«Сырдария» университеті 2021-2022 оқу жылына бос лауазым орындарына конкурс жариялайды
- 93 просмотра
? 01.02.2022
«Сырдария» университеті 2021-2022 оқу жылына бос лауазым орындарына конкурс жариялайды
1.Декан, кафедра меңгерушісі қызметіне (ғылым докторы, немесе ғылым кандидаты, философия докторы (PhD):
- «Гуманитарлық білімдер және заң» факультетінің деканы; 1 б.
- «Жаратылыстану және экономика» факультетінің деканы; 1 б.
- «Ағылшын тілі» кафедрасы; 1 б.
- «Құқықтану» кафедрасы; 1б
-«Экономика» кафедрасы; 1б
Лауазымдық міндеттері:
- Кафедраның даму стратегиясын дайындайды;
-жұмыс берушілермен және білім беру ұйымдарымен ынтымақтастықты дамытады;
- кафедра қызметін ұйымдастырады, кафедрада оқу, тәрбие және ғылыми жұмыстарын үйлестіреді;
-кафедраны білікті мамандармен қамтамасыз ету мәселесін ұйымдастырады;
- кафедарда педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру жұмысын үйлестіреді;
- кәсіби білімді дамыту мен қолдану шараларын және тәжірибені таратуды, еңбектің қолайлы және қауіпсіз жағдайын қамтамасыз етеді, техника қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарын сақтайды;
- басқарудың экономикалық және әкімшілік әдістерін дұрыс үйлесуін қамтамасыз етеді;
- кафедра қызметкерлерінің тиімді жұмысы бойынша моральдік және материалдық ынталандыру қағидаттарын қолданады;
- кафедра қызметі тиімді болу үшін инновациялық технологиялармен қамтамасыз етеді;
- кафедрадағы дайындық бағыттары бойынша еңбек нарығын зерттейді, кафедра қызметінің қорытындысы бойынша есеп береді.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, ғылыми дәрежесі, ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі кемінде 5 жыл болуы тиіс.
2.Мынадай білім беру бағдарламаларына профессор, қауымдастырылған профессор (доцент), аға оқытушы, оқытушы. қызметтеріне:
6В01402-Музыка мұғалімдерін даярлау;
6В02101-«Дизайн»;
6В04201-«Құқықтану»;
6В01501-Математика мұғалімдерін даярлау;
6В01502-Физика мұғалімдерін даярлау;
6В01505-Биология мұғалімдерін даярлау;
6В01601-Тарих мұғалімдерін даярлау;
6В01702-Шет тілі: екі шет тілі мұғалімдерін даярлау;
6В03201-Кітапхана ісі;
6В04103, 7М04101-Экономика;
6В06102-Информатика;
Профессор
Лауазымдық міндеттері:
Оқытушылық қызметі (оқу ақпаратын таратады, өз бетімен оқуға үйретеді):
-жоғары мектептің дидактика саласы мен арнайы саладағы білімді интеграциялау негізінде ЖОО сабақтардын барлық түрлерін өткізеді;
-зерттеушілер мен білім алушылардың кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыратын инновациялық, технологияларды қолданып ЖОО барлық сабақ түрлерін өткізеді.
Тәрбиелік қызметі (білім алушыларды әлеуметтік кұндылықтар жүйесіне тартады):
-Қазақстанның ұлттық басымдылықтарын есепке ала отырып тәрбие үдерісін үлестіреді;
-дискриминация, экстремизмнің кез келген түрлеріне қарсы тұру қабілеті бар екенін білдіреді.
Әдістемелік қызметі (білім үдерісін әлеуметтік қамтамасыз eтуді жүзеге асырады):
- білім бағдарламасын жобалайды;
- білім бағдарламаларын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуге жетекшілік жасайды;
- авторлық бағдарламаларды енгізеді.
Зерттеушілік қызметі (білім мазмұнын меңгеру деңгейін зерделейді білім ортасын зерттейді):
-арнайы салада, кәсіптік бөлімнің теориясы мен әдістемесінде жаңа білімді дамытады;
- жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеулер нәтижелерін осы нәтижелерді практикаға енгізудің әлеуметік. экономикалық, экологиялық салдарын болжайды;
-студенттер мен магистранттар ғылыми зерттеулеріне жетекшілік етеді.
Әлеуметтік коммуникативтік қызметі (кәсіби қоғамдастықпен және білімнің барлық мүдделі тараптарымен өзара әрекеттесуді жүзеге асырады):
- білім тәжірибесін жетілдіру үшін шетелдік әріптестермен кәсіптік өзара әрекеттесуді бастамашыл етеді.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, ғылыми дәрежесі, «профессор» ғылыми атағы және ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі кемінде 5 жыл, соның ішінде доцент қызметінде кемінде 1жыл болуы тиіс.
