ЗАМАНАУИ ҰСТАЗ: ИНТЕЛЛЕКТ, ШАБЫТ, ШЕБЕРЛІК АТТЫ XVI РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИПИАДАСЫ
- 19 просмотров
9.04.2025 жылы Талдықорған қаласында Қазақстан Республикасы жоғары орындары студенттері арасында 6В013 – «Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау» бағыты бойынша «Заманауи ұстаз: интеллект, шабыт, шеберлік» атты XVI Республикалық пәндік олипиадасы өтті. Педагогикалық және жаратылыстану ғылымдары факультетінің, Педагогика және бастауышта оқыту әдістемесі кафедрасының 6В01301-Бастауышты оқытудың педагогикасы мен әдіснамасы білім беру бағдарламасының 3-курс білім алушыларынан құралған «Білім Нұры» командасы қатысып, «Білім мен шабыттың ұжымы» номинациясымен марапатталды. Сонымен қатар, команда жетекшілері ғ.м., оқытушы Бердібек А.М., ғ.м., оқытушы Тамабай Ә.М., ғ.м., оқытушы Нұрсейт Ә.Т. алғыс хатпен, қатысушылар Қожахымет Ү.М., Жумахан Н.С., Искендер А.Н., Сақбай Б.М. сертификатпен марапатталды.