Шетелдік студенттермен жұмыс жөніндегі департаменті

Наралиева Шахло Джамаловна

Шетелдік студенттермен жұмыс департаментінің директоры
✆ Телефон: +7 778 400 40 97
✉ E-mail: mobility@tashenov.edu.kz 


Білімі: М.Ұлықбек атындағы Ташкент мемлекеттік университеті, «Филолог, өзбек тілі мұғалімі» мамандығы

Жауапкершіліктер: 

- Ж.А.Ташенев атындағы университеттің шетелдік студенттерін әлеуметтік бейімдеу;
- шетелдік студенттер мен оқытушыларға визалық шақырулар беру бойынша консультациялық қызмет көрсету;
- жақын шетелден келген шетелдік студенттердің тұрғылықты жері бойынша көші-қон қызметі басқармасына, Шымкент қаласының ІІБ-на уақытша тіркелуін қамтамасыз ету;
- Ж.А.Ташенев атындағы университетте оқуға ниет білдірген шетел азаматтарының контингенті өсуін үйлестіреді.

Кәсіби жетістіктер:
– 2012 жыл – Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Е.Тоғжановтың Алғыс хаты.
– 2018 жыл – Қазақстан Республикасы өзбек этномәдени бірлестігінің «Дустлик» медалі.
– 2019 жыл – Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалі.
– 2022 жыл – Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинети жанындағы Халықаралық байланыслар ҳәм шет еллер менен дослық байланыслар комитетинен Алғыс хат.
– Қазақстан Республикасы өзбек этномәдени бірлестіктерінің «Дустлик» бірлестігі төрағасының білім беру саласындағы орынбасары

Құжаттар

💾 Академиялық ұтқырлық туралы ереже

💾 Құрылымдық ереже

💾 ECTS түрі бойынша кредиттерді қайта есептеу туралы ереже

💾 Академиялық ұтқырлық бөлімінің 2020-2021 оқу жылына арналған жылдық ЖОСПАРЫ

💾 Академиялық ұтқырлық бөлімінің 2020–2021 оқу жылындағы сапа мақсаттарының орындалу жоспары

💾 Профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылардың ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлығы туралы есеп

💾 Положение о порядке привлечения зарубежных специалистов в университет "Сырдария"

Договора о взаимном сотрудничестве в сфере оказания образовательных услуг 

Профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылардың ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлығы туралы есеп

Академиялық ұтқырлық бөлімінің 2019-2020 оку жылындағы жылдық есебі

Академиялық ұтқырлық туралы ереже

Студентерге қажетті құжаттар тізімі

Cтуденттің өтініші


📆 31.05.2022. Ішкі академиялық саясат бағдарламасын іске асыру

  📆 17.04.2022. Ішкі академиялық саясат бағдарламасын іске асыру 

 📆 16.02.2022. Сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске асыру 

 📆 10.02.2022. Ішкі академиялық саясат бағдарламасын іске асыру 


Академиялық ұтқырлық бойынша іс-шаралар Университет құрылымында 2012 жылдың қыркүйегінен үздіксіз жүзеге асырылып келеді, 2016 жылдан бастап бөлім ретінде қайта құрылып, басшысы болып А.Мұхтарғалиева тағайындалды. 2017-2020 жылдың аралығында М.Досқараева бөлім басшысы болып қызмет етелді.

2020 ж. қараша айынан бастап Конарбаева Н.Б. бөлім басшысы болып қызмет етеді. 

Академиялық ұтқырлық бөлімі Болон Декларациясының негізгі принциптерін ұстана отырып студенттер, оқытушылар мен қызметкерлердің академиялық ұтқырлығын іске асыруда. «Сырдария» университетіне жетекші мамандарды шақыру, оқытушылардың, магистранттардың және студенттердің тағылымдамасын, іс-тәжірибесі мен білім алмасу іс-сапарларын ұйымдастыру бойынша жұмыстарды жандандыру бағытында отандық және шетелдік ЖОО-мен екі жақты келісімшарттар орнату жұмыстарымен айналысады.

Қазіргі таңда академиялық алмасу аясында университетімізбен Латвия, Венгрия, Түркия, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан елдері арасында тығыз байланыс орнатылған.
Сыртқы академиялық ұтқырлықты дамыту мақсатында студенттер мен оқытушылар Тәжік Педагогикалық институты мен Қырғызстанның М.Қ.Барскани атындағы Шығыс университетімен білім алмасу, тағылымдамадан өту, ғылыми-зерттеу жұмыстарын бірлесіп жүргізу шараларына белсенді қатысуда.

