Әлем тілдері институты
background

Әлем тілдері институты

Басты бет / Факультеттер / Әлем тілдері институты
Институттың туралы
«Әлем тілдері» институты — көптілді білім беруді дамытуға бағытталған, кәсіби педагогтар мен тіл мамандарын даярлайтын іргелі білім ордасы. Институттың басты мақсаты — заманауи білім беру талаптарына сай, жоғары кәсіби құзыреті бар, бірнеше тілді еркін меңгерген, мәдениетаралық коммуникацияны жүзеге асыра алатын мамандарды даярлау.
 
Институтта келесі бакалавриат білім беру бағдарламалары бойынша мамандар дайындалады:
            •          6B01708 – Орыс және орыс емес мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті (IP)
            •          6B01707 – Шетел тілдері (IP)
            •          6B01702 – Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
            •          6B01703 – Шетел тілі: екі шетел тілі мұғалімдерін даярлау
            •          6B01704 – Өзбек тілі мұғалімдерін даярлау
            •          6B01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
Магистратура білім беру бағдарламалары:
1.⁠ ⁠7M01702 – Шетел тілдері мұғалімдерін даярлау: екі шетел тілі
2.⁠ ⁠7M01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
3.⁠ ⁠7M01703 – Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
4.⁠ ⁠7M01704 – Өзбек тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
 
The programs are aimed at developing professional, pedagogical, research, and methodological competencies, preparing graduates for successful careers in education and language-related fields.
Бағдарламалар білім алушылардың кәсіби-педагогикалық, ғылыми-зерттеу және әдістемелік құзыреттерін дамытуға бағытталған.
Институт түлектері мектептерде, лицейлер мен гимназияларда, тіл орталықтарында, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен білім беру мекемелерінде табысты еңбек етуде.
 
 Институтты миссиясы – «Әлем тілдері» институтының миссиясы – көптілді және көпмәдениетті қоғам жағдайында кәсіби бәсекеге қабілетті, жоғары мәдениетті, заманауи білім мен педагогикалық шеберлікті меңгерген тіл мамандарын даярлау.
Институт миссиясы келесі білім беру бағдарламаларының мазмұнымен ұштасады:
  1)Қазақ, орыс және өзбек тілдері мен әдебиеттері бойынша – ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, тіл мен әдебиетті оқытуда шығармашылық және ғылыми көзқарасты дамыту;
  2)Шетел тілдері бойынша – халықаралық стандарттарға сай, екі және одан да көп тілді еркін меңгерген, жаһандық коммуникация кеңістігінде жұмыс істей алатын мамандарды даярлау.
 
Институт түлектері білім беру жүйесінің түрлі деңгейлерінде, ғылыми-зерттеу және халықаралық салаларда табысты еңбек етіп, мәдениетаралық байланыстарды нығайтуға өз үлесін қосады.
 

photo
Институт директоры
Ботабаева Жанна Нуралиевна

Институт директоры

Телефон: +7 701 395 41 22