Қазақ тілі мен әдебиетІ
background

“Қазақ тілі мен әдебиетІ”

Кафедрасы
Басты бет / Кафедралар / Қазақ тілі мен әдебиетІ
Біз туралы

Кафедра миссия

Кафедра тарихы 1999 жылы 1 қазаннан басталады. Кафедра қазақ тіл мен әдебиеті мұғалімдерін даярлайды. Білім саласында жүйелі білім қалыптастыра алатын,оқу үрдісін заманауи талаптарға сәйкес деңгейде ұйымдастыру қабілетіне ие, ғылыми зерттеулерді,жобалық жұмыстарды, жүзеге асыра алатын қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімін дайындауда үздіксіз қызмет атқаруда.

Кафедраның негізгі мақсаты білім берудің концептуалдық принциптері негізінде білім беру мен ғылымды іргелендіру, ізгілендіру, ақпараттандыру және интеграцияландыру мәселелері қамтылған және оқыту мен тәрбиелеу интеграциясын қамтамасыз ету, білім беру үдерісінде, салауатты ортада жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуы, жас ұрпақтан бәсекеге қабілетті сұранысқа ие білім алушыларға білім беру қызметін ұйымдастыру және жүргізу болып табылады.

«Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры дипломын алған студент барлық типтегі және түрдегі орта білім беру мекемелерінде,техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарында, мамандандырылған мектептер мен орта (гимназиялар, лицейлер) және арнаулы орта (колледждер) оқу орындарында,баспа ісінде және мерзімді бұқаралық ақпарат құралдарында қызмет атқара алады.

Кафедра студенттердің интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерін,сонымен қатар сыни ойлауды дамытуына басты назар аударады. Кафедраға қарасты аудиториялар «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Абайтану» интербелсенді тақта, заманауи жабдықтармен жабдықталған.

Кафедра оқытушыларының ғылыми деңгейі жоғары.
Кафедрада 16 білікті оқытушылар мен ғалымдар қызмет атқарады. Оның ішінде 3 доцент, 1 қауымдастырылған профессор, 5 ғылым кандидаты, 1 РhD, 5 ғылым магистрі жұмыс жасайды.

Кафедраның меңгерушісі ф.ғ.к. Мамыт Амангелді Алтыбайұлы 2023 жылы «Үздік педагог-23» номинациясымен марапатталды.

Жантасова Зылиха Тұрарқызы ҚР жазушылар одағының мүшесі. «Мейірім мұнарасы» авторлық бағдарламасының жүргізушісі.

Кафедраның қауымдастырылған профессоры Абенова Лаззат Усманқызы 2021 жылы «Жоғары оқу орынының үздік оқытушысы» атанды.

Кафедра профессорлары мен оқытушылары қазіргі қазақ тіл білімі мен әдебиетінің өзекті мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Жылдық жоспарларға сәйкес кафедра бұл бағытта отандық және шетелдік ғылыми-практикалық конференцияларға қатысады, ғылыми жарияланымдар, мақалалар, оқу-әдістемелік материалдар, монографиялар шығарады. «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының ұжымы Қазақстан Республикасының білім, ғылым, мәдениет, жоғары білім беру саласында жұмыс істейтін білікті мамандарды даярлау бойынша көптеген жұмыстар атқаруда.

Соңғы іс-шаралар

Кафедраның ашық сабақтары мен іс-шаралары:

📅 Соңғы іс-шаралар

Білім беру бағдарламалары

Кафедраның білім беру бағдарламалары

«Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы келесі білім беру бағдарламалары бойынша мамандарды дайындайды:

Бакалавриат бағдарламалары
  • 6В01701-Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламасы (IP)
  • 6В01710-Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламасы
Магистратура бағдарламасы
  • 7М01701 – "Қазақ тілі және әдебиеті педагогтарын даярлау"

Құжаттар

 

"Қазақ тілі мен әдебиеті" кафедрасының ПОҚ тізімі

  1. Абенова Лаззат Усманқызы
  2. Арынбаева Рана Ануарбековна
  3. Айткулова Гульмира Арипкановна
  4. Жантасова Зылиха Тұрарқызы
  5. Байболова Айжан Жанасбекқызы
  6. Мамыт Амангелді Алтыбайұлы
  7. Нұрпейісов Нариман Жұмашұлы
  8. Бакирова Шолпан Абдикеримовна
  9. Мұса Нұрбала Бекболатқызы
  10. Қалыбеков Болат Ермекұлы
  11. Смайыл Ақмарал Халиқызы
  12. Айткулова Гульмира Арипкановна
  13. Саткулова Қарлығаш Молдабекқызы
  14. Келимбетова Фариза Қалымбекқызы
  15. Алимбаев Мырзахан Түймебаевич
  16. Алтынбек Ұлдықыз Омарбекқызы
  17. Төлегенова Дина Мелдебекқызы
  18. Нұсқабай Мұхтар Арыстанбекұлы
  19. Еликбаев Бауыржан Кошкинбайулы

Практика базалары

№26 Ж.Жабаев атындағы жалпы орта мектебі Шымкент қ.
Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта мектебі. Шымкент қ.
№55 О.Жәутіков атындағы жалпы орта мектебі. Сарағаш ауданы, Қабланбек ауылы.
№135 жалпы орта білім беретін мектебі. Шымкент қ.
№14 Айбек атындағы жалпы орта мектебі. Шымкент қ.
№102 атындағы жалпы орта мектебі. Шымкент қ.
№89 IT мектеп лицей. Шымкент қ.
Intellect физика-математика-лицейі. Шымкент қ.

Материалдық-техникалық база

photo
Кафедра меңгерушісі
Мамыт Амангелді Алтыбайұлы

Факультет деканы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент

Телефон: +7 702 596 6830