“Дизайн және сән”
Кафедра миссиясы
Кафедра туралы:
1998 жылы Оңтүстік Қазақстан, қазіргі Түркістан облысы, Жетісай ауданы Жетісай қаласында ашылған «Сырдария» университетінің құрамында «Өнер» кафедрасы алғаш 1998 жылы құрылған. Кафедраны ҚР мәдениет қайраткері Бөрі Иса басқарды. «Бейнелеу өнері және дизайн» бөлімі 2000 жылы ашылды. Бөлімді ең алғаш Суретшілер Одағының мүшесі Қалмұратов Жеңіс басқарды. 2005 жылы «Бейнелеу өнері және сызу» бөлімі «Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасы болып қайта құрылды. Кафедраны ф.ғ.к., доцент Болысбаев Даулетхан басқарды. 2008-2022 жылдары кафедра музыка және көркем еңбек мұғалімдері мен дизайн мамандарын даярлайтын «Өнер және дизайн» кафедрасы болып «Музыкалық білім» кафедрасымен «Бейнелеу өнері және дизайн» кафедраларының бірігуі негізінде қайта құрылды. Кафедраны педагогика ғылымдарының кандидаты Қожағұлова Гүлнар Есенқызы, Сапарбаева Ұлданай Әлібекқызы басқарды.
2022 жылы Сырдария университеті Шымкентке көшуіне байланысты Ж.А.Тәшенев аты берілді. Осыған орай «Өнер және дизайн» кафедрасы болып құралды, кафедраны аға оқытушы, магистр Ким Ирина Степановна басқарды.
2023 оқу жылынан бастап «Өнер және саз» кафедрасы болып атанды, сонымен қатар кафедраның меңгерушісі болып педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Тлеубаева Балжан Сейдрамановна тағайындалды.
2023-2024 оқу жылында кафедрада 31 профессор – оқытушы құрамы жұмыс істеді.
Олардың құрамында: ғылым кандидаттары, доценттер – 6; философия докторлары (PhD) – 2; ҚР мәдениет қайраткері – 2; ғылым магистрлері, аға оқытушылар – 12; ғылым магистрлері, оқытушылар – 11 педагог қызмет атқаруда. Кафедрадағы профессор-оқытушылар құрамының базалық білімдері білім беру бағдарламаларына сай.
2024-2025 оқу жылынан бастап университет акционерлік қоғамға айналды, сәйкесінше университет құрылымы өзгерді, кафедра екіге бөлінді, «Саз және ән» және «Дизайн» кафедрасы.
«Дизайн» кафедрасын Тлеубаева Балжан Сейдрамановна басқаруда.
«Дизайн» кафедрасына қарасты кабинеттердің барлығы тиісті әдістемелік оқулықтармен, көрнекі-құралдармен, аспаптармен және жиhаздармен жабдықталған.
Жаңа оқу жылына кафедраның профессорлық – оқытушылық құрамы – 20 адамды құрайды. Олардың құрамында: профессор-1; ғылым кандидаттары, доценттер – 4; философия докторлары (PhD) – 2; ғылым магистрлері, аға оқытушылар – 9; ғылым магистрлері, оқытушылар-4 педагог. Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының негізгі білімі білім беру бағдарламаларына сәйкес келеді.
Іс-шаралар
Кафедраның ашық сабақтары мен іс-шараларымен танысыңыз:
Білім беру бағдарламалары
6В02101-«Дизайн», 6B02111 - «Cән индустриясы»
БББ мақсаты инновациялық даму қажеттіліктеріне сәйкес кәсіби, креативті және жеке құзыреттілікке ие, бәсекеге қабілетті киім үлгілерін жеке тапсырыс жасауға және эксперименттік сәнніңжаппай өндіріс жағдайына қабілетті сән индустриясы және дизайн саласындағы жоғары білікті, әлеуметтік жауапты мамандардың жаңа буынын даярлау.