Қауымдастырылған профессор (доцент)
Лауазымдық міндеттері:
Оқытушылық қызметі (оқу ақпаратын таратады, өз бетімен оқуға үйретеді):
- жоғары мектептің дидактика саласы мен арнайы саладағы білімді интеграциялау негізінде ЖОО сабақтардың барлық түрлерін өткізеді.
- зерттеушілер мен білім алушылардың кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыратын иннованиялық технологияларды қолданып ЖОО барлық сабақ түрлерін өткізеді
Тәрбиелік қызметі (білім алушыларды әлеуметтік кұндылыктар жүйесіне тартады):
- Қазақстанның ұлттык басымдылыктарын есепке ала отырып тәрбие үдерісін үлестіреді;
- дискриминация, экстремизмнің кез келген түрлеріне қарсы тұру кабілеті бар екенін білдіреді.
Әдістемелік қызметі (білім үдерісін әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады):
- жоғары білімнің даму стратегиялары мен әлемдік үрдістерді есепке ала отырып зерттеушілер мен студентер білімнің жеке траекториясын анықтайды;
- курс (модуль) мазмұнын анықтайды.
Зерттеушілік кызметі (білім мазмұнын меңгеру деңгейін зерделейді, білім ортасын зерттейді):
- арнайы салада, кәсіптік білімнің теориясы мен әдістемесінде жаңа білімді дамытады;
- жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеулер нәтижелерін осы нәтижелерді практикаға енгізудің әлеуметік, экономикалық, экологиялық салдарын болжайды;
- студенттер мен магистранттар ғылыми зерттеулеріне жетекшілік етеді.
Әлеуметтік коммуникативтік қызметі (кәсіби қоғамдастықпен және білімнің барлық мүдделі талаптарымен өзара әрекеттесуді жүзеге асырады): білім тәжірибесін жетілдіру үшін шетелдік серіктестермен кәсіптік өзара әрекеттесуді бастамашыл етеді.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, ғылыми дәрежесі, ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі кемінде 3 жыл болуы тиіс.
Аға оқытушы
Лауазымдық міндеттері:
Оқытушылық қызметі (оқу ақпаратын таратады, өз бетімен оқуға үйретеді):
- кафедра бекіткен дәріс сабақтарын өткізеді;
- тәлімгердің тікелей жетекшілігімен кәсіптік білімнің заманауи тұжырымдамасын есепке алып, дәріс материалдарының мазмұнын (кафедрада бекіту үшін) анықтайды;
- өз бетімен білім алушылардың өздік жұмысын жоспарлайды және ұйымдастырады.
Тәрбиелік қызметі (білім алушыларды әлеуметтік құндылықтар жүйесіне тартады):
-Қазақстан ұлттық басымдылықтарын есепке ала отырып тәрбие үдерісін үлестіреді;
-дискриминация, экстремизмнің кез келген түрлеріне қарсы тұру қабілеті бар екенін білдіреді;
-тілдік құзыреттілікті, мәдениет туралы білімді дамытады.
Әдістемелік қызметі (білім үдерісін әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады):
-тәлімгердің жетекшілігімен сабақ беретін пәндер бойынша ОӘК әзірлейді:
-тәлімгердің жетекшілігімен білім ұйымдарының миссиясы мен мақсатына сай авторлық курстарды әзірлейді.
Зерттеушілік қызметі (білім мазмұнын меңгеру деңгейін зерделейді, білім ортасын зерттейді):
-өз бетімен зерттеу міндеттерін шешу үшін теориялық және практикалық білімді қолданады;
-өз бетімен практикалық педагогикалық қызметінде зерттеу нәтижелерін қолданады;
-өз бетімен және әріптестерімен өзара әрекеттесе зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізеді;
-әріптестерімен өзара әрекеттесе білімнің тәжірибесін жетілдіру үшін психологиялық–педагогикалық ғылыми-зерттеулерді жоспарлайды және өткізеді;
- әріптестерімен өзара әрекеттесе арнайы салада зерттеулерді жоспарлайды және өткізеді.
Әлеуметтік коммуникативтік қызметі (кәсіби қоғамдастықпен және білімнің барлық мүдделі тараптарымен өзара әрекеттесуді жүзеге асырады):
-оқу тәрбие үдерісіне жұмыспен қамтушыларды, кәсіби бірлестіктер, ғылыми ұйымдар, шетел серіктестер өкілдерін тартады;
-білім алушыларда халықаралық ынтымақтастық қабілетін дамытады.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі кемінде 3 жыл, оның ішінде оқытушы лауазымында кемінде 1 жыл болуы немесе мамандығы бойынша практикалық жұмыстағы өтілі кемінде 3 жыл және/немесе ғылыми дәрежесі болуы тиіс.
