«Желтоқсан» шығармасын ноталық мазмұнды және аспапта орындап беру» ашық сабақ

Ж.А.Тәшенев атындағы университеті «Бастауыш білім және өнер» факультеті «Саз және ән» кафедрасының ҚР мәдениет қайраткері, доцент Бөрі Иса 26.09.2024 күні ПиК-24-4к және Пик-24-13к  топ студенттерімен «Желтоқсан» шығармасын ноталық мазмұнды және аспапта орындап беру тақырыбы бойынша ашық сабағын өтті. «Желтоқсан» шығармасының шығу тарихын және оның орындалу ережесімен таныстыра отырып,оқытушы студенттермен шығарманың әрбір тактісін,ноталық мәтінін жоғары деңгейде талдай білді.Сабақты өту барысында оқытушы жаңа әдістерді қолдану арқылы шығарманың мәнін аша тусті.Сабаққа факультетіміздің деканы Ұ.Ж.Қонақбаева және кафедра меңгерушісі Д.К.Азизханова,кафедраның профессор құрамы толығымен қатысты. Сабақ жоғары дәрежеде өтті.

I.    Сабақтың тақырыбы: Күйдің динамикалық шартты белгілерін меңгерту 
ІІ.    Сабақ жоспары:   
Ш Сабақтың мақсаты:   Динамикалық таңбалар.Музыкалық терминдерге түсінік беру.Күйлерді, музыкалық шығармаларды талдау.
Білім беру:Динамикалық белгілердің түрлері,жазылуы,айтылуы және олардың орындалуы туралы түсінік қалыптастыру 
Дамыту: Студенттердің ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып,аспапта ойнау техникасын арттыра түсу.
Тәрбиелік: Студенттерді  музыкалық сауаттылық арқылы өнерге баулу.
білім мен дағдыларды кешенді қолдану сабағының түрі (бекіту сабағы) Сабақтың негізгі бөлігінде ноталық талдау жасау,шығарманы зерттеу бөлімдері бойынша алынған жұмыс дағдыларын практикалық тұрғыда қолдану дағдыларын қалыптастыру .
осы сабақты оқыту әдістері болып табылады:
1) Есту қабілеті,   нота текстімен жұмыс,аспаппен жұмыс; 
2)ауызша (оқытушының нұсқаулары мен сұрақтары);
3) Күйдің мәтінін талдау;
4)  Күйдің дыбыстарын  айқындау,топ бойынша нота арқылы әуенін шығару;
5) Аспаппен шығарманы қосыла айту жұмыстары;
педагогикалық технология-сабақтың әртүрлі кезеңдерінде қолданылатын түрлі  жаттығулар, студенттердің   даму процесін күшейтуге айтарлықтай ықпал етеді.  Әнінің интонацияның тазалығына,шығарманың әрбір тактісінің дұрыс орындалуына, нотатекстін таза айтуына,студенттердің ойлау қабілетін қарқынды дамытуға,өз ықпалын тигізеді.
IV.Сабақтың көрнекілігі: домбыра,кітаптар,ноталық нұсқаулар,дисклер, нота дәптерлері, қосымша материалдар,қарындаштар, өшіргіштер.
V. Сабақтың барысы:
 Шығарманың мазмұны мен табиғи болмысы,орындаушылық ерекшеліктері мен дыбысты күшейту немесе азайту дәрежесі динасика деп аталады.Динамикалық белгілер орындау мағынасын білдіретін итальян
 сөздерінің бас әріпімен белгіленеді.Форте-мағынасы қатты,жазылуы –F
Пиано-ақырын,жай деген мағынаны білдіреді жазылуы-P
Меццо-форте орташа күшпен деген мағынаны білдіреді жазылуы –mf
Меццо-пиано ақырын деген мағынаны білдіреді жазылуы –mp
Фортиссимо-өте күшті,қатты деген мағынаны білдіреді жазылуы-ff
Пианиссимо-өте ақырын,жай  деген мағынаны білдіреді,жазылуы-pp
Қорытынды бөлім. Сабақты қорытындылау. Үй тапсырмасын жариялау.
Студенттердің қызметі.  Олар   оң қол мен сол қолдың техникасын арттыратын жаттығуларды динамикалық белгілер арқылы орындайды.
Ақпараттық қамтамасыз ету және жабдықтар:Кестелер,басқыштардың ән кестелері, дыбыстан интервалдарды анықтау схемалары; ноталық дәптерлер, қарындаштар, өшіргіштер.

Үй тапсырмаларының тізбесі мен түрлері:
1.Еркесылқым күйін талдау,орындау
2. Жаттығулармен  жұмыс жасау
3. Ноталық сауаттылықты арттыру
4.Аспаппен ойнап үйрену

Бақылау сұрақтары:
 1.Нота,нотаның түрлері
 2.Динамикалық белгілер

Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Жайымов А., Бүркітов С., Ысқақов Б. Домбыра үйрену мектебі. – А: Өнер.  2000. – 240б.
2.Жарқынбеков М. Қазақтың халық аспаптар оркестрі. – Ш.: обл.баспахана. - 2001. –89б.
3.Бишімбаев Қ. «Ордабасы сарыны» Партитура – оркестрге өңдеген Ізтай Т. М.Әуезов атын ОҚМУ, баспа орталығы, 2004ж
4.Балабеков Е. «Халық аспаптар оркестріне арналған шығармалар» Хрестоматия-Ш: ШПИК, 1994ж
 

Оқиға категориялары