Сонымен қатар, алыс шетел ЖОО-мен байланысты нығайту мақсатында халықаралық Erasmus+ және Мевлана бағдарламалары аясында Еуропаның Riga Technical University, Eszterházy Károly University және Түркияның Anadolu University, Kastamonu University, Artvin Coruh University беделді университеттерімен академиялық алмасуды іске асыратын келісімшарттар түзілген. 

Университетімізге жыл сайын шетелдік мамандарды дәріс оқуға, консультация мен семинар жүргізуге шақырамыз. Атап айтсақ, Германия, Египет, Ресей, Қырғызстан, Португалия, Тәжікстан елдерінен беделді профессорлар оқу орнымызға келді. Ішкі академиялық ұтқырлық бойынша еліміздің ЖОО-мен білім алушыларды алмастырудамыз, оның ішінде Шымкент қаласының университеттерімен тығыз байланыс орнатылған.

Академиялық ұтқырлық бөлімі білім алушылар мен оқытушылардың білім мен тәжірибе алмасуда университет беделін арттырып, халықаралық ынтымақтастық қарым-қатынас орнатуға қызмет етеді.

2012 жылдан бастап университетке академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша шетелдің беделді оқу орындарынан профессорларды студенттер мен оқытушыларға лекция, семинарлар мен консультациялар жүргізу мақсатында шақырылады. Университетімізге Германиядан PhD этнолог Йеско Шмоллер, математика ғылымдарының докторы, профессор Петер Эйхлер және филология ғылымдарының докторы профессор Вальтер Фризен келіп дәріс оқыды.

Сондай-ақ «Сырдария» университеті студенттері мен магистранттары Португалияның химия ғылымдарының докторы Свитлана Любчик, Ұлыбританияның Кемдбридж университеті профессоры Сидхарт Саксена, Варвик университеті Рэй Чатвин, Египеттің Суец каналы университеті Мустафа Селми сияқты беделді профессор-оқытушылармен танысуға, дәрістерін тыңдау мүмкіндігіне ие болды. ТМД елдерінің ішінде Ресейдің Омбы қаласының Қаржы университетінен экономика ғылымдарының кандидаты Хаиров Бари Галымович, Қырғызстанның Махмуд Қашқари-Барскани атындағы Шығыс университетінің жетекші ғалым профессорлары, Тәжікстан педагогикалық институтының ректоры, филология ғылымдарының докторы Ансоров Муаззам-Кудротзодо келіп университетіміздің студенттерімен жүздесіп дәріс оқып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар мәдени байланыстарды дамыту мақсатында Франция, Венгрия елдерінен келген қонақтарды атап өтуге болады.

Университетіміздің тәжірибесі мол профессор-оқытушыларды басқа университеттерге екі жақты ынтымақтастық негізінде лекция оқып, тәжірибе алмасуға жіберіледі. Оқытушылардың академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуы екіжақты байланысты одан әрі нығайта түсетін маңызды фактор. Осыған орай алыс-жақын шетелдерге профессор-оқытушыларымыз жиі барып өз тәжірибесімен бөлісіп тұрады. 

Атап айтатын болсақ, Тәжік педагогикалық институтына (Тәжікстан, Пенджикент) ректорымыз педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Дайырбеков С.С. «Информатика» пәнінен дәріс оқыса, техника ғылымдарының кандидаты, доцент Жолдасов С.А. «Дифференциалды математика» пәнінен, география ғылымдарының кандидаты, доцент Тажекова А.Д «Геоэкология және табиғатты қорғау» тақырыбында дәріс жүргізіп келді. Қырғызстанның Бишкек қаласында орналасқан М.К. Барскани атындағы Шығыс университетіне университетімізден техника ғылымдарының кандидаты, доцент Жаңабаев Ж.Д., PhD докторы Нұрбек М.А., техника ғылымдарының кандидаты, доцент Рузибаев А.Ж, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Тленчиева Н.С., филология ғылымдарының кандидаты, доцент Авдонин В.В. секілді жоғары білікті мамандарымыз барып өз тәжірибелерімен бөлісіп келді.