Оқытушы
Лауазымдық міндеттері
Оқытушылық қызметі (оқу ақпаратын таратады, өз бетімен оқуға үйретеді):
-әдістемелік ұсынымдарда көрсетілген және бекітілген талаптарды есепке алып, өз бетімен семинарлар, практикалық және лабораториялық сабақтарды өткізеді;
-мақсатты тілдің тәжірибесі бойынша өз бетімен сабақтар өткізеді (көптілді бағдарламалармен жұмыс жасайтын оқытушылар үшін);
-тәлімгердің жетекшілігімен курстың мақсаттарына сәйкес оқу сабақтарының (семинарлық, практикалық, зертханалық) мазмұнын анықтайды және нысандары, әдістері мен құралдарын таңдайды;
-білім алушылардың өздік жұмысын өз бетімен жоспарлайды және ұйымдастырады.
Тәрбиелік қызметі (білім алушыларды әлеуметтік құндылықтар жүйесіне тартады):
-Қазақстан ұлттық басымдылықтарын есепке ала отырып тәрбие үдерісін үлестіреді;
-дискриминация, экстремизмнің кез-келген түрлеріне қарсы тұру қабілеті бар екенін білдіреді;
-тілдік құзыреттілікті, мәдениет туралы білімді дамытады.
Әдістемелік қызметі (білім үдерісін әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады):
-тәлімгердің жетекшілігімен білім ұйымдарының миссиясы мен мақсатына сай авторлық курстарды әзірлейді.
Зерттеушілік қызметі (білім мазмұнын меңгеру деңгейін зерделейді, білім ортасын зерттейді):
-өз бетімен зерттеу міндеттерін қою және шешу үшін теориялық және практикалық білімді қолданады;
-өз бетімен практикалық педагогикалық қызметінде зерттеу нәтижелерін қолданады;
-өз бетімен және әріптестермен өзара әрекеттесе зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізеді;
-әріптестермен өзара әрекеттесе білімнің тәжірибесін жетілдіру үшін психологиялық-педагогикалық ғылыми-зерттеулерді жоспарлайды және өткізеді;
-әріптестерімен өзара әрекеттесе арнайы салада зерттеулерді жоспарлайды және өткізеді.
Әлеуметтік коммуникативік кызметі (кәсіби қоғамдастықпен және білімнің барлық мүдделі тараптарымен өзара әрекеттесуді жүзеге асырады):
-оқу-тәрбие үдерісіне жұмыспен қамтушыларды, кәсіби бірлестіктер, ғылыми ұйымдар, шетел серіктестер өкілдерін тартады;
-білім алушыларда халықаралық ынтымақтастық кабілетін дамытады.
Біліктілікке қойылатын талаптар: Жоғары кәсіби білімі, мамандығы бойынша еңбек өтілі кемінде 3 жыл немесе магистр академиялық дәрежесі болуы тиіс.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау мерзімі
07.02.2022-16.02.2022
Сұхбаттасу күні 18.02.2022
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі
құжаттар жұмыс уақытында қабылданады
-конкурсқа қатысу туралы өтініш;
-өмірбаян;
-кадр есебі жөніндегі жеке іс-парағы;
-жоғары білім мен ғылыми және академиялық дәрежесі туралы дипломдары қосымшасымен, ғылыми атағы туралы құжаттың нотариалды расталған көшірмелері;
-қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда);
-ғылыми жұмыстар мен өнертабыстарының тізімі (болған жағдайда);
-қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
-наркологиялық ұйымның тіркеуінде тұрмайтыны туралы анықтама;
-психоневрологиялық ұйымның тіркеуінде тұрмайтыны туралы анықтама.
Құжаттар мына мекенжай бойынша қабылданады:
Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласы, М.Әуезов көшесі, № 32 үй.
Кадр бөлімімен байланыс телефондары: 8(72534) 6-14-63, 6-14-27, 6-20-08. Факс: 6-14-63, 6-14-27
Кадр бөлімінің басшысы
Исаева Лаура Сәрсенбайқызы Layra.06.92@mail.ru
Оқиға категориялары
?База данных "Zan" ? Tilqural.kz ? Tilalemi.kz ? Balatili.kz ? Emle.kz ? Termincom.kz ? Sozdikqor.kz ? Qazcorpora.kz ? Qujat.kz ? Tilmedia.kz ? Atau.kz ? Abai.institute.
✅ Анкета "Удовлетворенность студентов организацией научно-исследовательской работы в вузе"
✅ Анкета "Вовлечение преподавателей вуза в научно-исследовательскую работу"
✅ «Удовлетворенность ППС высшим учебным заведением»
✅ «Удовлетворенность студентов результатами обучения»
✅ «Удовлетворенность студентов вузов предоставляемыми им вспомогательными услугами»
✅ Анкета по удовлетворенности работодателя качеством подготовки выпускников
Добавить комментарий