"Жаңартылған білім беру мазмұнын жүзеге асырудағы инновациялық технологиялар" атты семинар-тренинг өтті

Қазіргі таңда педагог кадрларды даярлайтын ЖОО-ның білім беру жүйесінің басты мақсаты: жаңартылған білім беру мазмұнына сай еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, құзіретті, білім беру кеңістігінде болып жатқан өзгерістерге тез бейімделуге дайын білікті маман дайындау.

Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы – заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратынтың бағдарлама болып отыр.

Аталған жаңартылған білім беру бағдарламасы жедел дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті, өзін - өзі дамытуға, өз ойын еркін айта білуге, өз қалауы мен қоғам талабына сай, өзін көрсете білетін жоғары білімді, ұлттық тілді, тарихты жетік меңгерген, отандық және әлемдік мәдениетті бойына қалыптастырған, бәсекеге қабілетті, шығармашыл тұлғаны қалыптастыруды мақсат тұтады.

Осы аталған мәселелерді болашақ педагог мамандарға үйрету, алдағы педагогикалық өмірінде заман талабына сай инновациялық технологияларды қолдана білуге оқыту мақсатында Республикалық "Даму" педагогикалық-психологиялық дамыту орталығымен бірлесіп 2018 жылдың 28 қазан мен 7 желтоқсан күндері аралығында 36 сағаттық "Жаңартылған білім беру мазмұнын жүзеге асырудағы инновациялық технологиялар" атты семинар-тренинг ұйымдастырылып, өткізілді.

Бүгінгі күні барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде. Өйткені қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. Студенттерді заманауи әдіс-тәсілдермен оқытып, ой-өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу  қажеттілігі де осы себептен туындап отыр.  Оның үстіне білім берудің жүйесін қарқынды дамытқан бұл үрдістің  жалпы білім беретін мектептерге енгізіле бастауы педагог кадрларды даярлайтын ЖОО-на үлкен жауапкершілікті жүктейді.  

Аталған семинар-тренинг Педагог тұлғасы және оның адами капиталы, Педагогикалық шеберлік және кәсіби өсу, Білім беру жүйесіндегі жаңашылдықтар және оның ерекшеліктері мен артықшылықтары, Интербелсенді әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану. Топтық жұмыс, Рефлексия мен кері байланыс, Бағалаудың өлшемдік технологиялары, Сын тұрғысынан ойлау технологиялары, Блум таксаномиясы, Сабақ құрылымы және сабақ жоспарлау ҚМЖ (қысқа мерзімді жоспар) құру т.б. тақырыптарды қамтыды.

Семинар-тренинг студенттердің инновациялық сауаттылығын қалыптастырып қана қоймай өмірлік сабақтардан да хабар беріп, білімдерін жетілдірді.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласындағы басты бағыттарды жүзеге асыру, білім беру жүйесіндегі жаңашылдықтар арқылы орындалары сөзссіз. Сондықтан да, ХХІ ғасырдың бәсекеге қабілетті, жаңашыл педагог кадрларын даярлау үшін білім берудегі инновациялық технологиялардың басты идеялары мен қағидаларын, тиімді әдістемелерін ұстана білуіміз және оны жүзеге асыруымыз, рухани жаңғыруға басқан нақтылы қадамдарымыз болмақ.

Файзиев Нұржан Сапарханұлы "Педагогика және психология" кафедрасының аға оқытушысы

 

Оқиға категориялары