Ж. Тәшенев университетіндегі алғашқы PhD докторы

Оқу ордамыз белгілі қоғам қайраткері Ж. Тәшеневтің есімімен аталғалы алғаш рет PhD докторы дәрежесін Педагогика және психология білім беру бағдарламасы бойынша Жазира Абдуллаева еншіледі. 
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің диссертациялық кеңесі шешіміне сәйкес, 2023 жылы 27 қаңтарда әріптесіміз Абдуллаева Жазира Дайрабаевна 6D010300-Педагогика және психология білім беру бағдарламасы бойынша Философия докторы (PhD) дәрежесі атағын алды. 
Университет Вице-Президенті Оңалбай Аяшұлы Жазира Дайрабайқызын қабылдап, білім беру жолындағы еңбегі еселеніп, ғылыми ізденісі арта берсін деген тілектестік білдірді. 
Айта кетейік, Университетімізде 5 (PhD) дәрежелі оқытушылары мен 29 профессор, доцент, аға оқытушы дәрежелі ғылым кандидаттары бар.