Педагогикалық және жаратылыстану ғылымдары
Миссиясы
Білім беру, ғылым және инновациялық қызметті заманауи талаптарға сай интеграциялау арқылы жаңа білім қалыптастырып, елдің зияткерлік әлеуетін дамытуға үлес қосатын бәсекеге қабілетті, кәсіби құзыретті мамандар даярлау.
Институт туралы
Педагогика және жаратылыстану ғылымдары институты – Ж.А.Ташенев университетінің педагогикалық және жаратылыстану бағытындағы білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын, оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәрбие және академиялық қызметті үйлестіретін жетекші құрылымдық бөлімшелерінің бірі.
Институт Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесін жаңғырту, білім беру сапасын арттыру, ғылым мен инновацияны дамыту және халықаралық білім беру кеңістігіне кірігу бағытындағы стратегиялық міндеттерді жүзеге асыру мақсатында университеттің 2026 жылғы 03 наурыздағы №9/1-Ө бұйрығы негізінде құрылды.
Өз қызметін Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілерге, университеттің Академиялық саясаты мен ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес жүзеге асырады
Мақсаты мен міндеттері
Институттың негізгі мақсаты – педагогикалық және жаратылыстану ғылымдары салалары бойынша жоғары білікті, заманауи талаптарға сай кәсіби мамандар даярлау, ғылыми-зерттеу қызметін дамыту және білім мен ғылымның сабақтастығын қамтамасыз ету.
Осы мақсатқа жету үшін институт келесі міндеттерді жүзеге асырады:
- білім беру бағдарламаларының сапасын арттыру;
- білім алушылардың кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру;
- ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметті дамыту;
- академиялық ұтқырлықты кеңейту;
- халықаралық ынтымақтастықты нығайту;
- жұмыс берушілермен және әлеуметтік серіктестермен байланысты дамыту;
- білім алушылардың тұлғалық және көшбасшылық қасиеттерін жетілдіру.
Білім беру қызметі
Институт педагогикалық және жаратылыстану ғылымдары бағыттары бойынша бакалавриат және магистратура білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады. Білім беру бағдарламалары құзыреттілік тәсіл, тәжірибеге бағдарланған оқыту, цифрландыру, академиялық ұтқырлық және білім беруді интернационалдандыру қағидаттарына негізделген.
Оқу үдерісінде инновациялық педагогикалық технологиялар, цифрлық білім беру ресурстары, интерактивті оқыту әдістері және заманауи білім беру платформалары кеңінен қолданылады. Бұл білім алушылардың кәсіби даярлығын жетілдіруге және еңбек нарығының сұранысына сай маман қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Ғылым және инновация
Институт ғылыми-зерттеу қызметін білім беру үдерісімен ұштастыра отырып жүзеге асырады. Профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылар республикалық және халықаралық ғылыми конференцияларға, ғылыми жобаларға және зерттеу жұмыстарына белсенді қатысады.
Ғылыми қызметтің негізгі бағыттары педагогика, психология, жаратылыстану ғылымдары және білім беру технологиялары салаларындағы өзекті мәселелерді зерттеуге бағытталған. Институт ғылым мен өндіріс, білім мен тәжірибе арасындағы байланысты нығайтуға ерекше көңіл бөледі.
Халықаралық байланыстар және даму
Институт халықаралық білім беру және ғылыми кеңістіктегі ынтымақтастықты дамытуға басымдық береді. Осы бағытта шетелдік жоғары оқу орындарымен және ғылыми ұйымдармен әріптестік байланыстар орнатылып, академиялық ұтқырлық бағдарламалары жүзеге асырылуда.
Халықаралық ынтымақтастық білім алушылар мен оқытушылардың тәжірибе алмасуына, бірлескен ғылыми жобаларды іске асыруға және білім беру бағдарламаларының сапасын халықаралық стандарттарға сәйкестендіруге мүмкіндік береді.
