Теңге күні аталып өтті

15 Қараша – Қаржыгерлер және Ұлттық валюта күні. Осынау атаулы күнге орай Tashenev University конференция залында «Экономика және құқық» кафедрасының ұйымдастыруымен «Форте банк» АҚ менеджерлерінің қатысуымен басқосу жиыны өтті. Банктің бас менеджерлері Нұржан Исаев, Берік Апбазов, Никита Шишиков экономикалық білім беру бағытындағы студенттермен еркін форматта әңгіме жүргізіп, олармен пікір алмасты.

Сыбайластықтың жат әдет екені түсіндірілді

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы, құқық магистрі Жазира Әлжанова университетімізде болып, студенттермен кездесті. 
Алғашқы сөзді алған университетіміздің бірінші проректоры Фарида Байнеева сыбайлас жемқорлық тақырыбы барлық салада да қашанда өзекті екенін жеткізді. 

Ашық сабақ «Көркем шығарманың тақырыбы мен идеясы»

Университеттің "Орыс тілі мұғалімдерін даярлау" Білім беру бағдарламасының 1 курс студенттерімен интерактивті ашық сабақ өткізілді. Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к  Жанна Ботабаева жүргізген интерактивті сабақ топтық ойын элементтерімен сабақтасу арқылы бұл ақпараттық-визуалды формат  қатысушыларды ашық сабаққа толық қамтуға мүмкіндік берді. 

Халықаралық ынтымақтастық кеңістігі жалғасуда!

Күні кеше Өзбекстан Республикасы Наманган мемлекеттік университетінде ұлы ақын Усман Насырдың туғанына 110 жыл толуына орай «Қазіргі өзбек әдебиетінің дамуындағы Усман Насырдың шығармашылық мұрасының орны мен маңызы» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференция Өзбекстаннан, Түркиядан, Тәжікстаннан келген профессор-оқытушылар мен Қазақстан ғалымдарының қатысуымен мазмұнды ұйымдастырылды.

Мектеп директорларымен маңызды басқосу өтті

Университетімізде 148 мектептің директорлары мен әдіскерлерінің қатысуымен Шымкент қаласы білім басқармасымен білім беру бағдарламалары Меморандумы аясында кәсіби бағдар беру жұмыстары бойынша кең ауқымды жиын өтті.

“Эко - Пикник” акциясы

Оқу ордамыздың үздік белсенділері Шымкент қаласы және жастар істері жөніндегі басқармасына қарасты “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен “Таза аула - Таза қала ар-ұжданмен” экологиялық жобасы бойынша “Эко - Пикник” акциясына қатысып қайтты.
Асанбай Асқаров атындағы дендросаябақта өткен шараға Tashenev University жастары экологиялық білімді арттыру, қоршаған ортаның ластануына жол бермеу, салауатты өмір салты мен ерік-жігерді шыңдау мақтасында түрлі қызықты ойындар ұйымдастырды.
 

Отан тарихының оқытылуы талқыланды

Университетімізде жақында «Тарих және география» кафедрасының ұйымдастыруымен «Отан тарихын оқытудың қазіргі таңдағы кейбір әдіснамалық және әдістемелік өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел өтті. Оған кафедраның профессор-оқытушылары мен «тарих» мамандығының студенттері қатысты. Танымдық-тағылымдық іс-шараны кафедраның доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Мырзабай Мейірбеков жүргізіп отырды.

Біздің студенттер жеңімпаз!

Жуырда Өзбекстан Республикасы Жоғары және орта арнайы білім министрлігі мен Әлишер Навои атындағы Ташкент мемлекеттік өзбек тілі мен әдебиеті университетінің ұйымдастыруымен Жоғары білім мекемелерінің шетелдік өзге ұлт студенттері арасында Халықаралық өзбек тілі мен әдебиетінің онлайн пән олипиадасы өтті.

Оқиға категориялары