Tashenev
background

Ғылым және инновация департаменті

Ғылым және инновация

Директордың фотосы

Оралбекова Алия Курбановна

Ғылым және инновация департаментінің директоры
Ғылыми дәрежесі

PhD

Email

academ@tashenev.edu.kz

Ташенев университетінің Ғылым және инновация департаменті — университеттің барлық буындарындағы ғылыми-зерттеу қызметін үйлестіру және бақылау үшін жауапты мамандандырылған құрылымдық бөлімше. Негізгі мақсаты — ғылыми және инновациялық қызметтің тиімділігін арттыру, ұжымның ғылыми әлеуетін барынша ашу және зерттеулердің материалдық-техникалық базасын дамыту.

  1. университет деңгейінде ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
  2. әлемдік ғылыми жетістіктерге сүйене отырып, ҒЗЖ және студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысының (ҒЗЖС) жан-жақты дамуын қамтамасыз ету;
  3. кафедралардың, институттардың, ҒЗИ-дың, орталықтар мен зертханалардың ғылыми қызметін үйлестіру және мониторинг жүргізу;
  4. қызметкерлер мен ППҚ жарияланымдарының сапасын арттыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және қадағалау (импакт-факторлы, рейтингтік журналдар және т.б.);
  5. зерттеу нәтижелеріне құқықтық қорғау алуды (патенттер және өзге де қорғау құжаттары) сүйемелдеу және бақылау;
  6. университеттің және оның құрылымдық бөлімшелерінің ҒЗЖ жоспарларын орындауды үйлестіру және бақылау;
  7. қызметкерлер мен ОПҚ-ның әртүрлі деңгейдегі ғылыми жобалар конкурстарына қатысуын ұйымдастыру және қадағалау;
  8. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі (ҒЖБМ) бекіткен университеттің халықаралық және республикалық ғылыми іс-шараларын дайындау және өткізілуін бақылау;
  9. студенттік ғылыми үйірмелердің қызметін үйлестіру
  10. магистранттар мен студенттердің конкурстарға, олимпиадаларға, ғылыми конференцияларға және өзге де іс-шараларға қатысуын ұйымдастыру және бақылау.
  11. Департамент құрылымы:

  12. Ғылымды дамыту және академиялық жазу орталығы
  13. ЖОО-дан кейінгі білім беру орталығы
  14. Коммерцияландыру және жобаларды сүйемелдеу орталығы
  15. Ғылыми коворкинг орталығы
  16. Орталықтардың қызметі сапа менеджменті жүйесінде көзделген тиісті ережелермен, лауазымдық нұсқаулықтармен, жұмыс жоспарлары және есеп беру формаларымен реттеледі. ҒЗЖ-ның жылдық есебі Ғылыми кеңесте тыңдалады. Сонымен қатар университетте Жас ғалымдар кеңесі және Ғылыми-әдістемелік кеңес жұмыс істейді