Өнер және көркем еңбек
background

“Өнер және көркем еңбек”

Кафедрасы
Басты бет / Кафедралар / Өнер және көркем еңбек
Біз туралы

Кафедра миссиясы

«Дизайн» кафедрасы 1998 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласында ашылған «Сырдария» университетінің құрамында құрылды. Кафедраның алғашқы меңгерушісі – Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Бөрі Иса болды.

«Бейнелеу өнері және дизайн» мамандығы 2000 жылы ашылды. Кафедраны сол кезде Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Жеңіс Қалмұратов басқарды.

2005 жылы «Бейнелеу өнері және сызу» кафедрасы қайта құрылып, «Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасы болып өзгертілді. Кафедра меңгерушісі философия ғылымдарының кандидаты, доцент Даулетхан Болысбаев болды.

2008–2022 жылдар аралығында кафедра қайта құрылып, «Өнер және дизайн» кафедрасы болып аталды. Бұл кезеңде кафедра «Бейнелеу өнері және дизайн» мен «Музыкалық білім» кафедраларының бірігуі негізінде құрылған және мұнда музыка мен көркем еңбек пәні мұғалімдері мен дизайн мамандары даярланды. Кафедраны педагогика ғылымдарының кандидаттары – Гүлнар Есенқызы Қожагұлова мен Улданай Әлібекқызы Сапарбаева басқарды. 2022 жылы Сырдария университетінің Шымкент қаласына көшуіне байланысты университетке Ж.А. Ташеновтің есімі берілді. «Өнер және дизайн» кафедрасын магистр, аға оқытушы Ирина Степановна Ким басқарды. 2023 оқу жылынан бастап кафедра «Өнер және музыка» деп аталды, ал кафедра меңгерушісі болып педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Балжан Сейдраманқызы Тлеубаева тағайындалды.

2023–2024 оқу жылында кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы 31 адамнан тұрды:

  • 1 профессор
  • 6 ғылым кандидаттары мен доценттер
  • 2 философия докторлары (PhD)
  • 2 ҚР мәдениет қайраткері
  • 12 ғылым магистрі, аға оқытушылар
  • 11 ғылым магистрі, оқытушылар

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы білім беру бағдарламаларына толық сәйкес келеді.

2024–2025 оқу жылынан бастап университет акционерлік қоғам болып қайта құрылуына байланысты университеттің құрылымында өзгерістер болды. Соған сәйкес кафедра екіге бөлінді: «Музыка және ән» және «Дизайн» кафедралары. «Дизайн» кафедрасын Балжан Сейдраманқызы Тлеубаева басқарды.

2025–2026 оқу жылынан бастап университет құрылымының өзгеруіне байланысты кафедра "Өнер және көркем еңбек" кафедрасы болып қайта құрылды. Бұл кафедра музыка және көркем еңбек пәндерінің мұғалімдерін даярлауға бағытталған. Кафедра меңгерушісі – педагогика ғылымдарының кандидаты Қарсыбаев Бастарбек Тохтарұлы.

"Өнер және көркем еңбек" кафедрасының барлық аудиториялары қажетті әдістемелік оқулықтармен, көрнекі құралдармен, аспаптармен және жиһаздармен жабдықталған.

Жаңа оқу жылында кафедраның профессор-оқытушылар құрамы – 21 адамды құрайды.
Құрамы:

  • профессор – 1
  • ғылым кандидаттары, доценттер – 3
  • PhD докторлар – 1
  • ҚР мәдениет қайраткерлері – 4
  • ғылым магистрлері, аға оқытушылар – 8
  • ғылым магистрлері, оқытушылар – 4

Кафедра оқытушыларының базалық білімі білім беру бағдарламаларына сәйкес келеді.

Іс-шаралар

Кафедраның ашық сабақтары мен іс-шаралары:

📅 іс-шаралар</a >

Білім беру бағдарламалары

Білім беру бағдарламалары

Бейіндік бағыттар:
  • 6В01403 – Көркем еңбек және сызу пәні мұғалімдерін даярлау
  • 6B01406 – Көркем білім (IP)
  • 6B01407 – 6B01407 Еңбекке баулу және кәсіпкерлік негіздері (IP)
  • 6В01410 – «Технология және көркем еңбек мұғалімдерін даярлау»
  • 6В01408 – «Музыкалық білім (IP)»
  • 6В01402 – «Музыка мұғалімдерін даярлау »
  • 6В02121 – «Эстрадалық вокал »

Құжаттар

 
Пәндер презентациялар және оқу-әдістемелік нұсқаулар:

Профессор-оқытушылар құрамы

Профессор-оқытушылар құрамы және ғылыми-әдістемелік жұмыс

Кафедра ұжымы жалпы өнертану, көркем еңбек салаларында ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмыстар жүргізеді. Сонымен қатар, студенттердің ғылыми жұмыстарын да қадағалайды.