Студенттер бәсекелестердің қызметін талдауды және өнімді жылжыту стратегиясын таңдауды үйренеді. Олар нарықты зерттеумен айналысады, мақсатты аудиторияны анықтауды үйренеді, дизайнерлермен және маркетологтармен ынтымақтасып жұмыс жасайды. Оқу бағдарламасына сән индустриясындағы бренд менеджменті, сән индустриясының жарнамалық жобасы, сән индустриясының шығармашылық ойлауы, сән әлеуметтануы, қаржылық менеджмент және маркетинг, сән саласындағы бизнес практикасы сияқты пәндер кіреді.
Кәсіби қызмет саласы:
- жаппай және креативті костюм дизайны-жаппай және жеке киім өндірісіне арналған дизайн;
- киімді жобалау және модельдеу - авторлық костюм дизайны үшін киім дизайнының нұсқаларын жасау;
- костюм дизайнындағы костюм графикасы және цифрлық технологиялар-компьютерлік бағдарламаларды (Adobe Photoshop, Adobe Illustrator және т. б.) пайдалана отырып, авторлық эскиздерді әзірлеу;
- тігін өндірісінің классикалық технологиясы және өңдеудің инновациялық әдістері - авторлық бұйымның технологиялық картасын жасау;
- костюм қалыптастыру және 3D киімнің заманауи жобалары-көлемді костюм формаларын әзірлеу және киім макеттерін жасау;
- жеке стиль және имидж-клиенттің стилі мен имиджін дамыту;
- костюмдегі түс және костюм қатарының түсі – жеке дизайн топтамаларында коммерциялық колористикалық қатарлар жасау;
- сән және сұлулық қызметі-сән және сұлулық индустриясының даму тарихы
- шығармашылық ойлау сән индустриясы-дизайн ойлау сән индустриясындағы жаңа көзқарас
- киімді теңшеу және жекелендіру-жеке клиенттердің тапсырысы бойынша авторлық стиль жасау
Білім беру бағдарламаларға арналған презентациялар (.PPTX-форматта)
Құжаттар
Пәндер презентациялар және әдістемелік нұсқау:
Әдістемелік нұсқаулар, монография:
Профессорлық-оқытушылық құрамы
Кафедраның профессор – оқытушылар құрамы жалпы өнертану, көркем еңбек және дизайн салалары бойынша ғылыми-зерттеу, әдістемелік жұмыстарды жүргізуде. Сонымен бірге, студенттердің ғылыми жұмыстарына жетекшілік жасайды.
Кафедра «Дизайн и Мода»
Руководитель кафедры: Ким Ирина Степановна
Кафедраның ПОҚ тізімі:
- Байболов Қанат Сейтжанович
- Ким Ирина Степановна
- Джанпаизова Василя Мирзахмедовна
- Рахманкулова Жанат Абдыкадыровна
- Туракулов Баходур Сахибаевич
- Рахимов Бабур Фархадович
- Асилова Камила Саидбурхановна
- Камалбаева Куралай Қоңырбайқызы
- Байтелиева Жанна Елтановна
- Аширбекова Гулнур Шарипбековна
- Дайрабай Динара Дастановна
- Каюмова Умида Разакуловна
- Коваленко Ольга Андреевна
- Койланова Гаухар Жарасовна
Кафедраның профессор – оқытушылар құрамы бірнеше оқулық, оқу-әдістемелік құралдар, кредиттік технология жүйесіне негізделген оқу-әдістемелік кешендер (силлабус), пәндердің әдістемелік нұсқаулары, лекция жинақтары, ОБСӨЖ мәтіндері мен электронды оқулықтар т.б. әдістемелік құралдар жасады.
«Дизайн» кафедрасының ұжымы Қазақстан Республикасының халыққа білім беру, дизайн, мәдениет салаларында қызмет жасайтын білікті мамандарды және болашақ суретші, даярлауда аянбай еңбек етіп келеді. Кафедраның профессор – оқытушылар құрамы шығармашылық жұмыстармен айналысады және әртүрлі деңгейдегі Республикалық, халықаралық, облыстық фестивальдардың лауреаттары.
Кафедраның профессор – оқытушылар құрамы факультет, университет, аудан көлемінде өткізілетін іс-шаралардың барлығына белсене қатысып, өз үлестерін қосып келеді.