“Ontustik” телеарнасында арнайы сұқбат

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың “Жастарды нашақорлық бизнестен қорғау туралы” Үкіметке берген хаттамалық тапсырмасына орай университетіміздің Әлеуметтік және тәрбие істері жөніндегі проректоры Ғ.Ш.Битұрсын “Ontustik” телеарнасындағы "Бүгінгі әңгіме бағдарламасында қонақта болып, арнайы сұхбат берді. Проректор сұхбат барысында «Tashenev University" жастарын жүйелі тәрбиелеуге бағытталған жоспарларын атап өтті. Тақырып аясында жастарды нашақорлық бизнестен қорғау барысындағы ойымен бөлісті.

 

Студенттермен онлайн кездесу

Қайырлы күн, құрметті әріптестер! ФАКУЛЬТЕТ ДЕКАНДАРЫ НАЗАРЫНА!
Әлеуметтік және тәрбие істері жөніндегі проректор – Битұрсын Ғалымжан Шәмшідінұлы, университет студенттеріне оқу процесіндегі негізгі талаптар мен тәрбиелік ұстанымдар бойынша түсіндірме жүргізу мақсатында онлайн кездесуді ұйымдастыруда. Осыған орай, құрметті декандар аталған шараның маңыздылығын ескере отырып, студенттеріңіздің 100% қатысуын қастамасыз етулеріңіз сұралады.

«Жылдың үздік педагогы» біздің Университетте!

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» мен «Білім - өркениет» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы өткен жылдың соңғы күндерінде «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ПЕДАГОГЫ» атты республикалық байқау ұйымдастырды. Байқаудың шарты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты халыққа арнаған Жолдауын білім беру саласының мамандары арасында кеңінен насихаттау болатын.

Білікті маман даярлауда теория мен тәжірибені ұштастыру маңызды

Қанат БАЙБОЛОВ: «БІЛІКТІ МАМАН ДАЯРЛАУДА ТЕОРИЯ МЕН ТӘЖІРИБЕНІ ҰШТАСТЫРУ МАҢЫЗДЫ»

Биылғы оқу жылында Оңтүстік өңірдегі жоғары оқу орындарының қатары мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Тәшенев атындағы университетпен толықты. Білім ордасының жұмыс бағыты, тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында Ж.Тәшенев атындағы университеттің ректоры, техника ғылымдарының кандидаты, доцент Қанат БАЙБОЛОВ мырзамен тілдескен едік.

Халықаралық байланыс нығайды

Өзбекстан Республикасының Ташкент мемлекеттік химия-технологиялық институтында өткен «ІІ Ташкент халықаралық заманауи білімдер» конгресінде Қазақстан, Өзбекстан, Түркия, Беларусь елдерінен қатысқан профессор-оқытушылар бір-бірімен достық диалог орнатты. 

БІР МАҚСАТ, БІР МҮДДЕ ТӨҢІРЕГІНДЕГІ БАСҚОСУ

Университетте ҚР өзбек этномәдени бірлестіктері “Дустлик” қауымдастығы өкілдерімен ынтымақтастық басқосуы болып өтті. 
Оған ҚР ӨЭМҚБ «Дустлик» қауымдастығының төрағасы И.Хашимжанов, Түркістан ӨЭМҚБ төрағасы Б.Нишанқұлов, Шымкент қалалық ӨЭМБ төрағасы Т.Нишанбаев пен «Дустлик» қауымдастығы Ақсақалдар кеңесі төрағасы және бірқатар зиялы қауым өкілдері қатысты. Сондай-ақ, Жамбыл облысынан да арнайы қонақтар келді. 

Желтоқсан оқиғасы – Тәуелсіздік жаршысы

«Тарих және география» кафедрасының ұйымдастыруымен «Желтоқсан оқиғасы – Тәуелсіздік жаршысы» атты дөңгелек үстел өтті. «Тарих», «География-тарих» кафедрасының ұйымдастыруымен өткен шараға қатысушылар ең алдымен Тәуелсіздік үшін күресте шейіт кеткен ата-бабаларымызды және кешегі 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының құрбандарын 1 минут үнсіздікпен еске алды.

Ұлық мереке аталып өтті

Универсиеттімізде Тәуелсіздік күніне арналған «Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік» атты әдеби-музыкалық кеш өтті.
Салтанатты шарада оқу ордасының мерейін үстем етіп, абыройын асқақтатып жүрген, республикалық және өңірлік шараларда топ жарып жүлделі оралған бірқатар оқытушылар мен студент жастарға Алғыс хаттар мен Құрмет грамоталары табыс етілді. 

Оқиға категориялары