Мамраимов Серік Дәулетұлы

Аты-жөні: Мамраимов Серік Дәулетұлы

Телефон: +7 701 353 5266

Е-mail: s_dauletuly@mail.ru

Білімі: жоғары, Қорқыт ата атындағы Қызылорда педагогикалық институты 

Ғылыми және академиялық дәрежесі - тарих ғылымдарының кандидаты 
- «Сырдария» университетінде 1998 жылдың қырқүйек айынан қазіргі уақытқа дейін істейді;
-жүргізетін пәндері: қазақстан тарихы, дінтану.

Академиялық тәжірибе: 
- 1996–1998 жылдар аралығында Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ Жетісай бөлімінде тарих пәнінің оқытушысы қызметін атқарды. 
- 1998 жылдан “Сырдария” университетінде декан орынбасары, “Тарих” кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарды. 
- 2002-2007 жылдар аралығында университеттің Оқу бөлімін басқарды.
- 2008-2011 жылдар аралығында Оқу-әдістемелік басқарманы басқарды. 
- 2011-2013 жылдар аралығында «Сырдария» университетінің ректоры қызметін атқарды. 
- 2013 жылдың сәуір айынан Ғылыми және халықаралық қатынастар жөніндегі проректор қызметін атқарды. 
2015 жылдың қыркүйек айынан оқу ісі жөніндегі проректор қызметін атқарды.
2020 жылдың ақпан айынан «Сырдария» университетінің ректоры қызметін атқаруда.

Академиялық емес тәжірибе: жоқ

Куәлік немесе кәсіби тіркелу: жоқ

Кәсіби біліктілікті көтеру туралы куәлік/сертификаттар, мерзімі мен кәсіби тіркелу номерімен-
Организация обучения истории и обществознания, сертификат
Марапаттаулар мен сыйақылар: – 2015 жылы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамотасымен, 2018 жылы «Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған.


Мамраимов Серік Дәулетұлы 1966 жылы 5 қаңтарда дүниеге келген. 1983 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы "Мырзашоқы" ауылында Ілияс Жансүгіров орта мектебін бітірген. 1993 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда педагогикалық институтын аяқтап, тарих пәні мұғалімі мамандығын алған.

1993-1996 жылдар аралығында Ілияс Жансүгіров атындағы орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді. 1996–1998 жылдар аралығында Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ Жетісай бөлімінде тарих пәнінің оқытушысы қызметін атқарды. 1998 жылдан "Сырдария" университетінде декан орынбасары, кафедра меңгерушісі, Оқу-әдістемелік басқарма басшысы, Ғылыми және халықаралық қатынастар жөніндегі проректор, университет ректоры қызметтерін атқарған. Қазіргі таңда осы университеттің Оқу істері жөніндегі проректор қызметін атқаруда.

2007 жылы 30 қазанда Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Рамазан Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының жанындағы диссертациялық кеңесінде кандидаттық диссертациясын ойдағыдай қорғап, тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алған. Ғылым жолындағы шығармашылық ізденісі түрлі отандық және шетелдік ғылыми баспа беттерінде жарияланған. Екі монографиясы, бір оқу-әдістемелік құралы, 50-ден астам ғылыми еңбектері жарық көрген. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен, «Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.

Отбасылы, төрт перзенті бар.

Оқиға категориялары