Материалдық-техникалық база
Институттың материалдық-техникалық базасы заманауи білім беру талаптарына сәйкес жабдықталған. Оқу үдерісін ұйымдастыру үшін арнайы пәндік кабинеттер, зертханалар, компьютерлік сыныптар және цифрлық білім беру ресурстары пайдаланылады.
Білім алушылардың теориялық білімін тәжірибемен ұштастыру мақсатында практика базаларымен және әлеуметтік серіктестермен тығыз байланыс орнатылған.
Білім алушылардың жетістіктері
Институт білім алушылардың ғылыми, зияткерлік, шығармашылық және қоғамдық белсенділігін дамытуға ерекше көңіл бөледі. Студенттер республикалық пәндік олимпиадаларға, ғылыми байқауларға, конференцияларға және түрлі деңгейдегі мәдени-көпшілік іс-шараларға белсенді қатысып, жоғары нәтижелер көрсетуде.
Құрылымы
Қазіргі таңда институт құрамында 4 кафедра жұмыс істейді.
1. Педагогика және психология
2. Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру
3. Химия және биология
4. Математика және физика
Кафедралар педагогикалық және жаратылыстану ғылымдары бағыттары бойынша еңбек нарығында сұранысқа ие бакалавриат және магистратура білім беру бағдарламаларын іске асырады.
Білім беру бағдарламалары
Педагогика және жаратылыстану ғылымдары институты бакалавриат және магистратура деңгейлері бойынша педагогикалық және жаратылыстану ғылымдары бағыттарында жоғары білікті мамандар даярлайды.
Бакалавриат
Педагогика және психология бағыты
- 6В01101 Педагогика және психология
- 6В01103 Психология (IP)
Бастауыш білім беру бағыты
- 6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
- 6B01302 Бастауыш білім беру (IP)
Мектепке дейінгі білім беру бағыты
- 6B01201 Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту
- 6B01202 Мектепке дейінгі білім беру (IP)
Математика бағыты
- 6В01501 Математика мұғалімдерін даярлау
- 6В01511 Математика (IP)
Физика бағыты
- 6В01502 Физика мұғалімдерін даярлау
- 6В01515 Физика (IP)
Информатика бағыты
- 6В01503 Информатика мұғалімдерін даярлау
- 6В01513 Информатика (IP)
Биология және жаратылыстану ғылымдары бағыты
- 6В05101 Биология
- 6В01505 Биология мұғалімдерін даярлау
- 6В01507 Химия және биология мұғалімдерін даярлау
- 6В01510 Биология және география мұғалімдерін даярлау
- 6В01504 Химия мұғалімдерін даярлау
- 6B01533 Биология (IP)
- 6В01512 Химия (IP)
- 6В05102 Агроэкология және қолданбалы биология
- 6В01518 Биология мұғалімдерін даярлау (қос диплом бағдарламасы)
Магистратура
- 7М01101 Педагогика және психология
- 7М01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Институттың білім беру бағдарламалары еңбек нарығының заманауи талаптарына сәйкес әзірленген және білім алушылардың кәсіби, ғылыми-зерттеушілік және практикалық құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған. Бағдарламалар аясында академиялық ұтқырлық, цифрлық білім беру технологиялары, тәжірибеге бағдарланған оқыту және халықаралық білім беру тәжірибелері кеңінен қолданылады.
Кадрлық әлеует
Институттың профессор-оқытушылар құрамы жоғары ғылыми-педагогикалық әлеуетке ие мамандардан құралған. Олардың қатарында ғылым докторлары, ғылым кандидаттары, PhD докторлары және тәжірибелі оқытушылар қызмет атқарады.
Профессор-оқытушылар құрамы білім беру бағдарламаларының сапасын қамтамасыз ету, ғылыми әлеуетті дамыту және білім беру үдерісін үздіксіз жетілдіру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізеді.
Құндылықтары
Институт өз қызметінде академиялық адалдық, кәсібилік, жауапкершілік, инновация, көшбасшылық және үздіксіз даму қағидаттарын басшылыққа алады.
