"ЗАҢДЫ БІЛУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ" ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

ЖҰМАБЕК ТӘШЕНЕВ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТТЕ "ЗАҢДЫ БІЛУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ" ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
Бүгін Жұмабек Тәшенев атындағы университетте "Заңды білу – заман талабы" тақырыбында өткен дөңгелек үстелде студенттер мен сарапшылар құқықтық сауаттылық пен заңдылықты қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін талқылады. Іс-шараға құқық қорғау органдарының өкілдері, білім беру мекемелерінің басшылары және жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.
Кездесудің модераторы ретінде Шымкент қалалық "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарымен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы Бекарыс Бахадыр сөз сөйледі. Ол жастардың құқықтық мәдениетін арттырудың маңыздылығын және білім беру мекемелері мен мемлекеттік органдар арасындағы ынтымақтастықтың қажеттілігін атап өтті.
Жұмабек Тәшенов атындағы университеттің Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры Ғалымжан Битұрсын: «Заңды білу және оны сақтау – мықты қоғамның негізі. Әр азамат өз құқықтары мен міндеттерін түсінуі маңызды. Тек құқықтық сауатты адам ғана өзін, өз мүддесін және отбасын қорғай алады. Сондықтан жастарға заңға құрметпен қарауды, құқықтық жауапкершілік пен сыни ойлауды үйретуіміз керек. Бұл тек жеке жетістіктің кепілі ғана емес, сонымен қатар тұрақты әрі өркендеген мемлекеттің негізі», – деп атап өтті», – деп атап өтті.
Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі, подполковник Камилхан Исмаилов қазіргі экономикалық құқықбұзушылықтар талдауын ұсынып, жастар арасында қаржылық сауаттылық деңгейін арттырудың маңыздылығын атап өтті.
Шымкент қаласы полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Алишер Айсаев заманауи киберқауіптер мен жеке мәліметтерді қорғау шаралары туралы баяндап: «Бүгінгі әлем заң туралы біліммен қатар, цифрлық қауіпсіздік дағдыларын да талап етеді», – деді.
"Жастар ресурстық орталығы" басшысының орынбасары Аружан Әлжан жастарды белсенді азамат болуға, өз құқықтарын қорғауға және құқықтық сауаттылығын арттыруға шақырды.
Бұл дөңгелек үстел Мемлекет басшысының құқықтық тәртіпті нығайту және азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру бастамалары аясында өтті. Президент «Заң мен тәртіп – елдің тұрақтылығы мен дамуының негізі» екенін бірнеше рет атап көрсеткен. Мемлекеттің басты міндеттерінің бірі – жастардың қоғам алдындағы жауапкершілігін қалыптастыру және заңның әр адамның өміріндегі рөлін түсіндіру.
Дөңгелек үстел қатысушылары мұндай іс-шаралардың құқықтық сауаттылықты арттыруға, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға және Қазақстандағы заң үстемдігі қағидаттарын нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.
 

Оқиға категориялары