Жаратылыстану ғылымдары
background

Жаратылыстану ғылымдары

Басты бет / Факультеттер / Жаратылыстану ғылымдары
Факультеттің сипаттамасы

Жаратылыстану ғылымдары факультеті – білім беру, ғылым және инновацияны өзара сабақтастыра отырып, жаратылыстану бағыттары бойынша бәсекеге қабілетті мамандар даярлайтын университеттің маңызды құрылымдық бөлімдерінің бірі.

Факультеттің негізгі мақсаты – еңбек нарығының заманауи талаптарына сай кәсіби білімі терең, зерттеушілік, педагогикалық және цифрлық құзыреттіліктерді меңгерген, экологиялық мәдениеті мен әлеуметтік жауапкершілігі жоғары мамандар даярлау.

Факультетте білім беру үдерісі теориялық білімді тәжірибемен ұштастыру, заманауи педагогикалық технологияларды қолдану және білім алушылардың ғылыми-зерттеушілік қабілеттерін дамыту қағидаттары негізінде ұйымдастырылады. Оқу сабақтарында цифрлық білім беру ресурстары, зертханалық тәжірибелер, жобалық оқыту, проблемалық оқыту, кейс әдісі және білім алушыға бағытталған инновациялық тәсілдер кеңінен қолданылады.

Факультеттің профессор-оқытушылар құрамы білім алушыларға сапалы білім берумен қатар, ғылыми-зерттеу, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстарын жүйелі түрде жүргізеді. Оқытушылар білім беру бағдарламаларын жетілдіруге, ғылыми жобаларды жүзеге асыруға, оқу-әдістемелік еңбектер әзірлеуге және ғылыми нәтижелерді жариялауға белсенді қатысады.

Факультет студенттері ғылыми жобаларға, пәндік олимпиадаларға, ғылыми-практикалық конференцияларға, стартап жобаларға, зияткерлік және шығармашылық байқауларға белсенді қатысады. Білім алушылардың теориялық білімін тәжірибеде бекіту мақсатында оқу, педагогикалық, өндірістік және зерттеу практикалары ұйымдастырылады.

Факультет орта білім беру ұйымдарымен, ғылыми-зерттеу мекемелерімен, өндіріс орындарымен және әлеуметтік серіктестермен ынтымақтастық орната отырып, білім беру бағдарламаларының мазмұнын жұмыс берушілердің талаптарына сәйкестендіруге ерекше назар аударады. Академиялық ұтқырлық, тәжірибе алмасу және бірлескен ғылыми-әдістемелік іс-шаралар өткізу бағытында отандық және шетелдік ұйымдармен байланыстарды дамытуға ұмтылады.

 

Факультет қызметінің басым бағыттары:

·        сапалы және қолжетімді білім беруді қамтамасыз ету;

·        білім беру бағдарламаларын үнемі жаңарту және жетілдіру;

·        студенттердің ғылыми-зерттеушілік әлеуетін дамыту;

·        цифрлық және инновациялық оқыту технологияларын енгізу;

·        ғылым, білім және өндіріс арасындағы байланысты нығайту;

·        академиялық адалдық қағидаттарын сақтау;

·        экологиялық білім мен мәдениетті қалыптастыру;

·        инклюзивті және қолайлы білім беру ортасын дамыту;

·        білім алушылардың кәсіби және тұлғалық дамуына жағдай жасау;

·        ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптеу.

Факультетте білім алушылардың қоғамдық, мәдени, спорттық және еріктілік бастамаларына қолдау көрсетіліп, олардың көшбасшылық қабілеттерін, азаматтық жауапкершілігін және отансүйгіштік қасиеттерін дамытуға ерекше мән беріледі.

 

Жаратылыстану ғылымдары факультеті білім беру сапасын арттыруға, ғылыми ізденістерді дамытуға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау идеяларын насихаттауға және өңірдің ғылыми-білім беру әлеуетін нығайтуға бағытталған жүйелі жұмыстарды жүзеге асырады.

Білім беру бағдарламаларының тізімі:

 

Бакалавриат

 «Химия және биология» кафедрасында бакалаврларды даярлау келесі білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады:

6В01504 – Химия мұғалімдерін даярлау

6В01505 – Биология мұғалімдерін даярлау

6В01507 – Химия – биология мұғалімдерін даярлау

6В01510 – Биология – география мұғалімдерін даярлау

6В05101 – Биология

6В01512 – Химия (IP)

6В01533 – Биология (IP)

6В05102 – Агроэкология және қолданбалы биология

6В01518 – Биология мұғалімдерін даярлау. (Қос дипломды бағдарлама)

 

«Математика және физика» кафедрасында бакалаврларды даярлау келесі білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады:

6В01501 - «Математика мұғалімдерін даярлау»

6В01511 - Математика (IP)

6В01502 - Физика мұғалімдерін даярлау

6В01515 - Физика (IP)

6В01503 - Информатика мұғалімдерін даярлау

 

6В01513 - Информатика (IP)

 

 


photo
Факультет жетекшісі
Муминова Шолпан Самандаровна

"Химия және биология" кафедрасының меңгерушісі
PhD докторы

Телефон: 87752757773