – 9; ғылым докторы, доцент – 1; ғылым кандидаттары, доцент - 11, ғылым магистрі – 17, аға оқытушы 3, оқытушы - 2. Факультет бойынша ғылыми дәреже атағы бар оқытушылардың үлесі 55 % құраған. 
Факультетте оқу үрдерісі оқытудың жаңа жүйесі кредиттік технология негізінде жүргізілілген. Факультеттің материалдық - техникалық базасы, мамандар әлеуеті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сай жасалынған.
Факультетте "Жалынды жастар" пікір-сайыс клубы, "Жас биологтар", "Зерттеуші химиктер", "Оазис" үйірмелері, "Студенттердің өзін-өзі басқару орталығы", "Қумашылар", "Бесбармақ" КВН командасы, "Ерке" би тобы, "Батырлар мен шымырлар" спорт командаларсы факультеттің намысын қорғап білікті дарынды жастарды дайындаған.
Факультетте білім алған студенттердің заман талабына сай білікті маман болып жетілуі үшін университет тарапынан барлық жағдайлар жасалған. 
Студенттердің құрамында 9 мемлекеттік білім грантының иегері, 1 студент президенттік степендиясының иегері, 3 студент университет степендиясының иегері, 4 студент облыс әкімінің жолдамасымен білім алған, 7 студент 50%, 18 студент 20%, 51 студент 10% жеңілдікпен білім алған.
Үздік оқитын және қоғамдық жұмыстарға белсене қатысатын студенттер қатарына Темиш Мейрамбек, Ибраимов Заманбек, Саитов Фарух, Абен Алтынай, Сапаралиева Фариза, Есімханова Мадина, Мырзақұл Ерғазы, Абишова Сандуғаш, Бектемір Гүлназ, Жандосқызы Махаббат, Оңғар Мөлдір, Құрман Айсылу, Амангелдіқызы Аружан, Ермахан Жазира, Сабырдин Гүлназ, Рахман Құрманбек, Құдайберген Жадыра, Тұржан Райхан, Сапар Әсел, Бектұрсын Нұрбол, Шабет Жаудр, Қожабекова Назира, Әбілқайырова Гүлзина, Молдабай Сулухан, Адырова Гулзейнеп, Мейірбек Оралай, Ильяс Азамат, Нарзиева Боханова Мадина, Бесбайқызы Зулфия, Есенгелдиева Данагүл, Ұлықбаев Бедіқожа, Ташибаева Бағила және т.б. есімдерін атауға болады.
Оқу процесі техникалық жабдықтармен, интернет жүйесіне қосылған компьютер орталығымен, оқулықтармен, оқу-әдістемелік құралдармен толық қамтамасыз етілген. Студенттердің сабақтан тыс уақытта өнермен, спортпен айналысуына толық жағдай жасалған. Университетте 300 орындық "Студенттер үйі" және "Қазақстан" студенттер сарайы жұмыс істеген.
 

КАФЕДРА ТЫНЫСЫ

(осы кезеңге дейінгі кафедра меңгерушілері)