Педагогика және жаратылыстану ғылымдары институты – білім, ғылым және тәжірибе сабақтастығын қамтамасыз ететін, ұлттық құндылықтар мен халықаралық стандарттарды үйлестіре отырып, сапалы білім беруді жүзеге асыратын заманауи академиялық орта.
- «Инклюзивті білім беру негіздері» ғылыми монографиясының авторы;
- 12 оқу құралының авторы;
- 20-дан астам оқу-әдістемелік еңбектің авторы;
- 200-ден астам ғылыми мақаланың авторы;
- Scopus және Clarivate Analytics халықаралық деректер базасына енгізілген ғылыми журналдарда жарияланымдары бар;
- Халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференциялардың тұрақты қатысушысы;
- Педагогикалық менеджмент, инклюзивті білім беру және болашақ мұғалімдерді даярлау мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер жүргізеді.
- 2020 ж. – Perfect Tenses and Modals, University of California, Irvine (Coursera).
- 2020 ж. – English for Business and Entrepreneurship, University of Pennsylvania (Coursera).
- 2020 ж. – «Білім берудегі менеджмент» бағдарламасы (72 сағат).
- 2021 ж. – «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тануды оқыту технологиялары» бағдарламасы (72 сағат).
- 2021 ж. – «Қазақстандағы педагог кадрлардың біліктілігін арттыру стратегиялары» бағдарламасы (72 сағат).
- 2021 ж. – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «ЖОО-дағы заманауи педагогикалық технологиялар» бағдарламасы (108 сағат).
- 2022 ж. – ULTYQUSTAZ онлайн академиясының біліктілікті арттыру курсы.
- 2023 ж. – University Teaching, The University of Hong Kong (Coursera).
- 2023 ж. – «Педагогикалық менеджмент: білім беру үдерісін басқарудағы инновациялар» бағдарламасы (108 сағат).
- 2006–2008 жылдары ҚР БҒМ талантты жас ғалымдарға арналған стипендиясының иегері.
- 2010 жылы «Үздік кафедра» номинациясы бойынша ректор сыйлығымен марапатталды.
- 2011 жылы өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі елеулі жетістіктері үшін ҚР БҒМ Құрмет грамотасымен (№990) және «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды.
- 2015–2016 жылдары ОҚМПУ студенттік контингентін қалыптастыруға қосқан үлесі үшін ректордың Алғыс хатын алды.
- 2017 жылы «Ұлағатты ұстаз» төсбелгісімен марапатталды.
- 2017 жылы «ОҚМПУ 80 жыл» мерейтойлық төсбелгісімен марапатталды.
- 2017 жылы «Жылдың үздік оқытушысы» номинациясының жеңімпазы атанды.
- 2018 жылы ҚР Білім және ғылым министрінің Алғыс хатымен марапатталды.
- 2018 жылы ҚР Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
- 2018 жылы «Мұғалімнің жолы» медалімен (№0710) марапатталды.
- 2018 жылы «Білім беру үздігі» төсбелгісімен (№А086) марапатталды.
- 2018 жылы «Үздік автор» төсбелгісімен марапатталды.
- 2019 жылы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2019» атағын алды.
- 2020 жылы Түркістан облыстық мәслихатының Құрмет грамотасымен марапатталды.
- 2020 жылы ҚР БҒМ «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен (№0270) марапатталды.
- 2020 жылы ОҚМПУ-дың «ЖОО үздік оқытушысы» дипломымен марапатталды.
- 2025 жылы «Ахмет Байтұрсынұлы» төсбелгісімен марапатталды.
- Халықаралық ғылыми конференцияларға тұрақты қатысушы;
- Халықаралық ғылыми жарияланымдардың авторы;
- «Болашақ» бағдарламасының «500 ғалым» ғылыми тағылымдамасының түлегі;
- Шетелдік жоғары оқу орындарымен ғылыми және академиялық байланыстарды дамытуға үлес қосуда.