"Жастар жылы – жасампаздықтың бастауы" атты "Сырдария" жастарының форумы өтті
- 35 просмотров
Кез-келген мемлекеттің болашағын жалғайтын жастар. Өйткені, жастары жігерлі ел ғана болашаққа даңғыл жол салып, биік белестерді бағындырады. Осыны ескерген Елбасы 2019 жылды "Жастар жылы" деп жариялады. Бұл – біздер үшін жаңа мүмкіндіктердің бастауы. Осығын орай "Сырдария" университетінде Жастар бөлімінің ұйымдастыруымен "Жастар жылы – жасампаздықтың бастауы" атты жастар форумы өтті.
Оған "Сырдария" университетінің студенттік декандары, студенттік ұйым жетекшілері, студенттік кеңес мүшелері, белсенді жастар мен топ басшылары қатысты. Онда түрлі салада жетістікке жетіп жүрген университеттің студенттік ректоры – Р. Әбдез, "Жас Отан" ЖҚ бөлімше басшысы міндетін атқарушы – Ш. Дәрібай, студенттік проректор – Г. Садық, "Гуманитарлық білім" факультетінің студенттік деканы – Б. Сатуов, "Жаратылыстану және математика" факультетінің студенттік деканы – С. Серікбай, "Дене тәрбиесі және спорт" факультетінің студенттік деканы – М. Қалтұрсын, "Өнер" факультетінің студенттік деканы – М. Икрам, "Елбасы серіктестері" еріктілер ұйымының жетекшісі – Ә. Тұрсынхан, белсенді студент Д. Тәліп өз ұсыныстарын айта отырып, сөз сөйледі. Зейінді де, зерделі, білімді де, бәсекеге бейім жастардың мақсаты "Қамқорлық" жәрмеңкесін, "Толағай" спорттық сайысын тағы басқа да түрлі сайыстарды ұйымдастыру еді.
Жиынды қорытындылаған Жастар бөлімінің басшысы Бектеміс Мейірхан жастар тарапынан форумда көтерілген мәселелер мен ұтымды ұсыныстардың елеусіз қалмайтындығын айтты.
Баспасөз қызметі
Оқиға категориялары
?База данных "Zan" ? Tilqural.kz ? Tilalemi.kz ? Balatili.kz ? Emle.kz ? Termincom.kz ? Sozdikqor.kz ? Qazcorpora.kz ? Qujat.kz ? Tilmedia.kz ? Atau.kz ? Abai.institute.
✅ Анкета "Удовлетворенность студентов организацией научно-исследовательской работы в вузе"
✅ Анкета "Вовлечение преподавателей вуза в научно-исследовательскую работу"
✅ «Удовлетворенность ППС высшим учебным заведением»
✅ «Удовлетворенность студентов результатами обучения»
✅ «Удовлетворенность студентов вузов предоставляемыми им вспомогательными услугами»
✅ Анкета по удовлетворенности работодателя качеством подготовки выпускников