- 2000 жылы ашылған "Химия және биология" кафедрасына кафедра меңгерушісі болып х.ғ.к., доцент Ибраимов Чиназбек;
- 2002 жылы "Химия және биология" кафедрасына кафедра меңгерушісі болып б.ғ.к., доцент Келдібеков Серікбай Елғонович;
- 2004-2005 жылдары "Химия және биология" кафедрасына кафедра меңгерушісі болып х.ғ.к., доцент Ибраимов Чиназбек;
- 2005 жылы "Химия және биология" кафедрасына кафедра меңгерушісі а.ш.ғ.к., аға оқытушы Дошманов Ескендір Қиятұлы;
- 2008 жылы "Химия және биология" кафедрасына кафедра меңгерушісі оқытушы Кукеев Сакен Сенбеевич;
- 2009-2010 жылы "Химия және география" кафедрасына кафедра меңгерушісі т.ғ.д., профессор Ашіров Әбдімәлік Манапұлы;
- 2012 жылы "Жаратылыстану ғылымдары" кафедрасына кафедра меңгерушісі а.ш.ғ.д., профессор Умбетаев Ибадулла Изатуллаұлы;
- 2014 жылы Наурыз айынан бастап "Жаратылыстану ғылымдары" кафедрасына кафедра меңгерушісі х.ғ.к., доцент Қобланова Онғаркул Нурмахамбетқызы;
- 2015 ж. қыркүйек айынан "Жаратылыстану ғылымдары" кафедрасына кафедра меңгерушісі б.ғ.к., доцент Исакова Динара Тұрапбайқызы;
- 2015 28-тамыздан "Химия және география" кафедрасы болып бөлініп кафедра меңгерушісі х.ғ.к., доцент Қобланова Онгаркул Нурмахамбетқызы тағайындалды.

ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫ

2015-2020 оқу жылдар аралығында «Химия және география» кафедрасында 14 профессор – оқытушылар: оның ішінде ғылым доктор, профессор–1; ғылым кандидаттары-7, соның ішінде доцент-5, ғылым магистрі–6, оның ішінде аға оқытушы-3, оқытушы-3 жұмыс істеген. 
Кафедрада ғылыми дәрежесі және атағы бар оқытушылардың үлесі 53,84% құраған.
Кафедраның ғылым докторлары, профессорлары мен: Ә.М.Әширов, ғылым кандидаттары, доценттері: Қ.С.Мадыханова, Ш.Ибраимов, Е.Қ.Дошманов, О.Н.Қобланова, Ф.Сулейменова, Нурходжаева З.А. ғылым магистрлері: К.Б.Исмаилова, П.А.Абдуразова, Н.С.Аманбаев, О.Қ.Кулумбетова, У.Б.Шорабекова, Б.Исабеков сынды ғалымдар жұмыс жасаған.
Жоғарыда атап өткен профессор-оқытушылар озық педагогикалық тәжірибелерді қолданып, педагогикалық эксперименттер өткізіп оның нәтижелерін оқу процесіне енгізуде және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен үздіксіз айналысады. Халықаралық және Республикалық деңгейдегі ғылыми-практикалық конференцияларға қатысып, ғылыми мақалалары мен оқу-әдістемелік материалдарын ғылыми басылым беттерінде жүйелі түрде жариялап келген. 
Кафедра оқытушылары көптеген оқу әдістемелік, зертханалық, практикалық жұмыстарды орындауға арналған оқу құралдары, дәрістер жинақтарымен әдістемелік нұсқаулар әзірлеген.
Кафедра оқытушыларының үздіксіз ізденулері мен еңбектері нәтижесінде үлкен, бай кітап қоры мен электронды кітаптар, вертуалды зертханалық жұмыстар жинақталған.
 

5

Кафедраның профессор оқытушылар құрамы зертханалық жұмыстарды талқылау үстінде
 

Білім беру бағдарламалар

«Химия және биология» кафедрасы дайындайтын мамандықтар тізімі:

6В01504 – «Химия мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасы
6В01505 - «Биология мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасы
6В05101 - «Биология»  білім беру бағдарламасы
6В01507 –«Химия және биология мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасы
6В01510 – «Биология және география мұғалімдерін даярлау»

ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ

Кафедрада орындалатын ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағыттары
1.    "Жаңа инновациялық технологияларды қолданып, Мақтаарал ауданының химиялық экологиясын зерттеу";
2.    "Жаңа инновациялық технологияларды қолданып, Мақтаарал ауданының химиялық экологиясын зерттеу нәтижелеріне географиялық тұрғыдан мониторинг жасау"

5

ХИМИЯЛЫҚ ЭКОЛОГИЯ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ

Сырдария университеті жанынан химиялық экология зерттеу орталығы ашылып, зертхана қазіргі заман талабына сай химиялық және биологиялық құрал жабдықтармен жабдықталған.
Кафедраның оқытушылары әр түрлі ғылыми гранттарға қатысып гранттық тақырыптармен ғылыми жұмыстар атқарған. Студенттермен тығыз байланыста болып, студенттермен ғылыми мақалалар шығарған.

