"Қозы Көрпеш-Баян Сұлу" күнін атап өтті
- 64 просмотра
"Қозы Көрпеш-Баян Сұлу" күні де есігімізді қағып келді. Ежелден-ақ, адам баласы ұлы махаббат сезімін ерекше қадірлеп, қастерлеп келген. Соның әсері болса керек, әр халық осы сезімді құрметтеп, бағалануын тілеп, түрлі күндерді ойлап тапқан. Енді елімізде махаббатты қастерлеудің жаңа дәуірі келе жатыр. Кіршіксіз махаббатқа толы жүрек иелері Қозы Көрпеш пен Баян сұлу күнін атап өтіп, осы күні барлық жақындарымызға, ғашықтарымызға сезімімізді білдіріп, құрмет көрсету әр қазақтың борышы болса керек.
Осы мерекеге орай, 16 сәуір күні оқу ордамыздың Жастар бөлімінің ұйымдастыруымен "Қозы Көрпеш – Баян Сулу" атты кеш өткізілді.
Мерекелік кеш жыл бойы университетіміздің түрлі іс-шараларына қатысып келген белсенді студент-жастарды алғыс хатпен марапаттаудан басталды.
Кеште университетіміздің әр факультетінен әнші, биші студенттеріміз өз өнерлерін көрсетіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Махаббат – дүниенің ең асыл, жалпақ жалғанның ең кіршіксіз сезімі. Қалқаман-Мамыр, Ләйлі-Мәжнүн, Қыз Жібек пен Төлеген және Қозы Көрпеш-Баян сұлу сияқты ұрпақ тәрбиесіне ерекше ықпалы бар көптеген ғашықтар образы біздің бойымызға сүйіспеншілік пен адалдық қасиеттерін дарытатына сенімдіміз.
Оқиға категориялары
?База данных "Zan" ? Tilqural.kz ? Tilalemi.kz ? Balatili.kz ? Emle.kz ? Termincom.kz ? Sozdikqor.kz ? Qazcorpora.kz ? Qujat.kz ? Tilmedia.kz ? Atau.kz ? Abai.institute.
✅ Анкета "Удовлетворенность студентов организацией научно-исследовательской работы в вузе"
✅ Анкета "Вовлечение преподавателей вуза в научно-исследовательскую работу"
✅ «Удовлетворенность ППС высшим учебным заведением»
✅ «Удовлетворенность студентов результатами обучения»
✅ «Удовлетворенность студентов вузов предоставляемыми им вспомогательными услугами»
✅ Анкета по удовлетворенности работодателя качеством подготовки выпускников