РЕШЕНИЯ, МЕНЯЮЩИЕ БУДУЩЕЕ НАШЕЙ НАЦИИ

Шымкент Келбеті

Ұлттық құрылтайдың Атырауда өткен үшінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық идеология қалыптастыру мәселелеріне кеңінен тоқталды. Қоғамда белең алған келеңсіздіктерді айта отырып, ұлттың жаңа келбетін айқындайтын негізгі құндылықтарды кеңінен тарқатты. 
Құрылтайда қоғамда жаңа этика қалыптастыру жайы айтылды. Президент бұл мәселені текке көтерген жоқ. Бүгінде әлеуметтік желілерде бір-бірін сынап-мінеп, ар-намысқа тиетін сөздермен балағаттау әдетке айналды. Тіпті қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылағанда оқыған-тоқығаны мол, көзі ашық деген зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік қызметшілердің өзі де артық кетіп, өрескелдікке жол беріп жатады. Мемлекет басшысы қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылағанда байыпты болу керектігін, мұны доғару керектігін айтты. 
«Үнемі артқа қарайлап, өткен күнге өкпе арта беруге болмайды. Әлем қауымдастығында лайықты орнын иеленуді қалайтын ұлт өзін өзгелерден кем сезінуден және әлеуетін әлсірететін жалған түсініктерден арылып, болашаққа нық сеніммен қарауы керек» дей келе, Тәуелсіздік және Отаншылдық, Бірлік және Ынтымақ, Әділдік және Жауапкершілік, Заң және Тәртіп, Еңбекқорлық және Кәсіби біліктілік, Жасампаздық және Жаңашылдық дейтін маңызды идеологиялық тұжырымдар мен негізгі бағыттарды тарқатып айтып берді.
«Ұлтымыз осы идеялық негіздерді басшылыққа алса, болжаусыз және қарқынды дамып келе жатқан ХХІ ғасырда лайықты орнын табады. Құзырлы мемлекеттік органдардың бәрі өз жұмысын қайта қарап, осы тұғырнамаға үйлестіруі қажет» деп, мектепте, жоғары және арнаулы оқу орындарында, тіпті әскерде тәрбие жұмысын ұйымдастыру тәсілдерін жаңартуды, осы құндылықтармен тәрбиелеуді тапсырды. Бұл орайда негізгі құндылықтарымызды бұқаралық ақпарат құралдары мен креативті индустрия, әсіресе, кино, музыка және әдебиет арқылы дәріптеу аса маңызды екенін атап өтті. 
Ұстаз, ғалым, жазушы ретінде бұл жауапкершілікті сезініп отырмын және әріптестерімді осы мәселеде жұмыла еңбектенуге шақырамын. 
Президенттің айтқан «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» ұғымы да көкейімнен шықты. 
«Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» – бір-бірінен ажырамайтын ұғымдар. Осы үш тағанды озық әрі табысты елге айналудың басты кілті деуге болады. Балалар мен жастарды тәрбиелеп, олардың бойына осы озық құндылықтарды сіңіруге айрықша көңіл бөлінуі керек» деді.
Әрбіріміз баламызды, шәкірттерімізді адалдыққа тәрбиелеп, адал еңбек етуді, нанын адалынан тауып жеуді үйретуіміз керек. Қазір қоғамда ауырдың астымен, жеңілдің үстімен жүріп, оңай олжаға кенелуді қалайтындардың көбеюі түрлі қылмыс түрлерінің артуына апарып соғуда. Сондықтан жас ұрпаққа әрбір адал адам адал еңбегімен адал табысқа жететінін ұғындыруымыз керек. Сонда ғана қоғамда белең алған алаяқтық, сыбайлас жемқорлық дейтін келеңсіздіктердің жолын кесіп, әділетті қоғам құра аламыз. 
Жалпы, Ұлттық құрылтайдың негізгі миссиясы ұлттық идеологияны қалыптастыру болса, үшінші отырыста да ұлтымыздың болашағын айқындайтын қадау-қадау мәселелер ортаға салынды. Ұрпағының ертеңін ойлаған әрбір адамға құрылтайда айтылған мәселелер ой салды деп ойлаймын.

Зылиха ЖАНТАСОВА, 
филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Ж.Ташенев университеті «Тілдер және әдебиет» кафедрасының меңгерушісі.

 

Добавить комментарий

Ограниченный HTML

  • Допустимые HTML-теги: <a href hreflang> <em> <strong> <cite> <blockquote cite> <code> <ul type> <ol start type> <li> <dl> <dt> <dd> <h2 id> <h3 id> <h4 id> <h5 id> <h6 id>
  • Строки и абзацы переносятся автоматически.
  • Адреса веб-страниц и email-адреса преобразовываются в ссылки автоматически.

Оқиға категориялары