2018-2021 оқу жылдарындағы "Химия және география" кафедраның профессор оқытушылар құрамы

6
КАФЕДРАНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

"Химия және биология" кафедрасы 2022 жылы құрылған. Кафедра жұмысының негізгі бағыты болашақ химия, биология және география мұғалімдерінің негізгі құзыреттіліктері, сондай-ақ жалпы ғылыми және арнайы білімдері, мен дағдылары жүйесін қалыптастыру, сұранысқа ие мықты бакалаврлар мамандарды даярлау болып табылады.

КАФЕДРАНЫҢ МАҚСАТТАРЫ:
- жоғары білімді және жоғары білікті мамандарды оқыту және тәрбиелеу;
- орта және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесін және мемлекеттік басқару, Мәдениет органдарын ішкі және сыртқы еңбек нарықтарында табысты бәсекеге қабілетті жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ету;
- ҚР жоғары білім беру МЖМБС айқындайтын әлемдік білім беру және ғылыми-ақпараттық жүйеге интеграцияға қол жеткізу.

КАФЕДРАНЫҢ МІНДЕТТЕРІ:
- болашақ химия, биология және география мұғалімдерін сапалы кәсіби даярлауды қамтамасыз ету;
- кафедраның ғылыми бағыттары бойынша оқу және сабақтан тыс уақытта студенттермен зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру;
-3 тілде оқулықтар мен оқу және көрнекі құралдарды әзірлеу және енгізу, студенттердің білімін бақылауды қамтамасыз ету үшін Бақылау-өлшеу құралдарын әзірлеу;
- оқытушылардың кәсіби деңгейін жүйелі түрде арттыру;
- кафедра оқытушыларының әдістемелік және ғылыми дайындық деңгейін арттыру.
- болашақ химия, биология және география мұғалімдерінің негізгі құзыреттіліктері, сондай-ақ жалпы ғылыми және арнайы білімдері, дағдылары мен дағдылары жүйесін қалыптастыру;
- магистранттар мен докторанттарды мақсатты даярлау арқылы кафедра ПОҚ дәрежесін күшейту;
- патриоттық тәрбие беру және азаматтық белсенділікті, әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыру жөніндегі шаралар кешенін іске асыру.
- кураторлық қызмет көлеміне, дәріс оқу және практикалық сабақтар өткізу процесінде және жатақханадағы кезекшілік кезінде тәрбие жұмысын жүзеге асыру.
 

ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫ

2022-2023 оқу жылында кафедрада 12 профессор оқытушылар құрамы, оның ішінде ғылым кандидаттары - 4, философия докторы РhD-1, ғылым магистр аға оқытушылар-2, ғылым магистр оқытушылар-5 жұмыс жасады. 
Кафедраның профессор оқытушылар құрамы: ғылым кандидаттары Тенлибаева А.С. Мусаев Х., Юсупов Ш., Мұстияр Т.А., phD Қасымекова М. және де ғылым магистрлері Муминова Ш.С., Жасузаков И.А., Абдураимова Н.Ш., Убаев Ф., Спабекова А., Спабекова Е., студенттерге тәлім-тәрбие берді.  Кафедрада ғылыми дәрежесі және атағы бар оқытушылардың үлесі 33.3% құрады.
2023-2024 оқу жылында кафедрада 15 профессор оқытушылар құрамы, оның ішінде ғылым кандидаттары -7 , философия докторы РhD-2, ғылым магистр аға оқытушылар-2, ғылым магистр оқытушылар-6 жұмыс жасайды.
Кафедраның профессор оқытушылар құрамы: х.ғ.к. доцент Р.А. Козыкеева, философия докторлары РhD- Ш.С. Муминова., Усербаева Б., ғылым кандидаттары Нарымбаева З.К., Курманбай У.,Тенлибаева А.С. Биғара Т., Джалилов К.А., Мұстияр Т.А., және де ғылым магистрлері Абдураимова Н.Ш., Мамыт А., Нурпейсова А., Әсенов С.Ш.,Спабекова Е., студенттерге тәлім-тәрбие беруде.  Кафедрада ғылыми дәрежесі және атағы бар оқытушылардың үлесі 60% құрайды.

