Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша семинар болып өтті
- 190 просмотров
Бүгін "Жаратылыстану және математика" факультетінде "Жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшеліктері мен оқушыларды бағалаудың маңыздылығы" тақырыбында әдістемелік семинар болып өтті. Семинарға факультет мамандықтарының 3, 4 курс студенттері мен оқытушылар қатысты.
"Р.Қошқарбаев атындағы № 50 жалпы орта мектебінің" "География" пәнінің мұғалімі Абдыхадыров Шоқан Жұмаханұлы баяндама жасады. Жаңартылған оқу бағдарламаларының ерекшеліктері жайлы сөз етіп,
жаңа бағдарламаның құрылымдық бөлімдеріне тоқталды. Нақтырақ айтқанда, пәннің маңыздылығы, бағдарламасының мақсаты, үштілділік саясатты іске асыру, оқыту үдерісіне ұйымдастыруға қойылатын талаптар, пәнді оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер, түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану құзіреттілігі, оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту, оқу нәтижелерін бағалау жолдары, оқудың мазмұны, ұйымдастырылуы мен бірізділігі.
Сонымен қатар жаңартылған білім беру бағдарламасының міндеттері, осы міндеттерді іске асырудағы негізгі мазмұн – ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ екендігі дәйектелді. Жаңа бағдарламадағы атап өтетін негізгі ерекшеліктердің бірі – бағалау. Критериалды бағалаудың құрылымы және оның түрлері түсіндіріліп, сипатталды. Қалыптастырушы және жиынтық бағалаудың құралдары (критерий, дискриптор, рубрикатор), бағалауды есептеу үлгісі, электронды күнделік те қарастырылып өтті.
Жиын соңында студенттер тарапынан сұрақтар жолданып, тиісті жауаптар таратылды.
Оқиға категориялары
?База данных "Zan" ? Tilqural.kz ? Tilalemi.kz ? Balatili.kz ? Emle.kz ? Termincom.kz ? Sozdikqor.kz ? Qazcorpora.kz ? Qujat.kz ? Tilmedia.kz ? Atau.kz ? Abai.institute.
✅ Анкета "Удовлетворенность студентов организацией научно-исследовательской работы в вузе"
✅ Анкета "Вовлечение преподавателей вуза в научно-исследовательскую работу"
✅ «Удовлетворенность ППС высшим учебным заведением»
✅ «Удовлетворенность студентов результатами обучения»
✅ «Удовлетворенность студентов вузов предоставляемыми им вспомогательными услугами»
✅ Анкета по удовлетворенности работодателя качеством подготовки выпускников