Проректорлар студенттермен кездесті
Университеттің оқу-әдістемелік жұмыс бойынша проректоры П. Байнеева білім алушыларға оқу процесін және ондағы кредиттік технология бойынша ұйымдастыру қағидаларын түсіндіріп өтті. Ал, ғылым және зерттеу жұмыстары жөніндегі проректор Ш. Арзымбетова ғылыми жұмыстар төңірегінде бүгінгі жаңалықтармен бөлісті. Сонымен бірге, университет есімін еншілеген тау тұлғалы Ж. Тәшеневты мақтан тұту керектігін, оны тереңірек тану қажеттігін тапсырды.
Эмпатия орталығы ашылды
Университетте «Педогогика және филология» факультеті «Педогогика және психология» кафедрасының ұйымдастыруымен «Эмпатия» кеңес беруші-ресурстық қолдау орталығы ашылды. Шараға ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдау орталығынан, Шымкент қаласындағы бірқатар оқу орындарының оқытушылары, студенттері мен оқушылары, БАҚ өкілдері қатысты.
ҰЛЫ ОЙШЫЛДАР МАДАҚТАЛҒАН КҮН!
Әлемдік руханияттың жарық жұлдыздары Әлішер Науаидың туғанына 582 жыл және Захириддин Мұхаммед Бабыр Мырзаның туғанына 540 жыл толуына арналған «Ұлы ойшылдар» тақырыбында халықаралық ғылыми семинар өтті.
Семинарға Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Түрікменстан, Қытай және Әзірбайжан мемлекеттерінің зиялы қауым өкілдерімен бірге Университетіміздің Ғалым хатшысы Ләззат Абенова мен Халықаралық қатынастар және шетел студенттерімен жұмыс атқару департаментінің директоры Шахло Наралиева қатысты.
Жаңа Қазақстанның жарқын болашағы - талантты жастардың қолында
Кез келген қоғамның қозғаушы күші - өсіп келе жатқан жас буын. Жастары белсенді, озық ойлы елдің келешегі де немел болмақ. Себебі, талантты жастар - Жаңа Қазақстанның жарқын болашағының қалыптасуына өз үлестерін қоса біледі. Осы бағытта елімізде «Қазақстан Республикасының жастарын қолдау жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары» аясында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Жастар мәселесі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың да назарынан тыс қалған емес.
Ж. Тәшенев университетіндегі алғашқы PhD докторы
Оқу ордамыз белгілі қоғам қайраткері Ж. Тәшеневтің есімімен аталғалы алғаш рет PhD докторы дәрежесін Педагогика және психология білім беру бағдарламасы бойынша Жазира Абдуллаева еншіледі.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің диссертациялық кеңесі шешіміне сәйкес, 2023 жылы 27 қаңтарда әріптесіміз Абдуллаева Жазира Дайрабаевна 6D010300-Педагогика және психология білім беру бағдарламасы бойынша Философия докторы (PhD) дәрежесі атағын алды.
Министр Шымкентте
Шымкентте ҚР ЖОО қауымдастығының ұйымдастыруымен “Жекеменшік білім беру серіктестік және әлеуметтік жауапкершілік” тақырыбында ауқымды шара өтті. М. Әуезов атындағы ОҚУ-да өткен жиынға ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Шымкент қаласындағы және еліміздің өзге өңірлеріндегі жекеменшік жоғары оқу орындарының басшылары қатысты.
Тәшеневті танисыз ба?
«Тау тұлғалы Тәшенев есімі университет ұжымының әрбір мүшесіне және осында білім алатын студенттер мен магистранттарға үлкен жауапкершілік пен міндеттер жүктейді», дейді университеттің Ғалым хатшысы Ләззат Абенова.
Ташенев талантты жастары
«Ташенев талантты жастары» атты конкурс ұйымдастырылуда
Құрметті ӘРІПТЕСТЕР!
Проректор студенттермен онлайн кездесті
Университеттің әлеуметтік және тәрбие істері жөніндегі проректоры Ғалымжан Битұрсын тікелей эфирде студенттермен онлайн кездесті.
Тікелей эфир барысында Ғалымжан Шәмшідінұлы университетіміздің қоғам қайраткері Жұмабек Тәшеневтың есмімен аталуының өзі үлкен маңызға ие екенін атап өтті. Білім алушыларға осынау тұлғаның есімін ардақтап, жоғары білім алып, елге қызмет ете беруін атап өтті.
“Tazalike” акциясы өтті
Толассыз жауған қардың салдарынан айналаны қар басып қалды. Шымкент қаласындағы мекемелерде ұйымдастырылып жатқан «Айналамызды қардан тазалайық» акциясына біздің университет оқытушылары да үлес қосты. Tashenev University жастар комитетінің ұйымдастыруымен өткен “Tazalike” акциясы аясында университет айналасын қардан тазалау жұмыстары жүргізілді.
Осынау акцияға университет басшылығы түгелдей атсалысып, бастамаға қолдау көрсетті.