5

Профессор-оқытушылар озық педагогикалық тәжірибелерді қолданып, педагогикалық эксперименттер өткізіп оның нәтижелерін оқу процесіне енгізуде және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен үздіксіз айналысады. Халықаралық және Республикалық деңгейдегі ғылыми-практикалық конференцияларға қатысып, ғылыми мақалалары мен оқу-әдістемелік материалдарын ғылыми басылым беттерінде жүйелі түрде жариялап келді.

КАФЕДРАНЫҢ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТЫ:

"Химия және биология" кафедрасының ғылыми-зерттеу жұмысы 2022-2027 жылдарға бекітілген "Ауыл шаруашылығы дақылдарының селекциясы және тұқым шаруашылығы, өсімдіктерді қорғау"ҒЗЖ мемлекеттік бюджеттік тақырыбына сәйкес жүргізіледі және бастамашыл-іздестіру сипатында болады. Ғылыми жұмыс ғылыми қызметтің негізгі деңгейлерін қамтиды: профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлердің ғылыми-зерттеу қызметі, білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмысы. Кафедраның зерттеу жұмыстарының ғылыми бағыты "өсімдіктерді қорғау"тақырыбы бойынша жүргізіледі.

Химия және биология пәндерінен  ғылыми – зерттеу жұмыстарын орындау барысы

6

«Химия және биология» кафедрасының профессор оқытушылар құрамы ұйымдастырған  «Химия және биология»  апталығы

«Химия және биология» кафедрасының  профессор оқытушылар құрамы ұйымдастырған  тәрбиелік іс шаралар

6
Пәндер презентациялар
  1. Өсімдікті биологиялық қорғау. Мамытова А.Ы.
  2.  Цитология, Гистология және Эмбриологогия. Абдураимова Н.Ш.
  3.  Өсімдіктер шаруашылығы. Абдураимова Н.Ш.
  4. Биологиялық препараттарды дайындау әдістері. Мухаметжан Е.
  5. Дүние жүзінің табиғат ресурстары географиясы. Мухаметжан Е.
  6. Биологиялық экология. Мухаметжан Е.
  7. Stem білім беру. Айткулова Р.Э. 
  8. Паразитология және жануарлардың инновазиялық аурулары. Айткулова Р.Э.
  9. «БИОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯ» ПӘНІ
  10. «Органикалық химияияның теориялық негіздері». Джалилов К.
  11. «Адамның даму биологиясы». Т.С.Биғара
  12. «Биологиялық алуантүрлілікті сақтау». Т.С.Биғара
  13. "Өсімдіктер ағзаларының құрылымы мен қызметі". Т.С.Биғара
  14. Органикалық химия сабағында есептер мен жаттығулар
  15. Химия трихы
  16. Элементер химиясы
  17. ОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯ ПӘНІ -1, 2
     

 

1 23457888

Жаңа пікірді жазу

Бұл өрістің мазмұны құпия ретінде сақталған және жарияланып көрсетілмейді.

Ограниченный HTML

  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a href hreflang> <em> <strong> <cite> <blockquote cite> <code> <ul type> <ol start type> <li> <dl> <dt> <dd> <h2 id> <h3 id> <h4 id> <h5 id> <h6 id>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
  • Web page addresses and email addresses turn into links automatically.

Оқиға категориялары