Кризис требует избавления от устаревших форм обучения

ТОО "Рейтинг Media"
No 9 (612) 4 марта 2021 год

? PDF

Бахыт ТОКМУРЗАЕВ, университет "Сырдария", и.о. проректора по учебной и воспитательной работе:

Пандемия COVID-19 существенно изменила систему образования страны. Как университет «Сырдария», как один из ведущих вузов южного региона, преодолел пандемию? О формате и качестве образования в будущем мы поговорили с исполняющим обязанности проректора по учебной работе Бахытом Токмурзаевым.

- Бақыт Салманұлы, пандемия басталғалы бері республикамыздың жоғары білім беру жүйесінде қандай өзгерістер орын алды?
- Індет жайлағанда жоғары оқу орындары қашықтан оқыту форматына толығымен көшкенінен хабардарсыздар. Осы кезде оқу процесі қайта қаралды, студенттер мен оқытушылар арасындағы қарым-қатынас онлайн форматына көшірілді. Бұл жоғары оқу орындарының, Білім және ғылым министрлігінің үйлесімді жұмысының нәтижесі болды.

- Университетте шектеу шаралары кезеңінде білім беру қызметін үйымдастыруда қандай қиындықтар болды?
- Әрине қашықтан оқыту форматына бізде бейімделдік. Университеттің материалдық-техникалық базасы барлық студенттерді қашықтан оқытумен қамтуға мүмкіндік берді. Білім берудің жоғары сапасын сақтап қалуда, қысқа мерзімде «Ақпараттық технологиялар» бөлімінің ұйымдастыруымен профессор-оқытушылар құрамын «Цифрлық сауаттылық» тақырыбында қашықтықта оқытудың жаңа әдістемелерін пысықтап, цифрлық технологияларды қолдануды арттыра алдық. Студенттеріміз цифрлық сауаттылығы жоғары, білімді алудың, ізденудің көзін біледі, сондықтан да қиындық туғызбады. 

- Әлі де қашықтан білім беріп жатырсыздар ма?
- Қазір университеттің көктемгі семестрдегі оқу процесі қашықтан және аралас форматта ұйымдастырылған. Аралас оқыту - бұл университеттің білім беру порталында орналастырылған арнайы электрондық оқу материалдарын пайдаланатын дәстүрлі күндізгі оқытуды онлайн оқытумен ұштастыру негізінде білім беру процесін ұйымдастыру.

- Оқыту барысында қандай білім беру платформалары мен электронды ресурстар қолданылады?
- Университетте пайдаланушылар арасында кең таралган және қашықтан оқытуды қолдайтын мультитілдік интерфейсі болатын оқыту процесін қолдауға бағытталған білім беру платформаларын және электронды ресурстарды қолданады.
Профессор-оқытушылар білім алушыларға дәріс материалдарынан, семинар/практикалық немесе зертхана, өзіндік жұмыс тапсырмаларынан тұратын оқу материалдарына еркін қолжетімділікті қамтамасыз ету арқылы «Платонус» ААЖ-не орналастырады. Университет қазіргі танда бейнебайланысты қолдайтын Zoom, WebEx платформаларын синхронды режимде онлайн сабақтар өткізу үшін қолданады. Білім беру процесінің қатысушылары арасындағы кері байланыс телефонмен кеңес беру, мессенджерлер, дауыс хабарламалары, әлеуметтік желілер, мобильді қосымшалар, Саll-орталығының жұмыстары арқылы қамтамасыз етіледі.

- Сіздің ойыңызша болашақта білім беру форматын тағы қандай өзгерістер күтіп тұр?
- Біз бүкіл әлем өзгереді деп болжауға тиіспіз, өмірдің барлық салалары, оның ішінде білім беру жүйесі де өзгеріске ұшырайды. Жоғары білімге келетін болсақ, оның бұрынғы дәстүрлі күйіне қайта оралуы екіталай.
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Жаңа білім беру бағдарламалары өмір бойы оқытуды болжайтын, тез өзгермелі VUCA (белгісіздік пен тұрақсыздың жайлаған заман) әлемінде қажетті икетді және кәсіби дағдыларды (soft, skills, hard skills) қалыптастыруға бағдарламашын болатындыгы» айтылған. Яғни пандемияға дейін білім беру жүйесіне төнетін қауіп-қатерге назар аударылған.

VUCA әлемі - бұл төрт өнеркәсіптік революция әлемінің жиынтығы. Біз VUCA әлемінде өз орнымызды табу үшін жылдам, серпінді, үнемі өзгеріп, осы әлемніц талаптарына бейімделуіміз керек. Осы талаптарға сай болу үшін жаңа әлемде жетістікке жетуді қалайтын адамдар үнемі оқуға мәжбүр болады. Сондықтан өмір бойы білім алу жүйесін құру қажеттілігіне әкелді. Өмір бойы білім алу (үздіксіз білім беру) тұжырымдамасы lifelong learning - өмір бойы жалгасатын оқыту деп аталды.

Университет пен профессор-оқытушылар құрамының өзгеруге дайындыгы - бұл білім беру нарығын мұқият талдау, оның талаптарының өзгеруін бақылау, профессорлық-оқытушылық құрамы әлеуетінің уақыт талаптарына сәйкестігін үнемі бағалау, жаңа білім мен дағдыларды игеруге, жаңа ақпарат алуға және жаңа форматта жұмыс істеуге дайын болу.

Дағдарыс жағдайлары университеттерден оқытудың ескірген түрлерінен арылуды талап етеді: стандартты дәрістер қашықтағы курстармен ауыстырылады, онда материалды игеру анағұрлым тұрақты болады. Студенттіц басты артықшылығы - қашықтан оқуды кез-келген ыңғайлы уақытта игеруге болады.

Пандемия басталғалы «Сырдария» университетінің профессор-оқытушылары қашықтан білім беру қызметін жүргізуде мол тәжірибе жинақтады. Оқу орнының құрылымдық бөлімдері бағдарламалық және әдістемелік әзірлемелерімен бөліседі, кеңес береді, өздерініц барлық мүмкіндіктерін пайдаланып көмектесуге әзір.
 

Добавить комментарий

Ограниченный HTML

  • Допустимые HTML-теги: <a href hreflang> <em> <strong> <cite> <blockquote cite> <code> <ul type> <ol start type> <li> <dl> <dt> <dd> <h2 id> <h3 id> <h4 id> <h5 id> <h6 id>
  • Строки и абзацы переносятся автоматически.
  • Адреса веб-страниц и email-адреса преобразовываются в ссылки автоматически.

Оқиға категориялары