«Сырдария» университеті 2020-2025 жылдарға арналған Стратегиялық даму жоспары бойынша отандық және шетелдік академиялық ұтқырлық бағдарламаларын жүзеге асыруда. 
2020-2021 оқу жылының жоспарына сәйкес, онлайн форматта бір академиялық мерзімге «Сырдария» университеті мен отандық, шетелдік жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық келісімшарттар шеңберінде университетіміздің студенттері 1 семестрге академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша төмендегідей ЖОО-ға барып білім алмасуларына мүмкіндік алып отыр:
1. Шәкәрім атындағы Семей университеті (Семей қаласы);
2. Торайғыров университеті (Павлодар қаласы);
3. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті (Шымкент қаласы);
4. Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті;
5. Silkway халықаралық университеті;
6. Шымкент университеті.
«Сыртқы академиялық ұтқырлық» бағдарламасын дамыту бойынша:
1. Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университеті (Қырғызстан мемлекеті);
2. Тәжік педагогикалық университеті.
«Сырдария» университеті аталған университеттерден басқа  30 жоғары оқу орынымен келісімшарттар жасасқан. Бұл дегеніміз, сіздер басқа да университеттерге барып білім алуларыңызға университет мүмкіндік беріп қойған. Егер сізді университеттің академиялық ұтқырлық бағдарламасы қызықтыратын болса, толық ақпаратты https://sirdariya.kz/kk/academic-mobility сайтынан біле аласыздар!!!

2014 жыл. Улыбританиялық ғалым, философия докторы (PhD), профессор Сидхарт Саксена университетте қонақта

2014 жыл. Лиссабондық ғалым,  химия ғылымдарының докторы С.Б. Любчик

2015 жыл. Германиялық ғалым математика ғылымдарының докторы, профессор Петер Эйхлер

2015 жыл. РФ Омск Қаржы университеті, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Б.Г. Хаиров

2017 жыл. Германиялық ғалым Вальтер Фризен келгенде

2017 жыл. Египеттік ғалым Мустафа Селми дәріс оқуда

2018 жыл. Университет ғалымдары т.ғ.к., доцент Рузибаев А.Ж., т.ғ.к., доцент Жаңабаев Ж.Д., PhD доктор Нұрбек М.А.
М.К. Барскани атындағы  Шығыс университетінде

2018 жыл. Ұлыбританиялық ғалым, философия докторы (PhD) Рай Чатвин "Сырдария" университетінің "Құрметті профессоры"

 

 

"Сырдария" университетінің "Академиялық ұтқырлық" бөлімінің 2020-2021 оқу жылының 2-ші жартыжылдығында "Ішкі академиялық ұтқырлық" бағдарламасы бойынша оқуға жіберілген студенттер

 


ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі №152 бұйрығымен бекітілген "Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру қағидасының" 77 тармағы талабына сәйкес, ғылым мен білімді ұштастыру мақсатында "Сырдария" университетінде 2012 жылдан бастап Академиялық ұтқырлық бойынша білім алушылардың ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлығы бағдарламасы бойынша жұмыстар жүргізіліп келеді, 2016 жылдың қыркүйек айынан бастап өз алдына "Академиялық ұтқырлық" бөлімі болып құрылды.

Академиялық ұтқырлық – білім алушыларды немесе оқытушы-зерттеушілерді белгілі бір академиялық кезеңге: семестр немесе оқу жылына өзге жоғары оқу орнына (ел ішінде немесе шетелде) игерген білім бағдарламаларын міндетті түрде кредит түрінде сынақ ретінде тапсыра отырып, өз ЖОО-да немесе өзге ЖОО-да білімін жалғастыру немесе зерттеулер жүргізу үшін ауыстыру.

Академиялық ұтқырлық сыртқы (халықаралық) және ішкі (ұлттық) академиялық ұтқырлық болып ажыратылады.

Сыртқы академиялық ұтқырлық - шетелдік жоғары оқу орындарында білім алу, оқытушы-зерттеушілердің білім беру салалары мен ғылыми мекемелердегі қызметі.

Ішкі академиялық ұтқырлық  - білім алушылардың, оқытушы-зерттеушілердің Қазақстанның беделді жоғары оқу орындарында білім алуы, қызмет етуі.

Академиялық ұтқырлықтың бөлімінің мақсаты: әлемдік білім беру кеңістігіндегі интеграция.

Академиялық ұтқырлық бөлімінің негізгі міндеті - студенттер мен университет қызметкерлерінің академиялық ұтқырлығын ұйымдастыру, есепке алу және бақылау, жоспарлау және болжау болып табылады.

Қызметінің негізгі бағыттары:

  • Ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлықты іске асыру;
  • Халықаралық "Болашақ" бағдарламасына қатысу үшін үміткерлерге кеңес беру;
  • Халықаралық оқу бағдарламалары бойынша мәліметтер беру;
  • Студенттер мен университет қызметкерлері академиялық ұтқырлығын жүзеге асыруға бағытталған университет кафедраларымен жұмыс істеу.