IT және жаратылыстану
background

IT және жаратылыстану

Басты бет / Факультеттер / IT және жаратылыстану
Факультеттің сипаттамасы

Білім беру бағдарламалар

 

Факультет туралы:

Тәшенев университетінің "IT және жаратылыстану" факультеті студенттерге заман талабына сай білім беріп қана қоймай, рухани тәрбие беріп, олардың азаматтық қасиеттерін қалыптастыруды басты міндеті ретінде көреді. 
Бұл студенттерге тек білім алып қана қоймай, алған білімдерін нақты өндірісте пайдалану үшін қажетті дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді. Оқытушылардың жетекшілігімен студенттер ғылыми жобалармен айналысып, олардың нәтижелерін өндірістік салада қолдану жолдарын іздестіреді.
Оқу процесіне арналған кең дәрісханалар, заманауи лигафон кабинеттермен жабдықталған түрлі оқыту материалдары студенттердің теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, факультетте 35-әкімдік, 2-мемлекеттік, 40-Тәшенев тартуыны білім грантының иегерлері оқиды, олар өздерінің жетістіктерімен өзгелерге үлгі көрсетіп, оқу үлгерімін арттыруға ықпал етеді. Университет қабырғасында грант иегерлері мен барлық студенттерге үздіксіз қолдау көрсетіліп, ғылыми жобаларға қатысуына, білімдерін жетілдіруіне барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Осылайша, факультет түлектері болашақта өз салаларында білікті маман болып қалыптасып, еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие маман болуға мүмкіндік алады.

Факультеттің миссиясы – ақпараттық технологиялар мен шетел тілдері саласында білікті, заманауи және халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау. Факультет білім беру сапасын арттырып қана қоймай, технологиялық және  мәдени дамуды үйлестіре отырып, студенттердің жаһандық нарықта сұранысқа ие болуына ықпал етеді. Ғылым мен инновацияны тәжірибемен ұштастыра отырып, қоғамның өркендеуіне, елдің қауіпсіздігі мен өмір сапасын жақсартуға үлес қосу –  факультеттің басты міндеті.

"IT және жаратылыстану" факультетінің негізгі жұмыс бағыттары студенттерге кәсіби білім беру, ғылыми-зерттеу қызметін дамыту, халықаралық ынтымақтастық орнату, тілдік және IT-құзыреттерді арттыру, әлеуметтік және рухани тәрбие беру, сондай-ақ тәжірибелік білім беруге бағытталған. 
Факультет студенттерге IT және тілдік бағытта сапалы білім беріп, оларды қазіргі еңбек нарығына қажетті білікті маман ретінде дайындайды. Сонымен қатар, студенттер мен оқытушылардың ғылыми-зерттеу жобаларына қатысуын қолдап, зерттеу нәтижелерін өндіріске енгізу мүмкіндіктерін іздестіреді. Халықаралық ынтымақтастық аясында факультет шетелдік университеттермен байланыс орнатып, студенттерге шетелде білім алу және тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін ұсынады.
Тілдік құзыреттілікті дамытуға ерекше көңіл бөлініп, студенттерге екі немесе одан да көп тілде кәсіби қарым-қатынас жасауды үйретеді. Сонымен қатар, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеру, заманауи бағдарламалау және деректерді талдау бойынша дағдыларды дамытуға бағытталған білім беріледі.
Әлеуметтік және рухани тәрбие бағытында студенттердің азаматтық қасиеттері мен этикалық құндылықтарын қалыптастыруға назар аударылады.
Ал тәжірибелік білім беру аясында студенттерге теориялық білімдерін нақты өндірісте қолдануға мүмкіндік беретін түрлі практикалық жұмыстар мен өндірістік практикалар ұйымдастырылады.


photo
Факультет жетекшісі
Душабаев Даулет Шадьмахаматович
Телефон: 8 708 777 77 89