Кафедраның ПОҚ тізімі:
  1. Қарсыбаев Бастарбек Тоқтарұлы
  2. Қонақбаева Ұлжамал Жәндәрәліевна
  3. Тәжіғұлова Әлмира Ызбасарқызы
  4. Алшымбаева Сәуле Нағашбековна
  5. Қалабаева Қызбала Райымбекқызы
  6. Елшенов Мұхаметкәрім
  7. Шналиев Мұхтар Әбдіманапұлы
  8. Айтуарова Нәзерке Аблаевна
  9. Сауытов Ерман Биболатұлы
  10. Бакирова Гүлжайна Әбілпатшақызы
  11. Туманова Гүлзада Асқаровна
  12. Мәжітов Ұлықбек Халматұлы
  13. Қайнарбаева Айгүл Қалмаханқызы
  14. Мәшир Перизат Ілесқызы
  15. Байғұнова Динара Мәдіханқызы
  16. Ескенеев Фархат Әулбекұлы
  17. Мейірбеков Берікбай Бекматұлы
  18. Естемесова Сәуле
  19. Исаев Бөрі Иса
  20. Дәуренбеков Ерлан Нұрғалиұлы
  21. Хашимханова Диана Равильевна

Кафедра ұжымы кредиттік технологияға (силлабус) негізделген бірнеше оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар, оқу-әдістемелік кешендер, пәндердің әдістемелік нұсқаулықтары, дәрістер жинақтары, студенттердің өздік жұмыстарына арналған мәтіндер және электронды оқулықтар әзірлеген.

"Өнер және көркем еңбек" кафедрасының ұжымы білім беру, ғылым және мәдениет салаларында жұмыс істей алатын білікті мамандарды даярлайды. Кафедра оқытушылары шығармашылықпен айналысып, республикалық, халықаралық, облыстық деңгейдегі фестивальдардың жүлдегерлері болып табылады. Сондай-ақ, факультет, университет және қала көлемінде өткізілетін барлық іс-шараларға белсенді қатысады.

Практика базалары

Дуальді оқыту базасы:
AJ «Parasat» жекеменшік мектебі
Talant» №1 жалпы білім беретін мектебі
Ж. Аймауытов атындағы №64 мектеп-гимназия
Айбек атындағы №79 жалпы білім беретін орта мектеп
Науаи атындағы №11 жалпы білім беретін орта мектеп
AJ «Parasat» жекеменшік мектебі
«Достық» мектебі ЖШС
№128 жалпы білім беретін орта мектеп
№75 мектеп-гимназия
Ә. Молдағұлова атындағы №29 жалпы білім беретін орта мектеп
«Talant» №1 жалпы білім беретін мектебі
№58 жалпы білім беретін орта мектеп
Т. Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназия (Шымкент қ.)
Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы мектеп-гимназия (Шымкент қ.)
№8 үш тілде оқытатын мамандандырылған гимназия (Шымкент қ.)
Ш. Уәлиханов атындағы №18 ЖОББМ (Шымкент қ., Түркістан облысы, Жетісай ауданы)
«С. Айни атындағы №55 ЖОББМ» КММ (Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Хайдар ауылы)
«М. Тұрсынзаде атындағы №56 ЖОББМ» КММ (Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Гүлстан ауылы)
Ш. Рашидов атындағы №64 жалпы білім беретін мектеп (Түркістан облысы, Сайрам ауданы)
Ж. Аймауытов атындағы №64 мектеп-гимназия (Шымкент қ.)
Ә. Науаи атындағы №11 жалпы білім беретін орта мектеп (Шымкент қ.)
Д. И. Менделеев атындағы №15 мектеп-лицей (Шымкент қ.)
Қ. Байболов атындағы жалпы білім беретін мектеп (Түркістан облысы, Төле би ауданы, Ұзынарық ауылы)
№45 мектеп-гимназия (Шымкент қ.)
М. Горький атындағы №12 жалпы білім беретін орта мектеп

Материалдық-техникалық база

photo
Кафедра меңгерушісі
Конакбаева Улжамал Жандаралиевна

Байланыс телефон номері: 87029015201  
E-mail:
ukonakbaeva@mail.ru  
Ғылыми дәрежесі:
PhD докторы, қауымдастырылған профессор   

Білімі: жоғары
Жұмыс тәжірибесі:
30
Біліктілікті жетілдіру
: Білім беру бағыты бойынша 2, Инклюзивті білім беру моделі 1, Жасанды интеллект 1, Педагогикалық менеджмент 1.

Жетістіктері: 200-ден аса ғылыми еңбектердің авторы, оның ішінде 7 халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда, 20 Уәкілетті орган ұсынған басылымдарда, қалғандары басқа басылымдар мен халықаралық конференцияларда жарияланған.
          Республикалық Оқу-әдістемелік Кеңесі ұсынған 1 оқулық пен 6 оқу құралдарының, 1 монографияның авторы. Электронды оқулықтары мен қолөнер туындыларына 7 авторлық куәлктер алған.

1. Медаль "Білім беру ісінің үздігі". ҚР ОҚО "Құрмет АВ" қоғамдық бірлестігі. Куәлік №Sr044

2. Медаль "Елеулі еңбегі үшін" Ы.Алтынсарин медалі. Ұстаз қоғамдық қоры. 12.12.2019. Куәлік 0881